Тақырыбы:»Кім тапқыр сайысы».
Мақсаты:Балаларды шапшаңдыққа баулып алған білімдерін саралау.
Мұғалім:Өнер қуған балалар өтер дейміз
Бір басына білімі жетер дейміз
Сайысқа келген оқушылар кезектесіп
Сұрақтарға жауап берсе екен дейміз.
1-ші сайыс»Кім жылдам?»кезеңі.
Математика пәнінен бес сұрақ.
Жанарың ойлы болсын
Білімің молдау болсын
Ортадан қолдау көрсін
Еліңнің көңілі толсын.
2-ші сайыс»Кім көп біледі?»кезеңі.
Дүниетану пәнінен бес сұрақ
Сендерге артар міндет көп
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-ана үмітін
Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.
3-ші сайыс»Сиқырлы сөздер»кезеңі.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып асықпа,қалыспа сен
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайысқа керек еді.
4-ші сайыс»Мақалдар»кезеңі.
Шопан,биші,ұстазда
Ғарышкерде,аспазда
Барлық,барлық,жақсыда
Әріптерден басталған.
5-ші сайыс»Дыбыстар әлемі»кезеңі.
Мұғалім:Ән құсын ұялатып жүрегіне,
Ұшырсын балдәурен жас ұлы еліне
Бүгінгі жастармыз Мәншүк құсап,
Айналсын елдің берік тірегіне.
Өнермен білімнің биігіне шыққан
Көбейсін білімділер әрбір тұстан.
Ата салт-дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз жасай берсін Қазақстан!-деп бүгінгі «Кім тапқыр» атты сайысымызды аяқтаймыз.