Сабақтың тақырыбы: Көктем.
Сабақтың мақсаты:1. Көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру,
сабақты табиғатпен байланыстыру, тіл байлығын
кеңейту, сөздік қорын молайту.
2.Танымдық белсенділігін арттыру. Көктемгі табиғат
құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.
3.Оқушыларды табиғатты аялай білуге сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері сұрақ-жауап,түсіндіру,ой козгау,топқа бөлу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер , слайд , интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: сауат ашу , бейнелеу , математика , музыка.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
Билингвизм әдісі бойынша үш тілде амандасу.
Саламатсыз ба!
Здравствуйте!
Gudmorning!
2.Психологиялық кезең:
Қайырлы күн, күнім, далам, арманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсңмдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі.
Балалар қазір қандай сабақ?
Дүниетану сабағы.
“Саған , маған әдісі ”
Наурыз тобы сұрағын сәуір тобына қояды, ал сәуір тобы сұрагын мамыр тобына , мамыр тобы наурыз тобына қояды.
а)Табиғат дегеніміз не?
ә)Қыс мезгіліне байланысты өлең оқы.
б)Қандай қысқы еңбек түрлерін білесіңдер.
2. Жаңа тақырыпқа кіріспе.
1)Ой қозғау.
-Жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атайық?
-Қыстан кейін қандай мезгіл келеді?
-Көктем деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларыңа келеді, ненің бейнесін бейнелейді ?Сурет салуғада болады, жазуға да болады.
СХЕМА
Жаңа сабақ : “Көктем”
Оқулықпен жұмыс.
Іштей оқу.
Тізбектей оқу.
Сұрақ-жауап .
а)Көктемнің келгенін қандай белгісі арқылы байқауға болады?
ә)Ағаштармен бұталарда қандай өзгеріс болады?
б)Ерте көктеп гүлдейтін гүлдер.
1-ші слайд.
Өлеңмен жұмыс ( 3-топқа өлең беріледі)
1-топ.
Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған,
Күттім қашан сайрауын.
Сол ұяны талдағы ,
Қараторғай мекендеп,
Күні бойы сайрайды,
Жайлы пәтер екен деп.
2-топ.
Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тонын жер шешті.
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп .
Жерді Жапты көк кілем,
Ондай кілем жоқ, білем!
Көктем келді күлімдеп,
“Міне саған гүлім!”-деп
3-топ.
Көктем күні күркіреп ,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
“Көктем күн” шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап су атты,
Сай-саламен су ақты.
-Суретті қалай атайсыңдар?(балалар өлеңдерін оқып,сурет салуға кіріседі)
-ал енді өз суреттеріңді көрсетіп қорғайық. Не бейнеледіңдер? Сендер қалай атадыңдар?
1-топ: Құстың ұясы.
2-топ:Көктем келді.
3-топ: Көктем.
5. “Қайсысы артық” ойыны.
1-топ: Сәуір,күз,бәйшешек.
2-топ:Мамыр ,жаз,қызғалдақ.
3-топ:Наурыз,қыс, жауқазын.
6.Рефлексия.
Сабақты қорытындылау.
Слайд. Көктем мезгілі туралы ойымызды қорытайық.
Күн мен түн теңеледі.Қар ериді.Күн жылынады.Мал төлдейді.Ағаштар бүршік жарады. Құстар келеді.
Ән: Көктем.