Сабақ жоспары. Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көз гигиенасы. 8 класс.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп


Мусина Кубатал Амангельдиевна

Қысқа мерзімді жоспар

Биология

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы

Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру гигиенасы.

Мақсаты

Көру мүшесінің құрылысы және қызметімен танысып, гигиенасын үйрену.

Күтілетін нәтижелер


Көру мүшесі адам үшін көздің маңызын түсінеді.

Көру анализаторының құрылысын біліп, қабаттарын бірі-бірінен ажыратады.

Көру мүшесінің қызметінің бұзылу себептерін болжайды

Керекті жабдықтар

Көру жітілігін анықтауға арналған кесте. Көз муляжы, көргіштікті анықтайтын плакат, қалақша

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 мин

Сыныппен амандасамын

3 топқа бөлініп отырады.

«Сұрақты ұтып ал» әдісімен өткен тақырыпты өзектеу

Сәлемдеседі.

Топқа бөлінеді.

Өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтап, қорытындылайды.

Тұсаукесер

4 мин

Бейнеролик пен тренинг арқылы тақырыпты ашуға ой тастау.

1.Көрсетілген бейнероликтен не көрдіңдер?

2.Бүгінгі тақырып қай сезім мүшесіне арналады деп ойлайсыңдар?

3.Көздеріңді жұмып, менің қолымдағы доптың пішінін, көлемін, түсін затты көрмей тұрып айта аласыңдар ма?

Бейнебаянды қарай отырып визуальды есте сақтау жүзеге асырды. Әр түрлі болжамдар айтады, сыни ойлайды. Өткізілген тренинг арқылы көздің маңызын, дүниені танудағы орнын түсінеді.

Негізгі бөлім

15 мин



















18 мин


«Джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру

І топ: Көздің құрылысы мен қызметі.

ІІ топ: Көру анализаторлары. Көру орталығы. Сығырлық және қырақтылық, олардың алдын алу.

ІІІ топ: Көру гигиенасы. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Кеңейтілген тапсырма:

[pic]


ФБ: Басбармақ

Суммативті бағалау. №5 зертханалық жұмыс. Көрудің жітілігін анықтау. Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу.

Өз пікірлерін айтады. Тақырыпшалар туралы мәліметтермен танысып топта талдайды. Ең жақсы білетін оқушыны топта қалдырып, басқа топқа ауысып олардың мәліметтерімен танысады. Өз тобына оралғанда топта қалған оқушыға жинақтаған мәліметтерімен бөліседі.

Көру мүшесі туралы жалпы мәлімет жинақтайды, бөліктерін ажыратады, сипаттайды, маңызын болжайды.




Әр топ өзге топты басбармақпен бағалайды.


Нұсқаулық бойынша мұғалімнің көмегімен зертханалық жұмысты орындап қорытынды жасайды.

Қорытынды

3 мин


Рефлексия

2 мин





1 мин

Үйге тапсырма

Эстафета әдісімен оқушылар бір біріне сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беріп жарысады.

«Алма ағашы»

Жеміс – сабақ жемісті өтті

Гүл – жаңа тақырып туралы жетілдіруім керек

Жапырақ – түсінбеген мәліметтерім көп.


§20 оқу, 69-беттегі кестені дәптерге орындап келу.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Бір-бірін бағалайды.

Жапырақ, гүл,жемістер арқылы жаңа тақырыптан алған әсерлерін білдіреді.




Күнделіктеріне жазады.


Зертханалық жұмыс №5.

Тақырыбы: Көрудің жітілігін анықтау .Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу.

Мақсаты : Көрудің жітілігін анықтау.

Қажетті құрал -жабдықтар: Көрудің жітілігін анықтайтын кесте.

(мектеп медбикесімен орындалатын жұмыс)

Орындалатын тапсырмалар:

  1. Суреттен көздің құрылысын қара.

[pic]

2.Кестені толтыр:

3.Соқыр дақты анықтауға тәжірибе жасаңдар.Сол көздеріңді алақанмен жауып, суретті көздеріннен 15 см арақашықтыққа қойыңдар. Оң көзбен айқышқа қарап, кітапты жайлап өздеріңе жақындатындар. Содан кейін үш шеңбердің біреуі көрінбей қалғанша алыстатыңдар. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады.

4.Көрудің жітілігін анықтайтын кестені ыңғайлы жерге іліңіз. Одан 5метр арақашықтықты өлшеңіз. Көздің көру жітілігін анықтау үшін бірініші оң көзінізді жауып, сосын сол көзіңізді жауып, қандай нәрселерді көргеніңізді. Қалай көргеніңізді дәптерге жазыңыз.

[pic]

    1. Неге ақ қарға қарау зиян?

Қорытынды: Көрудің жітілігін қалай анықтау керектігін үйренді.