Бекітемін:____________ Сынып: 7 «В» Сабақ №57
Күні , айы, жылы: 19.04.2016 ж
Тақырыбы: «Сүтқоректілер. Кластың жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі.»
Мақсаты: Оқушыларға сүтқоектілер класының жалпы сипаттамасына және құрылыс ерекшелігіне тоқталу арқылы білім беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға сүтқоектілердің ішкі және сыртқы құрылысы туралы мағлумат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп талаптануын арттыру.
Тәрбиелік Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: иттің қаңқасы, ішкі құрылысының суреттері
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткенді қайталау
Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)
Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)
Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)
Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)
Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)
Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)
Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)
Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?
Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм –колибри)
Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
Жаңа тақырып
Сүтқоектілер класының жалпы сипаттамасы
Сүтқоректілердің тіршілік ортасы
Сүтқоректілердің ас қорыту жүйесі
тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.
Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі.
Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін (мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.
Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.
Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.
Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.
Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді.
Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған. Жануар әр түрлі дыбыс шығарып, өз туыстастарына, үйіріне қауіп-қатер туралы, өзінің қай жерде екені және т. б. туралы хабар беріп, білдіреді.
Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несеп (зәр) несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл жүйеде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән ерекшеліктер бар. Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп бүйректен несеп түтігі арқылы клоакаға жиналады да, сыртқа жиі шығарылады. Бұл – құстың ұшуымен байланысты ерекшелік, яғни оның денесін жеңілдететін бейімділік қасиеті болып табылады.
Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Жүрек қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөліп, қан араласпайды. Дене мүшелеріне таза артерия қаны таралып, өкпеге вена қаны келеді. Бұл жануарларда зат алмасу қарқынды жүреді. Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес. Оларды жылықанды жануарларға жатқызады. Бұл жануарлар жер бетінің барлық аймақтарында таралған.
Бекіту
№ 11 зертханалық жұмыс. Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.
Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.
Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.
Мақсаты: сүтқоректілердің сыртқы құрылысын мен ішкі құрылысын анықтап,зерттеу
Құрал-жабдықтар: сүтқоректілердің суреттері, ылғалды препараттары, сызбанұсқалары, қаңқасы.
Жұмыс барысы.
1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы өздеріне тән белгілерді тауып, ерекшеліктерін т [pic] алдау.
2. Сүтқоректілердің қаңқасын талдау. Оқулықтағы суретпен салыстыру.
3. Ылғал препараттан ішкі құрылысындағы мүшелердің орналасу тәртібімен танысу. Ылғал препарат болмаса, кестеден талдау.
Қорытынды.
Біліміңді тексер:
Сүтқоректілерде мойын омыртқаларының саны қанша;
Сүтқоректілерде құстармен салыстырғанда қандай мүшелер түзілген;
Сүтқоректілердің артқы аяғын құрайтын сүйектерін ата;
Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады;
Сүтқоректілердің бассүйегі қандай бөлімдерден тұрады;
Алдыңғы аяғының сүйектерін ата;
Сүтқоректілердің тістері қайда орналасқан;
Қабырғаларының саны қанша;
Сүтқоректілердің қарны неше бөлімнен тұрады, оларды ата.
Сүтқоректілерде тістің топтарын ата.
Қорытындылау
Үйге тапсырма: 58 параграф