Бекітемін
Мектеп директорының оқу
жұмысы жөніндегі орынбасары:
____________ Г.Бакешова
« 26 » қараша 2016ж
Сабақ: Биология Мектеп:Нұржау жалпы орта мектебі Тақырыбы: Сегізаяқтар, кальмар, каракатица. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.
Мұғалімнің аты-жөні: Дошахова Алтынай
Сынып:7«а», «ә»
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабаққа негізделген
Оқу мақсаты
Басаяқты ұлулар класының өкілдерінің сегізаяқтар, кальмар, каракатицаның құрылысындағы ерекшеліктері мен тіршілік орталары жөнінде түсінік беру.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар:
Түрлендірілген тапсырмаларды топпен,жұппен орындау арқылы бір –біріне көмектесе білу арқылы өз білімдерін тұрақты дамытуға қол жеткізу
Тілдік мақсат:
Оқушылар:
*Қосымша материалды пайдаланып, мазмұнын айта алды.
Алдыңғы оқу
4 мин
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер. Бір бірімізге сәттілік тілейік.
2 топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру
І-топ. Сұрақ жауап
ІІ-топ Бәйге сұрақтар
(жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар)
Жоспар
Сегізаяқтар, кальмар, каракатица.
Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.
Құрал – жабдықтар
Флипчарт, маркер, стикер, эл.оқулық
Уақыты
Мұғалім іс әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
1 мин
Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды тексеру, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушыларға тілеген тілектен кейін алғыстарын білдіріп, саббаққа зейіндерін аударады.
1 мин
Сабақ басталмас бұрын топтарға «Бағалау бетшесін» тарату. Мұнда сынып топқа бөлінді, топ басшылары топ мүшелерін бағалайды, дискрипторлар таратылады
Оқушылар берілген дискрипторлар бойынша қаншалықты орындағанын түсіндіреді.
5 минут
Білу
Миға шабуыл Үй тапсырмасын сұрау
Өрмекші тор әдісі
Қосжақтаулы ұлулардың тіршілік ету орыны?
Қосжақтаулы ұлулардың қоректенуі?
Неліктен қосжақтаулы ұлулар деп аталған?
Айқұлақтың ауызы денесінің қай бөлігінде орналасқан?
Айқұлақтың ішкі құрылысы?
Планктон грекше қандай мағына береді?
Кемеқұрттың ағаштарға зияны?
Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру, тапсырманы топ болып
Оқушылар қызығып білуге ұмтылады.
Ребусты шешу арқылы тақырыпты ашады. орындау
6 минут
Түсіну. Жаңа тақырыпты түсіндіру
І-топ Сегізаяқтар, кальмар, каракатица ерекшеліктер.
ІІ-топ Сегізаяқтар, кальмар, каракатицаслайд жасау
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады. Постер, слайд
6 минут
Қолдану. Сәйкестікті тап
Өзіндік жұмыс:
5 минут
Талдау Биологиялық диктант
1.Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады.
2. Аяғы басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатады.
3. Каракатицалар – басаяқты ұлу. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды.
4 Сегізаяқ – Су түбінде баяу қозғалады.
5. Кейбір елдегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.
3 минут
Жинақтау «Сен маған мен саған»
Басаяқты ұлулар класының өкілдерін ата?
Басаяқты ұлуларда бақалшақ орналасқанба?
Басаяқты ұлулар қайда тіршілік етеді?
Реактивті қозғалу дегеніміз не?
Каракатицалардың қорегі?
Сиялы сұйықтығын шашып жауынан қорғанатын ұлу?
Оқушылар сен маған мен саған сұрақ жауап бойынша бір – біріне сұрақтар қояды.
1 минут
Үйге тапсырма: Айқұлақ (немесе інжуір) және мидиялар. Олардың тіршілік орталары.
Күнделіктеріне толтырады
1 минут
Бағалау критериалары:
Жиынтық баға арқылы бағалау;
Берілген бағалау парағына ұпай салып, жиынтық баға қойылады.
1 минут
Рефлексия кері байланыс сәті
Жаңа тақырыпты меңгердің бе?
Стикер арқылы әр оқушы өз пікірін білдіреді.