6 класс Биология 2 тоқсан
1 нұсқа
1.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым
2. Вегетативті мүшелердің тамырлар жүйесі:
а)сабақ ә)тамыр б)жапырақ
3. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)қосалқы ә)жанама б)негізгі
4. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:
а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар
5. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:
а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар
6. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:
а)шашақ тамыр ә)кіндік тамыр б)жем тамыр
7. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:
а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр
8. Сабақты жуандатып өсіретін қабат:
а)камбий ә)сүрек б)қабық в)өзек
9. Органикалық заттар қорға жиналатын қабат:
а)сүрек ә)қабық б)өзек в)тін талшығы
10. Су мен минералды заттар қозғалатын қабат:
а)қабық ә)сүрек б)тоз жасушалары в)тін талшықтары
11. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:
а) өзек ә)камбий б)сүрек в)қабық
12. Сабақ тыныс алатын, жасымықша жасушалары орналасатын
қабат: а) камбий ә)сүрек б)өзек в)тоз
13. Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер: а)қарағай ә)жүгері б)емен в)шырша
14. Бір ғана тақтасы бар жапырақ:
а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ
15. Қоректік заттар қорға жиналатын жапырақ:
а)шырынды ә)тікенді
б)мұртша в)қабыршақ
16. Өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды
б)тікенді в)мұртша
17. Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ:
а)тікенді ә)мұртша
б)қабыршақ в)шырынды
18. Бір сағақта бірнеше жапырақшалардың болуы:
а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ
19. Тік сабақты өсімдіктер:
а)қайың ә)жүзім б)бидай в)қауын
20. Шырмалған сабақты өсімдіктер:
а)жөке ә)шырмауық б)бақбақ в)құлмақ
6 класс Биология 2 тоқсан
2 нұсқа
1. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері
а)тұқым ә)жапырақ б)жеміс в)сабақ г)гүл ғ)тамыр
2. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сынудан, майысудан қорғайды:
а) жабын ұлпасы в) негізгі ұлпа
с) түзуші ұлпасы д) тірек ұлпасы
3. Жасушалары өте ірі, онда қоректік заттарды қорға жинайды:
а) жабын ұлпасы в) негізгі ұлпа
с) түзуші ұлпасы д) тірек ұлпасы
4. Өсімдіктің жарақаттанған жерінің қалпына келуін қамтамасыз етеді:
а) жабын ұлпа в) түзуші ұлпа
с) тірек ұлпа д) өткізгіш ұлпа
5. Тін талшықтары орналасқан қабат:
а)камбий ә)қабық б)сүрек в)өзек
6. Қабық пен сүректің арасындағы қабат:
а)сүрек ә)камбий б)өзек в)қабық
7. Сабақтың органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:
а)өзек ә)камбий
б)қабық в)тін талшығы
8. Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:
а)түйнек ә)тамырсабақ б)тамыр
9. Бүршіктердің нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:
а)мұртша ә)тікенді б)шырынды в)қабыршақ
10. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды
б)тікенді в)мұртша
11. Ылғалды үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)тікенді б)мұртша в)шырынды
12. Тікенді жапырақты өсімдіктер:
а)қарлыған ә)асбұршақ б)кәріқыз в)ақ қараған
13. Аталық гүлдердің бір өсімдікте, аналық гүлдердің екінші өсімдікте болуы:
а)бір үйлі ә)екі немесе қос үйлі
14. Аталық тозаңдары жетілетін орын:
а)жіпше ә)жатын б)тозаңқап в)күлте
15. Аналықтың тозаң қабылдайтын бөлімі:
а)мойны ә)жатыны б)жіпше в)аузы
16. Гүлдерінде шірнесі бар өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақдене арқылы ә)өздігінен б)жел арқылы
17. Тозаңдары майда, жеңіл өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен тозаңдану ә)бунақденелілер арқылы б)жел арқылы
18. Тозаңдануы бір гүлдің ішінде болатын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)өздігінен б)бунақдене арқылы
19. Түйнекті өсімдіктер:
а)орамжапырақ ә)жер алмұрты б)картоп в)пияз
20. Тозаң ұясы бар гүл бөлігі:
а)аналық ә)күлте
б)аталық в)гүлтабан
6 класс Биология 2 тоқсан
3 нұсқа
1. Аталық жіпшесі ұзын, тербеліп тұратын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен ә)бунақдене арқылы
б)жел арқылы
2. Гүлдері аңқыған хош иісті өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен ә)бунақдене арқылы б)бунақдене арқылы
3. Қабығы қатты, сүректенген жеміс:
а)шырынды жеміс ә)құрғақ жеміс
4. Сыртқы қабығы жұмсақ, жұқа, ішкі бөлімі сүйектенген жеміс:
а)жидек тәрізді ә)жидек б)сүйекті
5. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар жеміс:
а)бұршаққап ә)бұршаққын б)қауашақ в)дәнек
6. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)негізгі ә)жанама б)қосалқы
7. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:
а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар
8. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:
а)жанама тамыр ә)қосалқы тамыр
9. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:
а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр
10. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну
11. Гүлсеріктің ішкі бөлігі :
а)аналық ә)аталық
б)тостағанша в)күлте
12. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын жеміс:
а)қауашақ ә)бұршаққын
б)бұршаққап в)тұқымша
13. Бір тұқымды, тұқымы жеміс серігімен тұтасып біріккен жеміс:
а)жаңғақ ә)тұқымша б)қауашақ в) дәнек
14. Сыртында су жұқпайтын түктері бар өсімдіктердің тұқымдарының таралу жолы:
а)бунақденелілер арқылы ә)су арқылы б)жел арқылы в)өздігінен
15. Сыртында ілмешектер, тікенектер, желімтек түктері бар тұқымдардың таралу жолдары:
а)жануар, бунақденелілер, адам арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен в)су арқыл
16) Өрік, шабдалы, шие, жаңғақ сүйектері:
а) жабын ұлпа в) түзуші ұлпа
с) тірек ұлпа д) өткізгіш ұлпа
17. Хлоропластары бар тірі жасушалар тобы:
а) жабын ұлпа в) тірек ұлпа
с) түзуші ұлпасы д) фотосинтездеуші ұлпа
18. Пиязшықты өсімдіктер:
а)сарымсақ ә)картоп б)лалагүл в)бетеге
19. Түйнекті өсімдіктер:
а)орамжапырақ ә)жер алмұрты б)картоп в)пияз
20. Тамырсабақты өсімдіктер:
а) бидайық ә)қызанақ б)бетеге в)қызғалдақ