Күні:29.11.2014ж
Пәні: биология
Сыбағы: 8 «А»
С/тақырыбы: Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
С/мақсаты: А) Білімділік: Оқушылар адам қаңқасын және сүйектің
сынуы мен сіңір созылуын түсінеді;
Ә) Дамытушылық:Оқушылар адам қаңқасымен таныса
отырып, сүйек зақымданғанда алғашқы көмек жасауға
дағдыланады;
Б) Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға
тәрбиеленеді.
С/әдісі: өзара белсенділікті арттыру
С/түрі: аралас
С/ көрнекілігі: плакаттар, интерактивті тақта, муляж, оқулық
С/ технологиясы: СКТ
С/ құрылымы: I. Ұйымдастыру
(Амандасу, оқушыларды түгендеу)
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап
Сипап сезу дегеніміз не?
Адам үшін иіс сезу мен дәм сезудің маңызы қандай?
Неліктен көзді жұмып, мұрнымызға сұқ саусақты тигізе аламыз?
Неліктен біз суда еритін заттардың дәмін сезе аламыз?
Тамақ қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады?
Мылқау суреттер сөйлейді. (оқушылар суретпен таныстырады)
[pic]
[pic]
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Тірек-қимыл жүйесін не құрайды?
Қаңқа қандай бөлімдерден тұрады?
(Оқушылардың ойын толықтырып, түзетіп жаңа сабақты бастаймын. Оқулықпен оқушыларға СКТ жұмысын ұйымдастырамын.)
Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері, қаңқадағы белгілі бір орны болады.
Қ а ң қ а
Бассүйек
Тұлға
Иық белдеуі
Қол сүйектері
Жамбас белдеуі
Аяқ сүйектері
Бассүйек Ми сауытынан
Бет бөлімі
Ми сауыты Маңдай
Шүйде
Жұп самай, төбе сүйектері
Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер-қозғалмайтын үстіңгі және қолзғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды.
Бет бөліміне Бет
Мұрын
Таңдай
Тұлға қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысын құрайтын сүйектер жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады.
Мойын омыртқа – 7
Арқа омыртқа – 12
Бел омыртқа – 5
Сегізкөз – 5
Құйымшақ – 4-5
Кеуде қуысы Арқа омыртқа
қабырға (12 жұп)
төс
Иық белдеуі
Екі жаурын
Екі бұғана
Қол сүйектері Тоқпан жілік
Кәрі жілік
Білек
Шынтақ сүйек
Қол басы Білезік
Алақан, саусақ
Жамбас белдеуі Сегізкөз бөлімі
Екі жамбас сүйектері
Аяқ сүйектері Ортан жілік
Шыбық
Асықты жілік Еркін қозғалатын
сүйектер
Толарсақ
Табан
Бақай
Оқулықпен жұмыс
Адам сүйектері құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Қысқа сүйектерді ата?
Жалпақ сүйектер қайда орналасқан?
Жіліктер қандай қызмет атқарады?
қысқа омыртқа, білезік, алақан
Адам сүйектері жалпақ жауырын, бас сүйектің ми сауыты, бет
сүйектері, қабырғалар, жамбас сүйектері
ұзын жіліктер жатады.
Сүйектер
қозғалмайтын қозғалмалы
жартылай қозғалатын
Сүйектер қалай зақымданады, қандай көмек көрсетесіңдер?
Сүйектер мен буындардың зақымдануы жарақаттың жиі кездесетін түріне жатады. Оқыс қимылдағанда сіңір зақымданады немесе созылады. Зақымданған буынның айналасы ісіп, қатты ауырады. Адам абайсызда қатты жығылса немесе оқыс қимыл жасаса, сүйек басының таюы байқалады. Зақымданған буын ісіп, қатты ауырады.
Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.
Сүйек сынуы ашық
Жабық
Бас сүйек пен омыртқа жотасының сынуы өте қауіпті. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамды қозғалтпай, тез арада жедел жәрдем шақыру керек.
IV. Бекіту
Ашық тест тапсырмалары
Артығын алып тастаңдар.
А) ортан жілік
Ә) үлкен жілік
Б) кіші жіліншік сүйегі
В) кәрі жілік
Кеуде қуысынан тыс орналасқан мүше
А) өңеш
Ә) бүйрек
Б) жүрек
В) кеңірдек
Омыртқа жотасының қандай бөлімдеріндегі омыртқалар саны бірдей?
А) мойын және арқа
Ә) бел және сегізкөз
Б) бел және арқа
В) мойын және сегізкөз омыртқалары
Жалпақ сүйектерге жататындар?
А) қабырға, жауырын
Ә) кәрі жілік, шынтақ сүйегі
Б) асықты және ортан жілік
В) бұғаналар
Қаңқаның сүйектену процесі қай кезде аяқталады?
А) 15 жасқа келгенде
Ә) 10 жасқа келгенде
Б) 30 жаста
В) 22-25 жас шамасында
«Сіңір созылғанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек» көрсету (оқушылар көрсетеді)
V. Үйге тапсырма беру
§21 оқу, кесте толтыру
VI. Бағалау