Күні: 21.11.16
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қосжақтаулылар классы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім білік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілік: Табиғаттты қорғауға және табиғатқа сүйіспеншілік арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың кезеңдері
Сабақты ұйымдастыру
- оқушыларды түгендеу (1-2 мин)
- сабақтың тақырыбымен таныстыру.(1 мин)
Үй жұмысын тексеру: Ұлулар типіне жататын жәндіктер
Сұрау әдісі : ауызша сұрау . (10-12 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру. (20 мин.)
Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта , теңізде , тұщы суқоймаларда , өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндер де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаулардан тұрады. Сондықтан оларды қосжақтаулы ұлулар деп атайды. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан құралған. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарында 20 мыңға жуық түрлері мекендейді.
[pic]
Басаяқты ұлулар классы. Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшағы жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқты ұлулардың бір өкілі – кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар.
[pic]
Сегізаяқ сутүбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлап» ұйықтауға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауышты төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға батады. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді.
[pic]
Сабақты бекіту: Жазбаша жұмыс. (5 мин)
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға ортақ сұрақ қойылады:- Бүгінгі сабақта не білдік.(1-2 мин.)
Үй тапсырмасы: Қосжақтаулылар классына қосымша мәлімет дайындау.(2 мин)
Бағалау. (5 мин)