Биологиядан сабақ жоспары Шаршыгүлділер тұқымдасы (6 - сынып )

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: биология

Күні: 15.02.16

Сыныбы:

Тақырыбы: Шаршыгүлділер тұқымдасы

Мақсаты: оқушыларға шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер жөнінде мәлімет бере отырып, гүлді өсімдіктердің қазіргі кездегі саны жағынан ең көп таралған топ екенін түсіндіру, мәлімет беру.

Күтілетін нәтижелері: шаршыгүлді өсімдіктер туралы түсінік бере алады. Түрлеріне мысал келтіре алады. Шаршыгүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оларды қорғау және көбейту керектігін түсінеді.

Негізгі идеялары: шаршыгүлді өсімдіктердің маңызын түсіну, оларды қорғау және көбейту.

Қолданылатын әдістер: СТО, АКТ, дарынды және талантты балаларды анықтау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Пайдаланылатын әдебиеттер: Биология, 6 – сынып, Р. Әлімқұлова, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева, Қ.Қайым, Қ.Жұмағұлова. Алматы «Атамұра» 2015ж.

Ұйымдастыру бөлімі

(3 мин)

Оқушыларға карточкалар үлестіру ( күн, бұлт, бұлт арасындағы күн).

Мен сіздерге мынадай көңіл – күймен келдім. (күнді көрсету)

Ал сіздердің көңіл – күйлеріңіз қандай?

Әрбір оқушы өзінің көңіл – күйін білдіретін карточканы көтереді.

Топқа бөлу

( 1 мин)

Оқушыларға үлестірме материалдар тарату арқылы топқа бөлемін.

1 – топ. «Ашықтұқымдылар» тобы.

2 – топ. «Жабықтұқымдылар» тобы.

Оқушылар берілген қағаздарды таңдап, екі топқа бөлініп отырады. Әр топ өз топбасшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасын тексеру

( 5 мин)

Үй тапсырмасы Бинго ойыны арқылы тексеремін.

Оқушыларжеке –жеке келіп сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақты түсіндіру

( 15мин)

Шаршыгүлділер тұқымдасы тақырыбын барлық оқушылар оқиды.

Оқушылардың барлығы берілген тапсырманы орындайды.

Бекіту

( 2 мин)

Зертханалық жұмыс.

Оқушылар зертханалық жұмыстарын орындайды.

Қорытынды

( 15 мин)

Менен сұрақ, сізден жауап тапсырмасы.

Оқылған сұрақтарға оқушылар қол көтеріп жауап береді.

Бағалау

( 4 мин)

Бағдаршам бойынша бағалау.

Оқушылар бүгінгі сабақты қалай түсінгендігін бағдаршам түстері бойынша көрсетеді.

Үй тапсырмасы

Параграф 42.