Күні: 07.11 11 биология сабақ № 9
Сабақтың тақырыбы: Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу
Білімділігі : Оқушыларға табиғи сұрыптау туралы мағлұмат беру,түрлерімен танысады Дамытушылығы : Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру,өз ойын жинақтап жеткізеді
Тәрбиелігі: Оқушылардың көзкарасын қоршаған ортаға қалыптастырады.
Күтілетін нәтиже
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаудың айырмашылықтарын түсінеді. Қолтұқымдармен іріктемелердің шыққан тегінің бір екендігін дәлелдей алады.
Негізгі терминдер
Іріктеме,қолтұқым,табиғи сұрыптау,қолдан сұрыптау
Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақтың түрі
Ұжымдық ойлау
Құрал-жабдықтар
Тірек – сөздер. Суреттер, кеппешөптер
Қолданылатын тәсіл
Сұрақ жауап,баяндау
Пәнаралық байланыс
Тарих. әдебиет
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, психологиялық жағдай туғызу
ІІ. Білу
Бидай өнімін жақсартумен айналысқан кім?
Жаңа формалардың түзілу процесінің бір принципін атаңыз?
Ч. Дарвин эволюциялық процестің механизмін ашуда қай елдің ауыл шаруашылығына мән берді?
Қолдан сұрыптаудың негізін қалаған ғалым?
Үлкен жемсаулы кептер?
Адам қолымен шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің қасиеттері мен организмдердің өзгергіштігі арқылы ғана болады деп түсіндіру жеткіліксіз екендігін алғаш байқаған ғалым.
Галлеттің бидай өнімін жақсартуды бастаған жылы:
Ч. Дарвин Лондонда Галлеттің шығарған көпмасақты бидай іріктемесін көрген жыл.
Ч. Дарвиннің үй хайуанаттары және мәдени өсімдіктердің өзгеруі атты еңбегі шыққан жыл
Үлкен жемсаулы кептер жердегі жемді өзі жей алмайды, неге?
ІІІ. Түсіну
Мағынаны тану
Табиғи сұрыпталу дегеніміз-өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын,белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімделген даралардың тірі қалуы Табиғи сұрыпталу дегеніміз-өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын,белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімделген даралардың тірі қалуы
Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі. Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес жүреді Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес жүреді
Тіршілік үшін күрес дегеніміз-бір түр ішіндегі,бір түр мен екінші түр арасындағы және түрлер мен қоршаған орта арасындағы ұрпақтарының өсімталдылығын қамтамасыз ететін даралардың қарым-қатынасының күрделі жиынтығы Тіршілік үшін күрес дегеніміз-бір түр ішіндегі,бір түр мен екінші түр арасындағы және түрлер мен қоршаған орта арасындағы ұрпақтарының өсімталдылығын қамтамасыз ететін даралардың қарым-қатынасының күрделі жиынтығы Тіршілік үшін күрес. Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым- қатынастың жиынтығы. Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым- қатынастың жиынтығы.
Дарвин тіршілік үшін күрестің негізгі 3 формасын атады: Дарвин тіршілік үшін күрестің негізгі 3 формасын атады: Тіршілік үшін күрес ТүраралықТүрішілік Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес Түраралық күрес. Әртүрлі түрге жататын даралар арасында жүреді. Мысалы: түлкілердің қояндарға шабуылы (жыртқыштық), қасқыр мен түлкі жемтігі үшін таласады (конкуренция-бәсекелестік), діңқұлақ пен ағаш (паразитизм).
Түрішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасындағы күрес. Мысалы: екі ақ аюдың өз тамағы үшін күрес (конкуренция).
Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес. Құрғақшылықпен, суықпен, нөсермен т.б. күрес.Мысалы: көптеген өсімдіктер қары аз, аязды суықтарда қырылып қалады, сонымен қатар аяз кезінде топырақта тіршілік ететін көп ағзалар қырылады.
Табиғи сұрыпталу формалары Қозғаушы сұрыпталу Тұрақтандырушы сұрыпталу.
Қоршаған орта тұрақсыздығында байқалады, жаңа түрлердің түзілуіне әсер етеді
ІV. Қолдану
| Постер жасау және қорғау Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі Түрішілік және бәсекелестік күрес Түраралық тіршілік үшін күрес Қолайсыз орта жағдайларымен күрес
|
V. Талдау | Дарвин қандай еңбегінде «табиғи сұрыпталу» деген ұғымғы ғылымға енгізді Табиғи сұрыпталу дегеніміз не Дарвин тіршілік үшін күрестің қандай тобын ажыратты
|
VI. Жинақтау | Қолайсыз орта жағдайлары мен күрес қай кезде болады? Қолдан сұрыптау табиғатта жүзеге асады ма? Түраралық тіршілік үшін күрес қай кезде жүреді?
|
VII. Қорытынды
| Табиғи сұрыпталу дегеніміз-өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімділген даралардың тірі қалуы [pic] |
VIII. Үй тапсырмасына нұсқау беру | § 8 оқу. В-С тапсырмаларын орындау |
Тексерген __________________________________Б.Т.Сағатов