Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтын тақырыбы: Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты: Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының ерекшеліктерін атқаратын қызметіне сай бүйректегі құрылымын анықтау. Зат алмасу процесінің соңғы өнімдерінің шығуының мәнін, олардың адам организмінен шығу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлығын, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың үйлесімді жұмыс жасауын қалыптастыру. Оқу үрдісінде әр оқушыны қабілетіне сай шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Экран, проектор, компьютер т.б.

Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдыстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

V.Қорытынды.

І.Сәлемдесу. Оқушылардың класта орналасуын, қатысуын, дайындықтарын, тәртіптерін қадағалау. (1мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сұрақтарға жауап. /Флипчарт №1/

1.Ас қорыту жолының ұзындығы шамамен қанша болады? /8-10 м/.

2.Ас қандай мүшеде ағзаға сіңеді?

3.Өңештен кейін ас қайда барады?

4.Асқазанның сыйымдылығы қанша?

5.Тістер туралы не білесің?

6.Ашішек пен тоқішектің қосылған жерінде не бар?

7.Бауырдың салмағы қанша? Қандай қызмет атқарады? /1500 г/.

2.Суреттен асқорыту мүшелерін орналастыру. /Флипчарт №2,№3/

ІІІ.Жаңа сабақ. /флипчарт №4/.


Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер

2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі


Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

[link]   (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

IV.Жаңа сабақты бекіту. /Бейне сұрақ/.

1.Зәр шығару мүшелерін ата. /бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі/.

2.Адамның бүйрегі қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні қандай? /бүйрек құрсақ қуысында орналасқан, салмағы 150 г, үрмебұршақ пішінді жұп мүше/.

3.Бүйрек арқылы бір тәулікте қанша қан ағады? /Бүйректен тәулігіне1500 – 1700 л қан өтеді. Яғни әр 5 минут сайын ағзадағы қан бүйрек арқылы өтеді/.

4.Қуық қандай қызмет атқарады? Сыйымдылығы қанша? / Құрамында зиянды заттары бар су бүйрек астауына, несепағар арқылы қуыққа жиналады. Қуықтың сыйымдылығы 400-500 мл.болады/.

5.Зәр шығару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылымды ата. /Зәр шыңару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылым урология деп аталады. Емдейтін адам уролог деп аталады.

IV. Қорытынды. Мұғалім тақырыпты қорытындылап, өз ойын оқушы ойымен ұштастырады. Ойын «Кім жылдам?»

Бүйректің жұмысы қалыпты жағдайда болу үшін не істеу керек?

Бүйректің жұмысы қандай жолмен реттеледі?

Бүйрек қайда орналасқан?

Ересек адамның бүйрегінде әр минут сайын түзілетін қанның мөлшері?

Бүйрек пішіні

Зәрдің пайда болу механизмі

І – реттік зәрдің пайда болуы

ІІ – реттік зәрдің пайда болуы

Нефрон деген не?

Үйге тапсырма. §53 оқу. 123 – сурет.