Сыныптан тыс сабақ Биология және химия апталығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



«Биохимиялық ойын»

Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология,химия пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: танымдық сайыс


Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Жүсіп Баласағұн


Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ»атты жаратылыстану апталығында өткелі отырған «Биохимиялық ойын» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер.
Сайысқа қатысушы оқушылармыз 10- сынып оқушылары. Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады.
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
1. "БӘЙГЕ" КЕЗЕҢІ
2. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ
3."ОЙЛАН ТАП" КЕЗЕҢІ
4. "КІМ ӨНЕРЛІ" КЕЗЕҢІ
5. "КІМ ТАПҚЫР" КЕЗЕҢІ
Сайыскерлерімізге реттік номерін беру үшін тақтада ілінген әріптерден өсімдік аттарын және химиялық терминдерін құрап,сол бойынша 1-ші,2-ші тапқан топтар реті анықталады.

1-топ
1.ЫҚ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат)

2.ВРАКЕИТ (реактив)

2-топ
1
. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ)

2. АПБИРОРК (пробирка)


Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. география пәні мұғалімі-Қожахметова Бақыт Алдангоровна
2. физика пәні мұғалімі – Каратаев Қасым Данаевич


Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.
"БӘЙГЕ " КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңде әр топқа 12 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріледі.
№1топқа:
1.Қандай жануардың тістері көп?/бақша ұлуы/
2. Сыртқы орта әсерінен металлдардың бұзылуы./коррозия/
3. Ежелгі уақыттан адамдар ағзаға қан құюдың маңызы бар екенін білген.Тіпті, Ежелгі Грецияда және Ежелгі Египед ескерткіштерінде қан құю туралы жазылған. Папа Римский Иннокентий 8 қартайған шағында өзіне 3 жасөспірімнің қанын құюды бұйырады.Ақыр аяғында папа да, жасәспірімдерде қайтыс болады. Себебін түсіндір?/Эритроциттердің жабысуы. Қандары сәйкес келмейді/
4. Чума ауруымен қандай металл ауырады?/Қалайы/

5.1785 жылы атақты Италиян оқымыстысы Спалланцани бақаның өкпесін алып тастап не болатының бақылаған.Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ.Себебін түсіндір?/бақа терісі арқылы тыныс ала береді/

6.Қандай затты жануға қабілетсіз болса да сумен өшіреді?/Сөндірілген әк/


№2 топқа
1. Құрғақ шалғындықта барлық өсімдіктерді шауып тастаса.Осы шалғындықта бұршақтұқымдас өсімдік өскенін қалай дәлелдеуге болады.Себебін түсіндір?/Бұршақтұқымдас өсімдіктердің тамырында азот сіңірген түйнек бактериялары болады./
2.Гемоглобин құрамына кіретін химиялық элемент./темір/
3. Крокодильдің көз жасындай деген сөзді қалай түсіндіресіңдер.Крокодилдер жылай ма,неге?/Жылайды –себебі олардың ағзасындағы артық сұйықтықты көз жасы арқылы шығарады./
4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?/Йод/
5. Ең мықты жәндік?/құмырсқа/

6.Жылу және жарық бөлу арқылы жылдам жүретін химиялық реакция өзгеріс./Жану/

2. кезең "КІМ ШАПШАҢ" ЗЕРТТЕУЛЕР НЫСАНЫН ТАП
Кезең мақсаты:
 
Берілген цифрларды таңдап,онда жасырылған ғылым саласының зерттеу нысанын анықтау
1. Ихтиология-/балықтарды зерттейтін ғылым/
2. Маммалогия-/сүтқоректілерді зерттейтін ғылым/
3. Герпетология-/жорғалаушыларды зерттейтін ғылым/
4. Вирусология-/вирустарды зерттейтін ғылым/
5. Микробиология-/ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым/
6. Лихенология-/қыналарды зерттейтін ғылым/
7. Микология-/саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым/
8. Бактериология-/бактерияларды зерттейтін ғылым/
9. Гельминтология-/құрттарды зерттейтін ғылым/

10. Цитология-/жасушаларды зерттейтін ғылым/

11. Гистология-/ұлпаларды зерттейтін ғылым/

12. Орнитология-/құстарды зерттейтін ғылым/

3. «ОЙЛАН ТАП» КЕЗЕҢІ

4. "КІМ ӨНЕРЛІ"КЕЗЕҢІ 
(әр сайыскерге бір-бір конверт, ішінде тапсырма жазылған, соны образға еніп, қимылмен көрсету керек)
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2.
3. Судан шығып қалған балық

4.

5. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

6.


5. «КІМ ТАПҚЫР» КЕЗЕҢІ
Әр топқа бір-бір сурет беріліп, онда не бейнеленгенін анықтау керек

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Биік-биік асулардан көрініп, тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз. Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, қорытындысын шығарды.Жеңімпаз топ анықталды.
Қош, сау болыңыздар!