Бактериялардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып 6.

Сабақ №57.

Күні:15.04.2016ж.

Тақырыбы: Бактериялардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.

Мақсаты:

Білімділігі: Бактериялардың құрылысы, қызметі, зияны туралы білім беріп, осы ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру

Дамытушылығы: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау.

ІІ.Мақсат қою кезеңі.

Бактериялық жұқпалы аурулардың түрлеріне жалпы түсінік беру. Жасушасыз тіршілік иелерін жетік меңгеруге ой-өрістерін дамыту.Бактериялық аурулардың таралу жолдарын жою жолдарын білуге,білімділікке тәрбиелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Бактериялар – [link] ауруларға өзінше атау берген. Оның ұсынуы бойынша: тышқақ - сатқа, қантышқақ - сатқақ, құздама - сорбуын.

Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. 

        Шіріту бактериялары -  біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Бактериялар топырақты минераларды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғырлым көп болады. 1 г қара топырақта 5-6 млрд бактерия болады. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байытады. Түйнек бактериялары жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер мен селбесіп тіршілік етеді.

      Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден– ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Мата былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы қант пен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға айналдырады. Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз т.б. жемістерді тұздау үшін қолданады.

        Әдейі ауру тарату үшін қоздырғыш бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақ түрлерін арнайы қоректік ортада егеді. Оны бактериялогиялық қару деп атайды.


IV. Жаңа тақырыпты түсінгендігін тексеру:
 Биологиялық диктант

1. Ауру туғызатын бактериялар дегеніміз не? ...................................................................

2.  Қан улы заттарды ............ ................... бүкіл денесіне таратады.

3.  .........  мен  ................. бактериялары ауада тез жойылады.

4.  Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын ............  дейді.

5.  Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - ..................................................

6.  Бактериялардың басқа түрлері ...............................................  ауруларын туғызады.

7.  .....................  ауруын дизентерия бактериялары қоздырады.

8.  Бактериялар мақта өсімдігінде  ...............  ауруын туғызады.


V. Алған білімдерін тексеру.
1
 Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?   2.  Бактериялардан өндірісте қандай заттар бөлініп алынады? 3.  Бактериялардан қандай дәрілік антибиотиктер өндіріледі? 4.  Бактериялардың тұрмыстағы зияны неде? 5.  Ционабактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?

VI. Үй тапсырмасы. –оқу,сұрақтарға жауап беру.Бағалау.