Тіршілік үшін күрес 9 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жаңаөзен қаласы

14 орта мектеп






















Мектепішілік ашық сабақ

Тақырыбы: «Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес.

Түраралық күрес»



Сыныбы: 9 «А»

08.02.2016ж

Биология пәні мұғалімі:Жолдасбаева Зауре










Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Теңге ауылы

14орта мектеп

Биология пәні мұғалімі

Жолдасбаева Зауре Конакбаевна

Пәні:Биология Сабақ №41

Мерзімі:08.02.2016-9а

Сабақтың тақырыбы:

Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес.

Жалпы мақсаты

Тіршілік үшін күрес, түрішілік күрес, түраралық күрес пен сұрыптаудың тиімділігі туралы үйренеді.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Биология оқыту әдістемесі. 9 сынып

3.9 - сыныпқа арналған биология оқулығы М.Қ.Гильманов, А.Р.Соловьева, Л.Ү.Әбшенова

4.Биология пәні бойынша дидактикалық материалдар

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1.Тіршілік үшін күрес, түрішілік күрес, түраралық күрес пен сұрыптаудың тиімділігі туралы біледі.

2.Еркін сөйлеуге дағдыланады.

3.Топтық жұмысқа төселеді.

4.Диалогтік сөйлеу мәнері жақсарады.

5.Шапшаңдыққа бейімделеді.

Негізгі идеялар

Тіршілік үшін күрес, түрішілік күрес, түраралық күрес пен сұрыптау.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Бейнежазба, плакат, фламастер,түрлі-түсті қағаздар.

Оқыту әдістері:

«Миға шабуыл» әдісі

«Аялдама» әдісі

«Домино» әдісі,

«Қаламсап» әдісі.


1.Топтық жұмыс

2.Жұптық жұмыс

3.Жеке жұмыс

Дерек көздері

Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі тақырыбында берілген материалдар. Биология жұмыс дәптері. Оқушы анықтамалығы . Интернет материалдары


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

(3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тренинг: Жақсы тілек

Мұғалім қолындағы гүлді бір жақсы қасиетін айтып оқушыға береді.

Оқушы гүлді алып қасындағы оқушының жақсы мінезін айтып оған табыстайды. Тренинг осылайша жалғасады.

Құрастыру арқылы топқа бөледі. Бағалау бетшесін топ басшыларға таратады.

Топ басшысын сайлайды. Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау бетшесіне белгілейді.

II.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

«Миға шабуыл» әдісі

1.Эволюциядағы табиғи сұрыпталудың рөлі неде?

2.Ч.Дарвин неге табиғи сұрыпталуды эволюциялық фактор деп есептеді? Сен Дарвинмен келісесің бе?

3.Тұқым қуалау және модификациялық өзгергіштіктің арасында қандай айырмашылық бар?

4.Солардың қайсысы эволюцияда ең аз рөл атқаратын болды?

5.Табиғи сұрыпталу мен тұқым қуалау өзгергіштіктегі өзара қалай байланысты?Мысал келтіріңдер№

6.Табиғи сұрыпталу,өзгергіштіктің нәтижесі неде?

Кез келген оқушы сұрақтарға жауап береді.

III.Жаңа тақырып

(20 мин)

«Аялдама» әдісі

[pic]

1.Түрішілік күрес

2.Түраралық күрес

3.Абиоздық факторлар мен күрес.



Топтарға 2 мин уақыт беріледі осы уақыт ішінде топтар тақырыпты қорғайды.

Сергіту сәті:

Жұмбақтар шешіп жарысады.

IV.Қорытынды

лау (5 мин)

«Домино» әдісі


Қиылған қағаздарға оқушылар сұрақ-жауап жазады да дұрыс,бұрыстығына көз жеткізеді.

V.Үйге тапсырма беру (2мин)

Мәтінді оқып, тест құрастыру

Үй тапсырмасын белгілеп алады

VI.Бағалау

(5 мин)

Формативті, суммативті, критериалды бағалау.

Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады.

VII.Рефлексия

(3 мин)

«Қаламсап» әдісі.

[pic]

Ортаға оқушылар қаламдарын қояды, мұғалім топтан қалам алып қалам иесіне сабақта ұнаған, ұнамаған,

білгісі келген заттарды сұрайды.


[pic]