Биология тест 6-11сыныптар үшін №13

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БИОЛОГИЯ


1. Паразитті қарапайымдыларға жататын -

A) кәдімгі амеба.

B) кірпікшелі кебісше.

C) дизентерия (қантышқақ) амебасы.

D) вольвокс.

E) арцелла.

2. Екі талшығы бар біржасушалы жасыл балдыр.

A) Хламидомонада

B) Ульва

C) Каулерпа

D) Хлорококк

E) Хлорелла

3. Шығу тегі құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы

A) Мүше

B) Жасуша

C) Аппарат

D) Мүшелер жүйесі

E) Ұлпа

4. Темекінің құрамындағы улы зат.

A) Вирус.

B) Бактерия.

C) Никотин.

D) Алкоголь.

E) Микроб.

5. Ішқұрт ауруының алдын алу: 0013

A) Егу (прививка) жасау.

B) Антибиотиктер пайдалану.

C) Алкоголь пайдаланбау.

D) Тазалық сақтау.

E) Өз бетімен емделу.

6. Жердің ауа қабаты:

A) Гидросфера.

B) Литосфера.

C) Тропосфера.

D) Стратосфера.

E) Атмосфера.

7. Лейкопластардың қызметі

A) жасушаның қысымын реттейді

B) хлорофилл түзеді

C) органикалық зат түзуге қатысады

D) піскен жемістерге қызыл түс береді

E) өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады

8. Түрі өзгерген қорғаныштық қызмет атқаратын жапырақ

A) қабыршақ

B) қабық

C) бастапқы жапырақ

D) қысқарған өркен

E) қынап

9. Күнбағыстың гүлшоғыры

A) Жай масақ

B) Собық

C) Себет

D) Шоғырбас

E) Шашақ

10. Ағзада түзілетін әр түрлі зиянды заттар төмендегі күйінде болады:

A) Қатты, сұйық және газ

B) Қатты және газ

C) Тек сұйық

D) Қатты және сұйық

E) Тек қатты

11. Алқа тұқымдасының өсімдіктері:

A) Қызанақ, меңдуана, картоп.

B) Жоңышқа, орамжапырақ, қара бидай.

C) Шомыр, шалқан, орамжапырақ.

D) Астра, кекіре, бақбақ.

E) Сұлы, қара бидай, бидай.

12. Цитаплазмасында бір үлкен, бір кіші екі ядросы бар жәндік

A) Саркадиналар

B) Тамыраяқтылар

C) Споралылар

D) Кірпікшелілер

E) Талшықтар

13. Тұмсықбастылар отрядының өкілі:

A) Қолтырауын.

B) Құбылғы.

C) Қара жылан.

D) Гаттерия.

E) Тасбақа.

14. Жарықты еркін өткізетін ақ қабықшаның алдыңғы бөлігі

A) қасаң қабық

B) торлы қабық

C) тамырлы қабық

D) ақ қабық

E) қабақ

15. Aдамның қол сүйектері

A) бұғана, жауырын

B) омыртқа, қабырға, қол басы сүйектері

C) жамбас, сегізкөз

D) тоқпан жілік, кәрі жілік, білек, қол басы сүйектері

E) ортан жілік, асықты жілік, табан

16. Қан плазмасындағы су мөлшері

A) 50 % - 54 %.

B) 60 % - 62 %.

C) 90 % - 92 %.

D) 80 % - 81 %.

E) 70 % - 71 %.

17. Митохондрияда жүретін АТФ синтезі жүреді

A) Фотосинтезде.

B) Көмірсулар синтезінде.

C) Тыныс алуда.

D) Липид биосинтезінде.

E) Ақуыз биосинтезінде.

18. Ағзалардың жеке даму процесі:

A) онтогенез

B) регенерация

C) овогенез

D) ароморфоз

E) филогенез 0013

19. Қаңқа қалдығы Пекин маңындағы үңгірден табылған

A) Неандарталдықтар

B) Питекантроптар

C) Австралопитектер

D) Кроманьондықтар

E) Синантроптар

20. Кіндік тамыр жүйесіндегі өте тез жетілетін бөлігі:

A) Негізгі

B) Жанама

C) Қосалқы

D) Сабақ

E) Өркен

21. Вирустар туғызатын аурулардың тобы:

A) Оба, ИТИС, туберкулез, баспа.

B) Оба, тұмау, туберкулез, баспа.

C) ИТИС, тұмау, қызылша, ұшық.

D) Шешек, оба, туберкулез, баспа.

E) Ұшық, қызылша, туберкулез, баспа.

22. Сиыр жоңышқа, қызыл бас жоңышқа, шалғындық жоңышқалар түрлері жатады

A) Құлқайыргүлділер

B) Бұршақ тұқымдастар

C) Күрделігүлділер

D) Раушангүлділер

E) Алқа тұқымдастар

23. Дені сау ересек адамның дене температурасы.

A) 37,50+38,50.

B) 34,50+35,50.

C) 370 +37,60.

D) 390 +39,50.

E) 36,50+36,90.

24. Хромосома бөлігінің 1800-қа бұрылып орналасуы

A) Дефишенсия

B) Инверсия

C) Делеция

D) Полиплоидия

E) Транслокация

25. Опарин-Холдейн болжамын сынақ тәжірибемен дәлелдеген ғалым

A) Э.Геккель

B) А.Левенгук

C) С.Миллер

D) Луи Пастер

E) Д.Тиндаль


БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


3