Өсімдік жасушасының құрылысы.
1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі
4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:
а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма
9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер
12. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:
а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар
13. Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар
14. Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:
а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар
15. Минералды тыңайтқыштар:
а)шымтезек ә)азот селитрасы б)суперфосфат в)қи г)күл ғ)сүйек ұны
16. Жем тамырлы өсімдіктер:
а)сәбіз ә)қызылша б)орамжапырақ в)картоп г)шомыр ғ)шалқан
17. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.
18. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:
а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш
19. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:
а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр
20. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору
21. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу
22. Жас жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:
а)сору ә)өсу б)өткізу в)бөліну
23. Бүршіктердің нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:
а)мұртша ә)тікенді б)шырынды в)қабыршақ
24. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды б)тікенді в)мұртша
25. Ылғалды үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)тікенді б)мұртша в)шырынды