Сабақ жоспары
Сынып:8 А Сабақ№58
Пән: биология
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы. Босану. Туылғаннан кейінгі жетілуі. Өсу және даму динамикасы. Адам өмірінің кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік- туғаннан 18 жасқа дейін организмнің қалыптасуының әрбір кезеңіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Дамытушылық- адам организмінің құрылысында жас кезеңдеріне байланысты байқалатын ерекшеліктерді анықтай білуді қалыптастыру. Кітаппен, кестелермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік- қыз балалар мен ер балалардың бойында жыныс жүйесінің гигиенасы туралы көзқарасты білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа,трексызба, тапсырмалар
Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен сәлемдесу
оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты игеру.
Сперматозоид пен жұмыртқажасушасының қосылуын ұрықтану дейді. Аталық жыныс бездерінен шамамен 300 млн-дай сперматозоидтары бар 3-5 мл шәует бөлінеді. Сперматозоидтьң біреуі ғана жатыр түтігінде жұмыртқажасушасымен қосылады, қалғандары жойылады. Сперматозоидпен қосылуын жұмыртқажасушасының сыртынан қабықша түзіледі. Ол қабықша жұмыртқажасушаға басқа сперматозоидтардың енуінен қорғайды. Ұрықтанбай қалған жұмыртқажасушалары мен сперматозоидтар жатыр түтігінде, жатырда лейкоциттердің әсерінен жойылады.
Сперматозоидтар 24-48 сағатқа дейін ұрықтандыра алады. Олар цитоплазмасында қоректік заттың қоры өте аз болғандықтан және дене температурасьшың әсеріне сезімталдығынан ұзақ сақталмайды.
Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан зигота пайда болады. Зигота жатыр түтігінде бөлшектене бастайды да, жатырға түсіп, оньң қабырғасына бекиді. Соның нәтижесінде ұрьқ түзіліп, оның аналық жатырындағы тіршілігін қамтамасыз ететін қосымша құрамбөліктер дамиды. Жасушалардың хромосомаларында өзгерістер болады. Адамның дене жасушаларында хромосома саны тұрақты 46 болса, ал жетілген жыныс жасушаларында — 23. Ұрықтанғаннан соң аталық жөне аналык жыныс жасушаларының хромосомалары жұптасып, саны 46-га жетеді.
Ұрыктың дамуын зерттейтін ғылымды эмбриология (грекше «эмбрион» - ұрық, «логос» -ілім, гылым) дейді.
Ұрықтың дамуы - ұрықтанған жұмыртқажасушасының бөлінуінен ұрық түзіледі. Ұрықтан 3 түрлі ұрықтық жапырақша пайда болады. Сыртқы ұрықтық жапырақшадан: жабын эпителий (ұлпа), жүйке жүйесі, сезім мүшелері дамиды; Ортаңғы ұрықтық жапырақшадан: дәнекер ұлпасы, қаңқа (сүйектер), бұлшықеттер, қанайналым мүшелері, зәршығару және қөбею мүшелері түзіледі; Ішкі ұрықтық жапырақшадан: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері және тынысалу мүшелері пайда болады. Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы ұрықтық даму деп аталады. Ұрықтың 4 айдан кейінгі дамуын нәрестелік даму дейді.
Жатырда ұрықтың сырты қабыкпен қапталады. Жүктіліктің үшінші айында анасы мен ұрықтың ұлпаларынан арнайы мүше ұрықжолдас (плацента) түзіледі. Ұрықжолдас арқылы ұрық тыныс алады, қоректенеді және қажетсіз қалдықтар бөлінеді. Ана мен ұрық арасындағы өзара байланыс ұрықжолдас арқылы жүзеге асады. Ұрықтану ұрық-жолдасынан ұрыққа артерия қаны ағатын бір қантамырды - кіндік вена тамыры дейді. Вена қаны ұрықжолдасқа 2 қіндіқ артерия қантамырлары арқылы келеді. Ұрықты ұрықжолдаспен байланыстырып түрған үш қантамыр бірігуінен кіндікбау түзіледі. Нәрестенің туғанда қіндікбауы қесіледі, ал қіндігі өмір бойы сақталады. Ұрықжолдас-тың сыртқы жағында өте қөп бүрлер болады. Бүрлердің қабырғалары арқылы ана қанынан ұрық қанына қоректік заттар мен оттегі өтеді. Қажетсіз өнімдер мен кемірқышқыл газ да осы бүрлер арқылы шығарылады.
Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Біріншісі – ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі – туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (грекше «ontos» – жекелей, «genes» – шығу тегі) дейді.
Алғашқы балалық кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау қабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер қалыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Бірінші балалық кезең. Бұл кезеңді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға қызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрақтарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, қимыл-әрекеті қажет ететін ойындар арқылы қаңқасы мен бұлшықеттері дұрыс жетіле түседі.
Екінші балалық кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен 140–150 см, салмағы 30 кг артады.
Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бір-бірінен айырмашылықтар айқын байқалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12–13 жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тыныс алу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдарда дауысы жуандайды, көмекейі айқын байқалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шығады және т. б. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық процестер жедел жүреді. Бірақ ұзаққа созылатын бұлшықеттердің жұмысы ауырлау келеді.
IY. Жаңа сабақты бекіту.
Y. Рефлексия.
Білемін Білмеймін Білгім келеді
Тест тапсырмалары.
1. Ана сүті пайдалы, себебі:
а) ол стерильді ә) антиденелерден тұрады б) тамақтануға қажет заттардың барлығы бар в) жоғарыда келтірілген барлық себептер бойынша.
2. Жаңа туған нәрестеде:
а) тек шартты рефлекстері болады ә)тек шартсыз ренфлекстері болады б) шартты және шартсыз рефлекстер болады в) әлі рефлекстері қалыптаспаған
3. Балада алғашқы шартты рефлекстері қашан пайда болады?
а) шамамен 1 айдан кейін ә)жарты жылдан соң б) 1 жылдан соң в) кешірек
4. Сөйлеу мен ойлану қай кезеңде дамиды?
а) емшектегі кезең ә) балалық кезең б) мектепке дейінгі кезең в) мектептегі кезеңде
5. Жасөспірім- бұл қанша жастағы адам?
а) 11-12 жас ә)12-15 жас б) 16-20 жас в) жоғардағының барлығы
6.Қарттық кезең – бұл қанша жастағы адам?
а) 45-59 жас ә)60-74 жас б) 75-89 жас в) 90-100
7. Организмнің жыныстық жетілу кезеңін тап:
а) әлеуметтік ә)психикалық б) физиологиялық в) жастық
8. Мектеп жасындағы кезең қанша жас?
а) 11-12 жас ә)12-15 жас б) 16-20 жас в) 7-17 жас
9. Емшектегі бала неше айлығында басын ұстайды, аяғын жазады және отырады?
а) 6 ай ә) 8 ай б) 10 ай в) 9 ай
10. Қай кезеңді «сұрақтар сатысы» деп атайды?
а) емшектегі кезең ә) балалық кезең б) мектепке дейінгі кезең в) мектептегі кезеңде
Тапсырма:
Алған білім негізінде адамның дамуындағы әр түрлі кезеңдерде байқалатын құбылыстарды сәйкестендіріңдер.
1. Жаңа туған нәрестелік кезең
2. Емшектегі кезең
3. Балалық кезең
4. Мектепке дейінгі кезең
5. Мектептегі кезең
6. Жасөспірімдік шақ
7. Ересек кезеңі
8. Қарттық кезең
а) сүйектердің сынғыштығы және қажудың жоғарылауы;
ә) омыртқа жотасының мойын бөлігінде иірім п.болуы;
б) организмнің дамуы аяқталады;
в) ересектерге еліктеу,
г) тістердің пайда болуы;
ғ) сөйлеу қалыптасады;
д) бас сүйегінде еңбекше пайда болады;
е) алғашқы шартты рефлекстер пайда болады;
ж) Жыныстық жетілу;
з) организмнің едәуір қарқынды өсуі мен дамуы;
и) сөйлеу мен ойлану, ұжыммен және өз алдына ойнай білу қарқынды дамиды;
к) Әлеуметтік сананың, адамгершілік құндылықтар жүйесінің қалыптасуы,
л) организмнің құрылысы мен қызметі.
Жауаптары: 1-ә,д,е; 2-з,г; 3-в,ғ; 4-и; 5-ж; 6-б,к; 7-л; 8-а.
Үйге тапсырма. Оқу, А,С тапсырмалары, тест құрастыру
YI. Бағалау.
Сабақты қорытындыла