Жас батаниктер
(сабақтан тыс іс-шара)
Мақсаты:
Биология пәнінен өтілген тақырыптарды еске түсіре отырып,шапшаң ойлау мен ұтымды жауап беруге баулу.
Күтілетін нәтиже:
1). Өтілген тақырыптарды есте сақтайды
2). Өсімдіктер туралы қосымша мәлімет алады
3). Пәнге деген қызығушылығы артады
Көрнекілігі: Слайд, стикер, қима қағаздар, нақыл сөздер
Өткізілу түрі: Жарыс сабақ
Барысы:
1) Ұйымдастыру: Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау. Топтарға бөлу.
1 - топ «Бәйшешек» тобы
2 - топ «Қызғалдақ» тобы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жас ботаниктер» атты 6 Г, 6 Д сыныптар арасындағы биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Табиғаттың бар байлығы даламда,
Жер-Ананың жаттығы жоқ адамға
Тамақ та, киім де, денсаулық та,
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.
Тапқыр, білгір дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді,
Ортаға сал, барыңды.
Жарыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1 - кезең. «Ойлы болсаң – озып көр»
2 - кезең. Ғылымдар аукционы.
3 - кезең. «Қызықты сұрақтар».
4- кезең. «Құмырсқаның илеуі»
5 – кезең. «Табиғат рекордтары»
6 - кезең. «Үздік ораторлар».
7- кезең. .«Адасқан әріптер»
8-кезең.«Заттың иісін анықта»
9-кезең .Қорытынды.Марапаттау
І-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бйынша жауап береді.
1-топ
1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
4. Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)
5. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
6. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
7. Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)
8. Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыр жүйесі)
9. Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)
10. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
2- топ
11. Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратын жануарлар (Ит, мысық)
12. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)
13. Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
14. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Роберт Гук
15. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр
16. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада
17. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы
18. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ
19. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы
20. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді: 1981 жылы
II кезең. Ғылымдар сыры.
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады.
1топ
1.Микробиология
2. Гигиена
3. Микология
4. Бриология
5. Генетика
6. Диетология
7.Зоология
2топ
1.Ботаника
2. Орнитология
3. Урология
4. Биология
5. Физиология
6. Экология
7. Стомология
IІІ кезең. «Қызықты сұрақтар».
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады
1.топ
1) Шай қайнатып шағала,
Бәрін шайға шақырды.
Келді тоғыз шағала,
Неше шағала шай ішті? (10)
2) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)
2.топ
1) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)
2) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Екеуі де тең)
ІV кезең «Құмырсқаның илеуі»
1 - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Бөлінуге қабілетті ұлпа (түзуші)
2. Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр қалай аталады? (негізгі тамыр)
3. Органикалық заттар сабақтың қай ұлпасымен жылжиды? (сүзгілі түтіктер)
4. Өркен неден дамиды? (тұқымның ұрық бүршігінен)
5. Қандай жасушалардың бөлуінен сабақ жуандап өседі? (камбий)
2 - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Су және онда еріген минералды заттар сабақтың қандай ұлпалары арқылы жылжиды? (түтікшелер)
2. Өсімдіктің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша, өткізгіш, бағаналы, саңылау немесе лептесік? (жапырақта)
3. Жапырақтың түсуіне не себеп болады? (температураның төмендеуі, күннің қысқаруы)
4. Түйнек дегеніміз не? (түрі өзгерген жер асты өркені)
5. Ұрықтанғаннан кейін тұқымбастамадан не түзіледі? (тұқым)
V.Кезең «Табиғат рекордтары»
1топ
1.Ең үлкен гүл- ?
Раффлезия.Оның гүлінің ұзындығы-90см, ал салмағы1 жастағы баланың салмағынанда ауыр.
2.Ең кішкентай гүл-?
Вольфия.Оның көлемі1мм.Балықот,оның жапырағының ұзындығы-0,5 алкөлденеңі- 0,3см.Оны тек үлкейткіш тәйнекпен ғана көруге болады.
3.Ең ұзақ өмір сүретін гүл- ?
Орхидея.Оның гүлі 80 күндей сақталады
4.Ең алып құс-?
Африкалық түйеқұс.Салмағы156кг,биіктігі-2м75см.
5.Ең үлкен жануар-?
Көк кит.Оның ұзындығы 33м,салмағы-190 тонна.
6.Ең ірі жыртқыш аң-?
Ягуар.Оңтүстік америкадағы мысық тұқымдастарына жатады.
7.Ең жылдам құс-?
Колибри.Ол минутына қанатын 200рет қағады екен.
2 топ
1.Ең ұзақ жасайтын балықтар-?
Шортан, табан
2.Ең еңбекқор жәндік -?
Құмырсқа
3.Ең биік жануар -?
Жираф,оның бойы 6 м дейін жетеді
4.Ең аз өмір сүретін гүл-?
Амазонкалық лотос,ол таңертең гүл ашып, жарты всағакттан кейін өледі.
5.Ең бірінші рет ғарышта болған өсімдік-?
Арабидопсис.1982 жылығарышта40 күн тіршілік етокен.Топырақсыз,сусыз ,тек ауада ғана тамырланып,алғаш рет гүлдеп тұқым мсалған
6.Ең тәтті өсімдік қайда төседі -?
Парагвайда өседі.Оның нәрі қанттан үш есе тәтті.
7.Ең ірі көбелек ?
Агреппин, қанатын жайғанда 27см болады, ол тек түнде ғана ұшады екен
VІ кезең. «Үздік ораторлар». Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген ораторлық кезең.
VII.кезең .
Әріптерден өсімдік аттарын құра
1.Ы Қ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат)
2. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ)
3. С А Б Ғ Ы Н Ү К (күнбағыс)
4. А Р Т К О П (картоп)
5. Б І С З Ә (сәбіз)
6. И Я З П (пияз)
VІІІ -кезең «Заттың иісін анықта»
Бұл кезеңде әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып, көзін байлап иіс сезімі арқылы, қандай жеміс-жидек екенін анықтау және үш тілде атау.
X-кезең. Қорытынды.Марапаттау
№ 48 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Сыныптан тыс ашық сабақ
Тақырыбы:
«Жас ботаникер»
6 г,д-сыныптар
[pic]
Тараз 2016 ж