Қысқа мерзімді сабақ жоспары 6 сынып биология ,

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән мұғалімі Ж.Фазылова 8 сынып Биология

      13.10.2016жыл

Сабақтың тақырыбы

 Тамыр аймақтары

Жалпы мақсаты

Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі тамыр аймақтары,оның бөлімдерінің құрлысы мен қызметтері туралы түсінік беру.

 Міндеттер:

 

- Тамырдың аймақтарының өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа еңбек сүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

- Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр аймақтары оның қызметтері туралы білімді дамыту туралы білімнің маңызын ашу , зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Тамыр  аймақтары туралы түсініктердің пайда болуы.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Өсімдіктердің жер асты мүшесі тамырдың құрылысына сәйкес оның ішкі құрлысын ,аймақтарын анықтау.

2. Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.


Сілтеме

Биология 6 сынып оқулығы. Алматы. «Атамұра»2011. К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  /1-2 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды сурет қиындыларымен топқа бөлінеді.

/2 мин/


 

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

 Мұғалім: « И.В.Крыловтың « Свинья под дубом»Мысал неге қатысты айтылған ?Қарғаның айтқаны дұрыс па? Неліктен?

Қызығушылығын ояту мақсатында Үй тапсырмасын берілген суреттер негізінде сөйлеп құрлысын көресту: Кіндік тамыр және шашақ тамырды салыстырады

Сурет бойынша өз ойларын ортаға салады

Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.Оның атқаратын қызметі:1.Өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;2.Қоректік заттарды қорға жинау;3.Топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;4.Көбеюге қатысады.4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

    Тек ... 2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2.Өңнің кейбір жасушалары ұзарып өсіп ... айналады. 3.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған ... болуы. 4.Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып ... деп атайды. 5. ... жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6.Шайыр жолы , эфир майы кканалы , сүт жолдары , жабысқақ түктер , шірнеліктер ... ұлпаға жатады. 7.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне ... жеткізеді. 8.Өсімдіктерде тірек ұлпасы ... болып саналады.  9.Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ... .10.Жабын   ... деп бөлінеді.

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

- оқушыларды белсенділігін арттыру

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны тану мақсатында  .Тамыр туралы не білесіңдер? «Кластер» стратегиясын қолданамын.1. Венн диаграммасы арқылы.  Өсімдіктің жер асты мүшесі

Кіндік тамыр және шашақ тамырды салыстыру 

1.Жасуша –ұлпа-мүше –ағза. Мүше  ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі қызмет атқарады.Өсімдік мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді.Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін қамтамасыз етсе, көбею  мүшелері әрбір дарақтың санын көбейтіп , ұрпақ қалдыру үшін керек , төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Гүлді  өсімдіктердің  мүшелері

 2.Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.

Оның атқаратын қызметі:

1.Өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;

2.Қоректік заттарды қорға жинау;

3.Топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;

4.Көбеюге қатысады.

4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді.

5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ т.б.

Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың  қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде  (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады.

  Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут

 Сергіту сәті: Биологиялық эстафета (2 минут).

Деңгейлік тапсырмалар: үш топқа үш түрлі тапсырма.

1 – топ жазбаша Өрмекші торы

2 –топ Сурет қиындыларынан өсімдіктердің тамыр жүйелерін аныққтап бөлу.

3-топ  Тест жұмысын орындайды

 1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады?

2.Вегетативті мүшелерді ата. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

3.Тамырдың қызметін ата.

4.Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олардың айырмашылықтарын ата.

5.Тамыр жүйесі дегеніміз не?

6.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңдар. VI.Жаңа сабақты бекіту:

Зертханалық  жұмыс.

Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар;

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар;

3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар;

4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне  көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар;

Нәтижесі: 1)
Тамыр типтерін ата:

1.___ ________________________________________
2. __________________________________________
3.___________________________________________
2) Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін ата:

Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________

Қорытынды:
1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашылығы бар?______________________
______________________________________________________________________________

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Бүгінгі сабаққа сараптама

  1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

  2. Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

  3. Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

  4. Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Бүгін біз не білдік

 1. Тамыр- өсімдіктің  вегетативті мүшесі

 2.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

 3. Өсімдік   тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

 4.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

 5. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

 6.Тамырға қандай жүктеме түсетінін  елестету үшін, күшті жел кезінде

  қолшатырды ашып, ұстап тұру керек.

 7.Бүкіл тіршілік бойы өсімдіктерде жаңа тамырлары түзіліп, ескілері өсіп

   отырады.

 8.Өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын тамыр жүйесі

   деп атайды.

               Жағдаят кезеңінің тапсырмалары

1.“Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс” мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.

2.Халық  даналығы  Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

3. Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар

Жағдаят тапсырмаларының жауабы:

1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі.

2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.

3. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі. 

Бағалау түрлері

-      оқушының өзін-өзі бағалауы;

-      топтық өзін-өзі бағалауы;

-      мұғалімнің бағалауы;

-      жалпы бағалау;

-      критерийлер арқылы бағалау


VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

6-тапсырма

7- тапсырма

8-тапсырма

Қорытынды баға

1












2












3












4












5












6












7










































Бағалау критериялары:

«5» - сабаққа үнемі белсенді қатысып, тапсырмаларды өз деңгейінде толық орындағаны үшін, жауаптары толық, сөз қоры ауқымды

«4» - сұраққа жауабы толық болса, берілген тапсырмаларда аздаған қателіктер болса, сөз қоры жақсы болса, сұрақ қоя алса.

«3» - сұраққа жауаптарында қателіктер болса, орындалған тапсырмаларында қателіктер болса, сөздік қоры төмен болс



-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

 

Үй тапсырмасы: 13  оқу, сұрақтарға жуап беру. Эссе жазу «Өсімдіктерге тамырдың маңызы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?  

Мұнда  оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

 

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.2. Оқушылардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады, әр оқушы өзінің қабілетін  көрсетті,егер тағы та өзгеше тапсырмаларды қызықты әдістермен құрсам бұдан да жақсы болады ма деп ойладым