Тақырыбы: Теңіз балдырлары
Мақсаты: Білім алушыларды біржасушалы және көпжасушалы балдарлар туралы алған білімдеріне қоса, теңізде мекен ететін басқа балдырлармен таныстыру.
Міндеті: Қоңыр және қызыл балдырламен таныстырып, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылығы: Білім алушылардың балдырлар туралы білмдерін одан әрі дамытып, толықтыру.
Білімділігі: Балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын түсіндіріп, оларды қорғау шараларына үйрету
Тәрбиелігі: білім алушыларды табиғатты қорғауға, табиғатты сүйіп, бағалауға баулу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар: флипчарт, теңіз балдырларының суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Спирогира балдыры туралы не айта аласын?
2. Улотрикс балдырының ерекшелігі неде?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу
1. Қоңыр балдырлар
2. Қызыл балдырлар
3. Балдыр-лардың маңызы. Оларды қорғау
Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1500 түрі бар. Олардың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған. Бір ядролы. Хромотофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары болады. жасушаның қор заты- полисахаридтер.
Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум т.б. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 км аймақты қамтып, 20-30 м тереңдікте өседі. Ұзындығы 50 см дейін жоғары созылған бөлімі болады. одан ұзындығы 3-4 м жалпақ таспа сияқты өсінділері жетіледі. Жынысты көбейеді.
Саргассум балдыр денесінде жидекке ұқсас домалақ өсінділер болады.
Теңіздің терең түбінде (270 м) қызыл балдырлар тіршілік етеді. Талломы – таспа, тақташа, жіп тәрізді болады. Жасушасының қор заты – май және қантты зат.
Қызыл балдырдың көбеюі
Өсімді жыыысты жыныссыз
Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетіліп, бөлініп, өседі.
Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораның талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады.
Біржасушалы аталық жыныстық мүшесі тармақтарының ұшында не денесінің үстінде жетіледі. Онда көп аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық жыныс мүшесі – тармақ ұшындағы жасушадан пайда болады. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанғаннан соң күрделі өзгерістерге ұшырап, жыныссыз ұрпағына айналады.
1 г топырақта 50000 балдыр болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.
Теңіз балдырларынан йод, спирт, сірек қышқылы, жасунық, агар-агар алынады.
Кладофора жасыл балдырынан қазағ алады.
Әсер етуші факторлар
IV. Бекіту: Қандай балдырлар бар? Олар қалай көбейеді? олардың ерекшеліктері
V. Сабақ қорытындысы: теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар – яролы төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қоңыр балдырлар теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Қызыл балдырлардың 4000 жуық түрі белгілі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.
VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: 16 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру. 4 тарау параграфтарын қайталап, тестке дайындалу