Күні:
Сынып:7
Сабақтың тақырыбы: Кластың жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің құрлысындағы ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты:. Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Сабақтың түрі:
Ойын арқылы оқыту сабағы
Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларға жануарлар дүниесін түсініп, қорғау.
Сабақтың көрнекілігі:Энциклопедия, тапсырмалар, суреттер.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2.Жаңа сабақты меңгерту.
3.Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ:
Бунақденелілер-типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы.Бұлар ғаламшарымыздың түкпірлерінде кең таралған түрі. Олардың 700000 милионға жуық түрлері бар деп есептейді. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туа қанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар.Буынаяқтылардың негізгі ерекшелігі-3 бөлімнен тұрады.
8сынып биология пәні
Сабақтың тақырыбы:
Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны.
Сабақтың мақсаты:
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ типі : аралас
Құрал –жабдықтар: Интерактив тақтасы, презентация
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1-ші тапсырма :
Санмен тізбеленген белгілердің қай буынаяқтыларға тән екенін кестеге толтырыңдар:
[pic] [pic]
1.Зәршығару жүйесі –жасыл бездер 2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады
3.Жүретін 8 аяғы бар
4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары
5.Тыныс алу мүшесі-желбезек
6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік
7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән
8.Хитинде нәруыз көбірек болады
9.Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді
10.Көздері қарапайым құрылысты
11.Циклоп,дафния,таңқышаян
12.Кене, құршаян,бүйі
2-ші тапсырма : Сәйкестігін тап:
Мамықкене
Мөлшері 0,2-1,0 мм ,өрмек бездері болады
Қышыма кене
Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады
Алма кенесі
Мал шаруашылығына зиян келтіреді
Тайгалық кене
Азық-түлік қорын бүлдіреді
Қамба кенесі
7-9 рет ұрпақ береді;алма,алхорыны зақымдайды
Нәзікбас кене
әкаяқ ауруын туғызады
Берішкене
адамда қышыма ауруын туғызады
Өрмеккене
энцефалит ауруын жұқтырады
ІІІ Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Жоспары:
Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы
Бунақденелілердің даму жолдары
Бунақденелілердің маңызы
Зиянды бунақденелілер
ІV Тақырыпты бекіту
Сандық диктант 1 – “ иә” 0- “ жоқ”
1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады
2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ
3.Демтүтік арқылы тыныс алады
4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.
5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.
6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.
7.Инелік толық түрленіп дамиды.
8. Қанқыз –зиянды жәндік.
9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер
10.Энтомология –бунақденелілерді зерттейді
Диктант жауаптары:
1-1
2-0
3-1
4-0
5-1
6-0
7-0
8-0
9-1
10-1
V қорытынды бөлім
1.Сипаттаңыз
2.Салыстырыңыз
3.Ұсыныс жасаңыз
VІ Үйге тапсырма: § 47; тапсырмалар 1,2 / 223 бет/