Күні:
Сынып:6
Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі.Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Мүктәрізді өсімдіктерді қорғау.
Сабақтың мақсаты: жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктермен танысу. Шымтезек мүгі туралы білімдерің кенейту.
1. Білімділік: шымтезек мүгінің құрылысының ерекшеліктерімен көбеюін түсіндіру. Оның түрі, құрылысы туралы сипаттау. Мүктің көбеюі табиғатта таралуы туралы әңгімелеу
2. Дамытушылық: олардың маңызына мысал келтіріп, жақсы, жаман жағын айыру.
3. Тәрбиелілік: Жаңа сабақ барысында қосымша әдебиеттерден ізденуге тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
4. Коррекциялық: Көзге арналған жаттығулар жасау арқылы көздің шаршағанын басу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мәтін, интерактивті тақта, герберий.
Сабақта қолданылатын технология: СТО стратегиялары
Сабақты оқыту әдістері: сурақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезені: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мақсат қою арқылы сабаққа зейіндігін артыру. Окклюзияны тексеру.
II. өткен тақырыпты еске түсіру:
Сұрақ – жауап. 68 беттегі сұрақтарға жауап беріндер.
ІІІ. Жаңа тақырып. жаңа сабақты түсіндіру:
Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар.
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. (43 сурет)
Шымтезек мүгі – сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Жасыл мүктенжәне басқа да мүктерден айырмашылығы - оның резоиды болмайды. Су мен онда ерігенминералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау – жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрі болады: 1) ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;
2) ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар.
Шымтезек мүгі, жасыл мүк секілді жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Шымтезек мүгі – бірүйлі, қосжынысты өсімдік.
Шымтезек мүгі көбею жолдарымен таныстыру, және схемаларың тақтаға салып көрсетү.
Шымтезек мүктің маңызың қарастыру:
- Топырақтың батпақтануын тездетеді.
- Шымтезек қабатың құрайды.
- Фотосинтез процессің жұргізеді.
- Құнарсыз топырақтарда? Топырақ түзуге қатысады
- құстардың қорегі.
- Шымтезекті топырақ түзіледі.
- Шымтезек өндіріп, оны отын ретінде пайдаланады.
- Спирт, карбол қышқылы сияқты шикізаттар алынады.
- Мүқтер – тұщы су қоры.
IV. Көзге арналған жаттығулар.
V. Сабақты бекіту және қорытындылау - 70 беттегі сұрақтарға жауап беріндер.
VI. Үйге тапсырма
§ 18, 68-70 бет