Тақырып. Түр түзу үдерісі, оның типтері
Мақсаты: оқушыларға түрдің түзілуін түсіндіру ,дағдысын эволюциялық бағыттарға қалыптастыру.
«Көпір (жеке жұмыс) Тапсырмалары
өткен
тақырыптар
бойынша жаңа сабақты
меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1.Бейімделгіштік дегеніміз не? Ж :тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайына құбылысында,мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылатын ерекшеліктерді иемдену.
2.Сәйкестендір:
Жануарлар мен өсімдіктердің солтүстіктің суығына,жоғары температураның тапшылығына бейімімделуі
Климаттық бейімделу
Шымшықтардың әр түрі ормандағы өсімдіктердің бір белдеуқабатында өмір сүріп,әр түрлі бунақденелілермен қоректенуі.
3.Қорғаныш реңнің қандай түрлері бар? Ж:бүркемелену,бөлшектену,көлегейлену
ІІ кезең (топтық жұмыс( жаңасабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады. (10 минут) ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 мин)
Нәтижесі ауызша марапатталады
1-қадам (топтық
жұмыс) теория
бойынша «Білу»
критерийінің
индикаторлары:
тақырып мазмұны
бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелу керек)
Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Эндемик –дегеніміз бұл ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар.
2.Ароморфоз кезінде мүшелер құрылысы едәуір күрделеніп,тіршілік үдерісі күшейе түседі.
3.Идиоадаптация –ортаға бейімделгіштік маңызды өзгерістерге жеткізбесе де ,алға басу бағыттары болып саналады.
2-қадам топтық жұмыс) теория бойынша «Түсіну» критерийінің индикаторлары: (неге? неліктен? себебі? не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
Себебін анықта:
1.Ароморфоз неліктен морфологиялық-физиологиялық үдеріс .
Ж.Бұл зор бейімделгіштіктің пайда болуы тіршілікке бейім
ділікті едәуір көтеріп жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі.Ароморфоздың пайда болып көбеюі арқасында кластар,бөлімдер,типтер,дүниелер пайда болды.Ароморфоз кезінде мүшелер құрылысы күрделеніп ,тіршілік үдерісін күшейте түсті.
2.Неліктен бір көлдің әр бөлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі болады?
Ж .Судың түбі мен беткі қабатындағы су температурасы мен химиялық құрамы бойынша ерекше,сондай- ақ жағалау мен орталық аумағында тірі ағзалар мөлшерінің мен типінде айырмашылық болады.
3-қадам( топтықжұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары: 1салыстыр
2айырмашылығы неде
3. Ұқсастығы неде?
4. тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
1.Салыстыр.
Идиоадаптаия мен дегенерация терминін.
Ж:Идиоадаптация-бұл ағзалардыі нақтылы орта жағдайына аз-аздап , жеке бейімделуі.
Дегенерация-бұл ағзалардың паразиттік күйге көшуәне байланысты жекелеген мүшелерінің жойылуы(редукция)
2.Айырмашылық:
Микроэволюция макроэволюция.
Ж:Микроэволюция-жаңа түрлер мен түршелердің пайда болу үдерісі.
Макроэволюция –жаңа түршелер мен таксондарының қалыптасу үдерісі
4-қадам( топтықжұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер,
Мазмұнды жүйеле, кестені тірек сызбаны
Сөзжұмбақты толтырнемесе өзің құрастыр тағы с.с басқа түрдегі тарсырмалар оқушының жоғары дағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
Кестені толтыр:
Ароморфоз Идиоадаптация
Дегенерация
анықтама
Оқулықпеп жұмыс (5 минут) төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына « Баға бері» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға , эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады
5-қадам( топтықжұмыс) практикада бекіту практика жүзінде
« Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалар мен бекіту жүргізіледі. Дайын формалар арқылы есептер шығару орындалады
Оқулықпен жұмыс: 1.Өсімдіктер ароморфозы
2.Жануарлар ароморфозы
6-қадам( топтықжұмыс)
«Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін
( теория бойынша) және біліктілігін (практика бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
1.Егер өсімдіктің жанама тамырларын кесіп тастаса тамырда ароморфоз жүре ме?
Ж: Жүреді ,себебі оның негізгі тамырының бөлімдері бұзылған жоқ.
2.Сансивьера өсімдігін қалай көбейтуге болады?
Ж.Жапырағын кесу арқылы көбейтіп тамыр жүйесін жетілдіруге болады
ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейдге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +3 минут қорытынды жасалады
Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорынтынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып,келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің
индикаторлары:
тақырып мазмұны
бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді?
сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктеліп ІІ кезеңдегіге қарағанда керсінше қойылады
Бос орындарға тиісті сөздерді жаз.
1.Жеке аралдарда қорегіне қарай қунақтардың тұмсығы өзгеріп отырады.
2.Эндемиктер-дегеніміз бұл ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар.
3.Ароморфоздардың көбеюі арқасында кластар,бөлімдер,типтер,дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болды.
4.Идиоадаптация-бұл ағзалардың нақтылы орта жағдайына аз-аздап жеке бейімделуі.
5.Дегенерация морфологиялық-физиологиялық кері кету.
2-қадам( жеке жұмыс) практика жүзінде «Қолдану» критериіне сәйкес (ІІ кезеңдегі 5- қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады
Биологиялық диктант:бос орынға тиісті сөздерді қойып жаз.
Бірнеше ондаған жылдарға созылған қуаңшылық салдарынан бір кездері бірегей болған бұйра тотылар түрі географиялық оқшаулануға тап болды.
1-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралақ өлшем): «дұрыс» , « толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский) Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі- бес балл- «сынақтан өтті»- «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемң- «3» журналға қойылады,егер келесі деңгейтапмырмасн меңгере алмасы
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл-9 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) теория бойынша «Түсіну» критериінің индикаторларына неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сәйкес сұрақтарғ оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады
Себебін анықта:
1.Бұйра тотылар түрі неліктен географиялық оқшаулануға тап болды?
Себебі:бірнеше жылдарға созылған қуаңшылық салдарынан.
2.Неліктен бір көлдің әр бөлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі болып келеді?
Себебі:судың түбі иен беткі қабатындағы су температурасы мен химиялық құрамы бойынша ерекше.
3.Неліктен арамтозғанақты морфологиялық-физиологиялық кері кетуге жатқызамыз?
Себебі.ол тамыр және жапырақтарын ғана емес ,тіпті хлорофилін,фотосинтезге бейімділігін де жойды.
2-қадам (жеке жұмыс) теория бойынша «талдау» критериінің индикаторына сәйкес1салыстыр
2айырмашылығы неде
3. Ұқсастығы неде?
4. тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек.немесе1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жаз:
Тақырыптың басты идеясы неде? Микроэволюция –түр түзу көбінесе оқшаулануға негізделеді.Осыған орай ол негізгі екі географиялық және экологиялық типтерге бөлінеді.
3-қадам (жеке жұмыс) «Қолдану» критериіне сәйкес (ІІ кезеңдегі 5- қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады
Дұрыс жауаптарды белгіле: Аналық түрдің таралу аймағы бөлініп қалып ,оның популяциясы географиялық тұрғыда оқшауланады.
а)экологиялық түр түзу б)географиялық тип в)микроэволюция
-Қуаңшылық салдарынан оқшаулануға тап болған құс: а)торғай б)бұйра тоты в)үкі
-Қорегіне қарай қунақтардың қай мүшесі өзгерді?
а)мұрны б)аузы в)тұмсығы
2- аралық нәтиже: бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі ( аралық өлшем).- «дұрыс» , «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады. Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – 5 балл-
ІІІ деңгей (9 балл -3 балл -12 балл)
1-қадам (жеке жұмыстеория бойынша «Жинақтау» критериінің қортынды шығаруға бағытталған индикаторлары
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені толтыр тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағас.с басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғардағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
ІІкезең 4- қадамда «Жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады
Сөзжұмбақты шеш:
1. Жаңа түршелер мен таксондардың қалыптасу үдерісі.
2. Нақтылы орта жағдайына аз-аздап жеке бейімделу.
3. Жаңа түрлер мен түршелердің пайда болуы.
4. Ағзалардың паразиттік күйге көшуіне байланысты кейбір мүшелердің жойылуы.
5. Мүшелер құрылысы күрделеніп ,тіршілік үдерісі күшейе түсті.
2-қадам (жеке жұмыс) «баға беру» (Сен қалай ойлайсың?не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін(практика бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады | Сен қалай ойлайсың? Көл бір ғана географиялық нүкте,оның ішінде табиғи кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес.Алайда әр бөлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі, неліктен? Ж:Судың түбі мен беткі қабатындағы су температурасы және химиялық құрамы ерекше , сондай-ақ жағалау және орталық аумағындағы тірі ағзалар мөлшері мен типінде айырмашылық болады.Ойыңды жалғастыр. |