Сынып:10
Күні:15.10.2014
Тақырыбы: Бактериялар тіршілік әрекеттерінің алуантүрлілігі
Мақсаты:Бактриялардың тіршілік ортасымен таныстыру. Оқушыларды биологиядан 7 сыныпта өткен биологиядан бактериялардың түрлерін, бактериялар тіршілік әрекетінің алуан түрлілігі еске түсіру.
Дамытушылығы: Бактериялар қандай аурулар тудыратынымен, пайдасы, зиянымен таныстыру.
Білімділігі: Бактериялардың қандай жерлерде кездесетіні туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі: Биосфераны зиянды бактериялардан қорғау.
Құрал-жабдықтар: карточкалар, бактериялар суреттері, электронды көрсетілімдер
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Бактерияның түрлері слайд, үлестірмелі материал, қосымша кітаптар.
Пәнаралық байланыс: тарих, химия, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Прокариоттардың пішіндері:
а)Әр түрлі
в)Шар
с)Таяқша
д)Оралма
е)Үтір
2.Өте ертедегі алғашқы организмдер:
а)Эукариот
в)Бактерия
с)Вирус
д)Прокариот
е)Саңырауқұлақ
3.Прокариоттардағы ДНҚ-да қатарласа орналасқан......... өте бейім гендер.
а)Үш еселенуге
в)Екі еселенуге
с)Төрт еселенуге
д)Бес еселенуге
е)Алты еселенуге
4.Прокариоттар неше минут сайын көбеюге қабілетті болып келеді
а)25
в)24
с)23
д)21
е)22
5.Бактерияларды табу, зерттеу қай ғасырда дамыды?
а)XVII ғ.
в)XXғ.
с)XIVғ.
д)XVIIIғ.
е)XVғ.
1-а 2-д 3-в 4-е 5-а
Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:
Жоспар:
1.Бактериялар туралы жалпы түсінік.
2.Бактериялардың кездесетін жері.
3.Бактериялардың пайдасы мен зияны
БАКТЕРИЯЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк - жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы ағзалар. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады.
Бактериялардың кездесетін жері.
Бактериялар барлық жерде: ауада, суда, тағамда, топырақта, өлі денелілер мен тірі ағзаларда кздеседі.Суық болса да Арктика, Антарктида, өте ыстық Сахара шөлінде де 800 С ыстық қайнарларда да, жерасты суларында да кездеседі.Бактериялар топырақтың , судың, азықтардың үстіңгі қабатттарында тіршілік етеді.
[pic] [pic] [pic]
Бактериялардың пайдасы мен зияны
Пайдасы:
Шіріту бактериялары біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына әсерін тигізеді. Кейбір батериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп , топырақты азотты қосылыстарымен байытады, оған түйнек бактериялар жатады.Бактериялар судағы улы заттарды сіңіріп, суды улы заттардан тазартады.
Зияны:Көптеген бактериялар азық-түлікті шірітіп , бұзады. Шөптердің ылғалын кептірмей маяласа, бактериялардың әсерінен шіріп кетеді.Ағаш құрылыстарда, қағаздарда, ауаларда, темір жолға төселген ағаштарды ыдыратып, істен шығаратын да бактериялар.
Тапсырмалар:
1-тапсырма.
Осы тапсырма бойыша 3 топта кластер құру қажет. Әрбір топ өзінің құрастырған кластері бойынша тақтаға шығып қорғауы қажет.Дұрыс жауап берген топқа жетон беріледі.
2-тапсырма.
Бұл тапсырмада әр топ бір-біріне сұрақ қояды.Әр топ бір-біріне үш-үш сұрақтан қояды. Жеңген топқа жетон беріледі.
3-тапсырма. Сызықтық диктант
«^» -дұрыс, «-» қате. Мына белгілер арқылы сұрақтардың жауаптарын жазу керек. 5 сұрақ беріледі. Дұрыс жауапқа жетон беріледі.
1.Бактерия (грекше «бактерион»- шар) деген мағынаны білдіреді.
2.Бактериялар ауада, суда, тағамда, топырақта, өлі денелілер мен тірі ағзаларда кездеседі.
3.Бактерия көп жасушалы ағза.
4.Көптеген бактериялар азық-түлікті шірітіп, бұзады.
5.1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
4-тапсырма
Бұл тапсырмада әр топқа жеке- жеке тапсырма беріледі. Бактерияның пішінін салу қажет. Таяқша, оралма, үтір тәрізді.
Жаңа сабақты бекіту.
Бұрыннан білемін «+»
Мен үшін жаңалық
« !»
Түсінбедім
«?»
Кейбір ақпаратпен келіспеймін
«-»
Бағалау.
Барлық жетондарды есептеп, жеңімпаз топты анықтау.
Үйге тапсырма: