Сабақ жоспары №22 7сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ (немесеінжуір) және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрлысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1Ұлулар типі жайында жайында жан – жақты түсінік беру.

2. Оқулықты пайдалана отырып өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру .

3. Қоршаған ортаға саналы көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар, электронды оқулық

Сабақтың әдісі: салыстыру,баяндау.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.

Үй жұмысын тексеру:

Қосжақтаулы ұлулардың көбеюi. Дара жынысты жануарлар. Ұрықтануы iшкi. Жұмыртқа аналық безде түзiлiп, сумен бiрге сперматозоидтар түсетiн мантия қуысында ұрықтанады.

  Қосжақтаулы ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан дернәсiл түзiлiп, ол шығару сифоны арқылы жүзiп бара жатқан балыққа бекiнедi. Балық денесiнде дернәсiлдер екi айға дейiн дамып, содан соң су түбiне түсiп, еркiн тiршiлiк етедi.

 

Қазiр 80000 астам тiршiлiк ететiн және 35000 жуық қазба түрлерден тұратын бұл жануарлар типi көлемi жағынан буынаяқтылардан кейiн ғана екiншi орында тұр. Басаяқты моллюскаларға ең iрi омыртқасыз жануар, салмағы бiрнеше тонна, ал ұзындығы 16 м-ге жететiн алып кальмар жатады. [pic]

Типтiң түрлi өкiлдерiнде қорғаныс суыттың, iштей және сырттай ұрықтануды және газ алмасуда өкпе мен желбезектi пайдалануды қамтамасыз ететiн механизмдердiң пайда болуы, молюскаларға су мен құрлықты басып алып түрлi экологиялық орталарды мекендеуге мүмкiндiк бердi. Аса елгезек моллюскалардың қимылдауына бөгет болатын сауыт өзгередi немесе жойылады. [pic] [pic]

Ұлулар типінің маңызы:

Ұлулар биоценоздың әртүрлi қоректiк тiзбектерiне кiредi. Қосжақтаулы моллюскалар судың биофильтраторлары болып табылады. Мысалы, бiр моллюска бiр сағат iшiнде 10 л суды,  органикалық қосылыстардан тазартып, фильтрлейдi.

 Кейбiр ұлулардың түрлері – устрицалар мен мидияларды адам тағам ретiнде қолданады. Кальмар, сегiзаяқ және басқа да Басаяқты моллюскалардың еттерi адам үшiн қорек заты болып табылады. Олардың кәсiпшiлiгi Жапония, Қытай және Кореяда дамыған.

Теңiз меруерттерi үлкен қызығушылық тудырады. Бұл моллюскалардың бақалшағы мен мантиясының арасында меруерт түзетін ұлу.

Қорытындылау: Салыстыр




Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма