АШЫҚ САБАҚ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ (6 КЛАСС)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Ақтөбе қаласы

Телимова Камшат Исаевна

51 гимназия

Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу.
3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу. 
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, суреттер, бейнефильм
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: ойын әдістері, салыстыру, топтастыру, сипаттау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа дайындау, оқушыларды есепке алу.

II:Ой қозғау.
1) Бактериялар қандай организмдер?
2) Бактерия жасушасының құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
3) Эукариоттар қандай организмдер?
4) Қандай оаганизмдердің жасушасында ядро болмайды?
5) Бактериялардың формалары қандай болады?
6) Олардың қозғалысқа келтіретін органоидтері бола ма?
7) Бактериялардың мөлшері қандай?
8) Бактериялар қалай қоректенеді?
9) Сапрофит бактериялардың қоректену ерекшелігі неде?
10) Паразит бактериялар қалай қоректенеді?
11) Олар қалай тыныс алады?
12) Бактериялар қалай көбейеді?
ІІІ. Бейнефильм. «Бактериялардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.»

IV. Постер қорғау. 
I топ – сүтқышқыл бактериялары

II топ – түйнек бактериялары

III топ – шіріту бактериялары

IV топ – ауру туғызатын бактериялар

V топ- цианобактериялар

V. Толғаныс.

Дұрыс пікірді анықтаңыз: Иә, жоқ.

  • 1. Прокариоттарға жатады.

  • 2. Споралардың көмегімен көбейеді.

  • 3. Барлық жерде кездеседі.

  • 4. Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

  • 5. Біржасушалы ағзалар.

  • 6. Жасуша қабықшасы, цитоплазма, оқшауланбаған ядродан тұрады.

  • 7. Жасушасы жоқ кішкене бөлшек.

  • 8. Қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер болып бөлінеді.

VI. Білімін бекіту. Білімін бекіту үшін зертханалық жұмысты орындау. 
зертханалық жұмысты №30 
Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы көрінісін қарау. 
Мақсаты: микроскоп арқылы пішен таяқшасын қарау; оның пішініне назар аудару. Өз бетінше тәжірибе жасай білуге дағдылану. 
Құрал – жабдықтар мен материалдар: микроскоп, колба, мақта, заттық және жабын шыны, сапты ине, шыны, шөп, стакандар. 
Жұмыс барысы: 1. Тәжірибе жүргізгенге дейінгі іс-әрекеттер. 
Аздаған шөпті суы бар колбаға сал, мақтамен тығындап жап және 30 минут бойы кайнат,
осы кезде пішен таяқшаларынан басқа, барлық бактериялар өледі. Сүзілген тұнбаны ал және ерітіндіні бірнеше күнге бөлме температурасындағы жылылықта қалдыр. Жақын арада пішен таяқшаларының көбейетіндігі соншалықты, ерітіндіні қабықтар (пленка) басып кетеді. Заттың шыныға бір тамшы су тамыз. Инемен пішен таяқшалары жабылған қабықшадан (пленкадан) сынама ал.Сынаманы сумен араластыр, жабын шынымен жап және микроскоп арқылы қара.Осы тәжірибенің қорытындысының суретін салып және оны сипатта. 

Бактериялардың негізгі биологиялық ерекшеліктері: 
• Біржасушалы әртүрлі пішінді ағзалар. 
• Денесі сілемейлі органикалық заттан тұрады. 
• Жасуша қабықшасының өткізгіштік қабілеті бар. 
• Жасуша органоидтары болмайды. 
• Аэробты, анаэробты түрлері бар. 
• Бөліну арқылы көбейеді. 
• Қолайсыз жағдайларда спора түзеді. 
• Мутацияға бейімді. 
• Әр түрлі орта жағдайларына бейімделген. 


V. Үйге тапсырма: Бөлімді қайталау 

Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. «Бактериялық аурулар» тақырыптарында хабарлама дайындау.
Есеп: 1 ауада қанша бактерия барын есептеу. Егер, 1, теңіз ауасында 1 бактерия, қала саябағында 400 есе көп, қала көшесінде 12 есе саябақтан, желдетілген бөлмеде 56 есе қала көшесінен көп, ал мал қорада 7 есе желдетілмеген бөлмеден көп. 
Биологияға қызығушылығы бар оқушыларға арналған тапсырма: 
Күнде тамақ алдында қолды жуу керектігін дәлелдейтін тәжірибе. 
Бактерияға арналған қоректік орта: Картоптың бір түйнегін алып, жуып, тазалап, екіге бөліп, 2-3 сағат 1 ас содасына салып қою керек. Одан оны пісіріп, тілімдейді. Тілімдерді Петри ыдысына сүзгі қағазының үстіне салады. Осы жасалған қоректі 3 ыдысқа бөліп салу керек. 1-ші ыдыстағы картопты жуылмаған қолмен ұстап; 2-ші ыдыстағыны сабынсыз жуылған қолмен, ал 3- ші ыдыстағыны сабынмен жуылған қолмен ұстап, Петри ыдыстарын жарығы бәсең жылы жерге қояды. Осы тәжірибенің нәтижесін 2-3 күннен кейін тексеріп; кішігірім баяндама жасау. Келесі сабақта микроскоптан көрсетіп, қолды үнемі сабындап жуу керектігін ескерту.





Начало формы

Конец формы

Начало формы