Астық тұқымдастар (6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Телимова Камшат Исаевна 

Ақтөбе қаласы
№ 51 гимназия

биология пәнінің мұғалімі 

Сабақтың тақырыбы: § 49. Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер. 
Сабақтың мақсаты: Астық тұқымдастардың түрлерімен, маңызымен, адам өміріндегі алатын орнымен таныстыру;
Білімділік: Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер өкілдерімен, құрылысымен, тіршілігімен таныстыру, олардың маңызы мен ерекшеліктерін жете түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, сөйлеуге, ойлау, ой- өрісін дамыту. 
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға баулу, адамгершілікке, 
жинақылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту. 
Сабақтың түрі: Аралас 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме,
Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, суреттер, интерактивті тақта


Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру.
 
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Бекіту сұрақтары

Ү. Қортыныды

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән белгілерді ата?
 
2. Пияз тұқымдасының маңызы неде?
 
3. Фитонцидтер деген не?
 

4. Пияз тұқымдастардың тұқымдары қалай таралады? 
5. Пияз тұқымдастардың маңызы қандай, басты пиязды пияз тұқымдастарға жатқызудың қандай себебі бар?
 
6. Дәрі үшін інжугүлдің қай мүшелерін пайдаланады?
 
7. Пияз тұқымдастардың қандай түрлері Қызыл кітапқа тіркелген?
 


ІІІ. Жаңа сабақ: 
• Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар – даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер.
 
• Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ. Даражынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады.
Аталығы – 3. Аналығы – 1. 3 жеміс жапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді екі телімді болып келеді. Жемісі – дәнек. 
Гж2А3Ж (3) (Гж – гүлжарғақ).
 
• Тамыр жүйесі – шашақ тамырлы.
 
Екпе күріш
 
• биіктігі 50–150 сантиметрге дейін жететін біржылдық даражарнақты өсімдік. Гүлшоғыры – ұзындығы 10–40 см көп масақты сыпыртқыгүл. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді.
 
• Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж (3).
 
• Азықтық дақыл. Дәнегінде 9–12% нәруыз, 65–70% көмірсу және 4–6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы – асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштен алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Сабын мен шырақ дайындауға күріштің ұрықтық дәнегінен май алынады. Күріштің сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі – малға азық.
 

Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено
 
жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады. Екі мәрте
 
Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
 
Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды.
 
Күріш
 
• Бидай, тары, сұлы, арпа – біржылдық даражарнақты азықтық
 
өсімдіктер.
 
• Сұлы негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады.
 
Сабансабақтардан бидай түптенеді.
 
• Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі – дәнек.
 
• Тарының гүл шоғыры – масақ тәрізді сыпыртқыгүл, ал сұлының гүлшоғыры – сыпыртқыгүл.
 

Құмай
 
• Астық тұқымдас біржылдық даражарнақты өсімдік.
 
• Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді.
 
• Құмай (сорго) – азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны – Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам . бұрын құмайды баптап, өсірген. Құмай – жылу сүйгіш, ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.
 

ІҮ. Бекіту:
 

1. тапсырма: Сәйкесін тап

Шығанақ Берсиев тары

Ыбырай Жақаев күріш

Отаны Африка екпе күріш

Биіктігі 50-150 ге жететін құмай




2 тапсырма: «Астық тұқымдастар өкілдеріне тән белгілерді тауып көрсет»
 

1. шөптекті өсімдік
 
2. тіршілік формасы – ағаштар мен бұталар
 
3. жапырақтары доға жүйкелі
 
4. жапырақтары – қатар жүйкелі, жапырақтары күрделі
 
5. жемісі - дәнек
 
6. жемісі - тұқымша
 
7. гүлшоғыры – себетгүл
 
8. гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ
 
9. гүлінің формуласы -- Гс 2 А3 Ж(1)
 
10. гүлінің формуласы - Гс 3+3 А3+3 Ж1
 
12. гүлдері - тілшелі, түтікшелі
 
13. гүлдері екі кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады
 
14. тамыр жүйесі – кіндік тамырлы
 
15. тамыр жүйесі - шашақ тамырлы
 

ҮІ. Үйге тапсырма: § 49. Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
 
«Ы. Жақаев - күріштің атасы» - баяндама дайында

ҮІІ. Бағалау