Сабақ тақырыбыБактериялардың пайдасы 6-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 6 «А» Пән: Биология Өткізілген күні:

Сабақтың тақырыбы:Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу.

3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, тірек – сызба, суреттер,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: ойын әдістері, салыстыру, топтастыру, сипаттау.

Сабақта пәнаралық байланыс: Медицина, технология, экология.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:1.Сыныпты сабаққа дайындау, оқушыларды есепке алу.

2. Тренинг өткізу: Оқушылар орындарынан тұрып, шеңбер

құрады.Қолдарынан ұстап, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

3.Үстелден ұнаған жеміс түрін алып, топқа бөлінеді.

4.Спикер сайланады. (орындықтың артқы жағына алдын-ала

қағаз жабыстырылады)

5.Бағалау парақтарымен танысады.


Бағалау парағы


ІІ.Өткенді тексеру

1. Үй тапсырмасын тексеру тесті


1.Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым - ...... А.Зоология

В. Биология

С.Микробиология Д. Палеонтология

Е.Генетика 2. Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан ғалым

А. К.Линней

В. Б. Ламарк

С. А. Уоллес

Д. А. Левенгук

Е. Н. Вавилов

3.Улы заттарды ауру адамның денесіне не таратады?

А. Су

В. Кан

С.Жасуша Д. Өсімдік

Е. Вирус

4.Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды Р.Кох қай жылы анықтады? А.1840

В. 1845

С. 1850

Д. 1683

Е. 1882

5.Нені қабылданғанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды?

А. Пенициллин(антибиотик)

В.Тағамдар

С.Йод

Д.Қант Е. Өсімдік

Дұрыс жауабы:1-с,2-д, 3-в, 4-е, 5 –а


Оқушылар бір-бірін тексереді және бағалайды:Дұрыс жауап 1 ұпай

5 ұпай – «5»

4 ұпай - «4»

3 ұпай – «3»

2 ұпай – «2»

2. Биологиялық диктант

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобын .... .... бактериялар деп атайды. Осындай бактериялар ауада, суда, тағамда ..... етеді. Олар адам денесіне енген соң оның ..... ..... көректеніп тез көбейе бастайды. .... ұлы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын ...... дейді. Ауырған кеде адам түрлі ..... пайдаланады. Бактериялардың көптеген түрі ...... зақымдайды. Ол ауруды ..... дейді. Бактериялар мақта өсімдігінде ..... ауруын туғызады. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ...... сақтау.


Тірек сөздер:  Гоммоз, өсімдіктерді , дәріні, бактериоз, ағзалық затымен, ережелерін, індет, қан, ауру туғызатын, тіршілік


Жауабы:

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобын ауру туғызатын бактериялар деп атайды. Осындай бактериялар ауада, суда, тағамда тіршілік етеді. Олар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен көректеніп тез көбейе бастайды. Қан ұлы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет дейді. Ауырған кеде адам түрлі дәріні пайдаланады. Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді зақымдайды. Ол ауруды бактериоз дейді. Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз ауруын туғызады. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ережелерін сақтау.

Бағалауы: Дұрыс жауап 1 ұпай

9-10 ұпай – «5»

6-8 ұпай - «4»

4-5 ұпай – «3»

2-3 ұпай – «2»

ІІІ. Суреттермен жұмыс: (слайд)

.Тақырыпты ашатын «ой шақыру» әдісін пайдаланып,cүреттер арқылы Бактериялардың таралуы жөнінде мысал келтіріңдер? 
Ағзалар арасында қандай өзгерістер болады? 

ІV Жаңа сабақтың тақырыбы: Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты: Бактериялардың таралуы мен оның маңызын білу.

V.Постер қорғау

Берілген тақырыптар бойынша постер жасалады:

І топ -Бактериялардың таралуы.

ІІ топ – Бактериялардың табиғаттағы маңызы

ІІІ топ- Бактериялардың адам өміріндегі маңызы.


Постерді бағалау критерийлері

VІ. Бекіту. ( топтық жұмыс).

Домино ойыны( қағазда берілген сөйлемдердің жалғасын табу)



Тексеру, бағалау:Дұрыс жауап – 1 ұпай

9-10 ұпай – «5»

6-8 ұпай - «4»

4-5 ұпай – «3»

2-3 ұпай – «2»


VІІ. Рефлексия «Тазалық»


VІІІ. Үй жұмысы.