Разработка открытого урока Эволюция

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бектау ауылы
Бектау орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Рапиза Асқапқызы

Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, даму тарихы, қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта- қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілік қарым-қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, презентация, суреттер,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Пәнаралық байланыс: география, экология.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылығын ояту:

а)бағалау парағы беріледі.

б) топқа бөлу: сан бойынша бөлу (1,2,3)

в) үш топқа тапсырмалар беріледі.
1 топ: Топтастыру стратегиясы



[pic]

2 топ: Ч.Дарвин өмірінің кезеңдері

1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігер отбасында өмірге келді
1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
1828 жылы Кембридж университетінің дін факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.
1831 жылы Ч.Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің профессоры Джон Генслодан хат алды. Хатта Дж. Генсло «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысуын өтінді. Ч. Дарвиннің 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.

3 топ: «Бигль» кемесінің мақсаты:

Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасау.

Кеменің саяхаты 1831жылы 27 желтоқсанда басталып, 1836жылы 25қазанында аяқталады.

ІІ. Мағынаны тану

1 топ: Сызбанұсқамен жұмыс: кітаппен жұмыс

2 топ: “Сандар сөйлейді “ ойыны

1809 — Ч.Дарвиннің туған жылы
1826 -Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
12.02-Туған күні
22 -Саяхатқа қатысқан жасы
1831 — оқу бітірген жылы, саяхатқа шыққан жылы
1828 — Кембридж университетінің дін факультетіне түсуі
1836 -Саяхаттың аяқталған жылы
27.12 -саяхаттың аяқталған күні
5 — саяхатта болған жылы
25.10 — Саяхаттың аяқталған күні
2 — Қолдан сұрыптаудың бөлінуі
1868 — «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген еңбегі
1859 — «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» деген еңбегі
1871 — «Адамның шығу тегі» туралы еңбегі
1882 — Ч.Дарвиннің қайтыс болған жылы

3 топ: Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары:
Қоғамдық-экономикалық:
-Англияда ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.
-Жергілікті мамандар жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің өнімді іріктемелерін көптеп шығара бастады.
Ғылымдағы жаңалықтар:
-жасуша теориясының;
-тірі организмдердің ұрықтарының ұқсастығының;
-өлі және тірі табиғаттың химиялық
біртұтастығының;
-аралық формалардың;

ІІІ. Ой толғаныс
1 топ: «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы мағлұмат беру) Карл Линней және Жан Батист Ламарк ғалымдарының еңбектері және маңызы туралы мәліметтер беру.
сол ғалымдардың

Ж.Б.Ламарк еңбегі: 1809ж «Зоология философиясы» деген еңбегі.
Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарап, омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөліп, 6сатыға, 14 класқа топтастырды. Бірінші болып, «Биология» терминін енгізді.
К.Линней еңбегі: 1735ж «Табиғат жүйесі». Ағзалардың қосарланған атауын- қосарлы атау тізімді ғылымға енгізді.

2 топ: «Биологиялық домино»
Қолдарына таратылған сөздерді ретімен орналастыру керек.
1. Эволюция деп- органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады.
2. Гераклит: «Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді».
3. Ж.Бюффон: «Табиғи тарих» атты еңбегінде: Бейорганикалық заттардан алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам пайда болды».

3 топ: Биологиялық диктант

1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі ……………………………………………….
…………………………………………………………………………………………………..деп аталады.
Жауабы:
1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы” деп аталады
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарыққа шыққан еңбегі…………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………. деп аталады.
Жауабы:
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” деп аталады.
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі…………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………………. деп аталады.
Жауабы:
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деп аталады.


IV.Бағалау: Критериялды бағалау.
V.Үйге тапсырма
: §.36. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі