Биология 8 сынып. Қан ұюы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.




  • Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру.

  • Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

  • Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдстыру кезеңі А) амандасу
Ә) түгендеу
Б) сабаққа дайындықтарын тексеру
 В)топқа бөлу.

(топтар топ атауларын таңдайды, алған атаулары бойынша үстелдегі топ белгісі жазылған топтарына сәйкесінше жинақталып отырады.)

І топ – Сүйектер 
ІІ топ – Бұлшықеттер
ІІІ топ – Эритроциттер 
ІV топ - Лейкоциттер

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1 - тапсырма: (жеке жұмыс,барлық оқушыға үйге берілген тақырып бойынша сұрақтар беріледі алдарына берілген сұрақтарға оқушы дәптерге орындап жауап береді. Болған соң дәптерін көршісімен алмастырады, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып дәптерлерін тексереді,дұрыс және бұрыс жауап санын жұмыстың соңынан жазып көрсетіп, қайтарып береді.)

1. Қан құрамына кіретін заттар? (плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)
2. Қанның қызыл жасушаларын қалай атаймыз?  (Эритроцит)
3.Эритроциттер қайда түзіледі? (Сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда)
4.Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз? (Лейкоцит)
5.Фагоцитозды ашқан кім?  (И.Мечников)
6. Лейкоциттер қайда бұзылады?(көкбауырда)  
7. Лейкоциттер не арқылы қозғалады? (жалғанаяқтар)
8.Оттегін тасымалдайтын нәруыз? (гемоглобин)
9.Ядросы жоқ қан жасушасы? (эритроциттер)
10. Қандағы түссіз сұйықтық (плазма)

2- тапсырма: Жоғалған мәліметті толықтыр (топтық)

[pic]

(Орындап болған соң топтар алмастырып тексереді, сэндвич әдісімен бағалайды.)

Жауабы:

[pic]

ІІІ. Сергіту сәті

(оқушылар орнынан тұрады топ атаулары туралы мәліметтер келтіріледі, сол берілген мәліметке сәйкес топтасы)

  1. Олар біздің денемізге тірек болып, дене пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. (Сүйек)

  2. Олар біздің денемізді тік бағытта ұстайды және денеміздің түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. (Бұшықеттер)

  3. Олардың адам организмінде орташа алғанда 25 триллионы бар. Олар болмаса біздің организміміз оттексіз қалар еді (эритроциттер)

  4. Олар белсенді қозғалады. Мечников олар өте тойымсыз деп, ұстап алған нәрселерінің бәрін сіңіріп алатынын зерттеген. (лейкоциттер)







IV жаңа сабақ

1 мәтін:

Тромбоцит — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.

Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады. Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері.

Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі

  • грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.

  • протеин, май, көмірсулар жатады.

ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі




2 мәтін:

Қанның ұюының бейімделгіш маңызы зор, тамырлар зақымданған жағдайда организмді қансыраудан сақтайды. Сонымен қатар, тамырларда айналатын қанның ұйып қалмауы да өте маңызды. Дені сау адамның ұсақ тамырлары жарақаттанған кезде қан кету 3 – 4 минутта тоқтайды. Бұл тамырлардың тарылып, жарақат шетіне жабысып қалатын тромбоциттердің бірігуіне байланысты. Осы кезде тромбоциттердің бір бөлігі бұзылып, олардан тромбопластин ферменті, сондай – ақ тамырлардың тарылуы мен күрделі химиялық реакциялар тудыратын биологиялық белсенді заттар босап шығады. Тромбопластин қатысында кальций иондары және атмосфералық оттек бар болса, күрделі ферменттік реакциялар нәтижесінде плазманың ерігіш нәруызы – фабриноген ерімейтін фибринге айналады. Фибрин жіпшелері жарақат орнында эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрып қалатын тығыз талшықты тор түзіп, ұйыған қан – тромб пайда болады. Қалың тромб тамырды бітеп, қан кету тоқтайды. Тромбопластин, фибриноген, фибрин және кальций иондарынан басқа қанның ұюына бірнеше ферменттер, К витамині, міндетті түрде оттек қатысады.



















V.Бекіту

1 тапсырма- топтан бір оқушыдан шығып көрші топқа тақырып түсіндіру.

(бағдаршам әдісі бойынша бағаланады)

2 тапсырма – «Достым өз денсаулығыңды күт» көрініс қою

Критерийлері :

1.Барлық топ мүшелері қатысуы тиіс

2.Тақырыптан ауытқымау

VI . Үйге тапсырма

І - §30 оқу.

ІІ - Порфирия ауруы туралы ақпара тауып келу.

VІI .Бағалау.Тапсырмалардан алған бағаларын жинақтап журналға түсіру.

VІI. Кері байланыс

Баспалдаққа шығу әдісі бойынша тақтадағы баспалдақтың сатысынан өзінің орнын көрсету. Критерийлерге жеткенін немесе не себепті жете алмағанын сұрау