Сабақ жоспары. Негізгі генетикалық ұғымдар (9-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мерзімі:

Сынып: 9«а» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғымдар.

Сабақтың мақсаты: І Білімділік: Оқушыларға генетика ғылымы туралы мәлімет беру. Генетикалық есептерді шығара отырып, негізгі түсініктер мен ұғымдарға тоқтала кету. ІІ Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, қабылдай алушылық және пәнге деген қызығушылығын дамыту. Құбылыстарды салыстыра, тани алуды қалыптастыру. ІІІ Тәрбиелік: Оқушылар арасында біздің дүние туралы біліміміздің объективтілігімен дәлелдене алулығы туралы көзқарас қалыптастыру, тәжірибе фактілері мен эксперименттердің мәнін көрсету. Бәсекелестікке қабілетті және елінің шын партиоты болып өсуіне нұсқау беру.

Сабақтың түрі: Кіріспе.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ізденту, еске түсіру, салыстыру, практикалық, ой жинақтау.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, Г.Мендельдің портреті, сызбалар, кестелер.


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу.

- Ой шақыру: - Сендердің ата-аналарың әр түрлі салада мемлекет үшін қызмет атқарады. Ал сендер мемлекеттің болашағысыңдар, ертеңісіңдер. Біздің мемлекет басшысының айтуы бойынша «Болашақ – жастардың қолында». Ал осы ойды іске асыру үшін біз не істеуіміз керек? (жақсы оқуымыз керек).

-Ал ендеше бұл мақсатқа бір қадам болсын жақындауымыз үшін бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: - Сәйкестендіру кестесі бойынша


[pic]

ІІІ Жаңа сабақ:

І Қызығушылығын ояту: -сұрақ-жауап арқылы оқушылар жаңа тақырыпты ашады.


[pic]


- Тірі ағза жасушасында көбеюге қатысатын органойд.

- Адам ядросында 46 санға сәйкес келеді.

- Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылғанда не түзіледі.

- Қос тізбекті нуклеин қышқылы.

- Жер бетінде ағзалар жыныссыз жолмен көбейеді, ал көбеюдің екінші түрі?


ІІ Мағынасын ашу:

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Негізгі генетикалық ұғымдар».

-Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.


[pic]

[pic]


Моногибридті, дигибридті және полигибридті белгілер бойынша ауызша түсіндіріледі.


[pic]


Генетикалық таңбаларды оқушылар көшіріп алады.


[pic]

[pic]


Менднльдің І және ІІ заңына қатысты оқушылар генетикалық есептерді қорытып шығарады. 1-АА х аа; 2-Аа х Аа.


[pic]


[pic]


Биологиялық диктант.

Генетика ғылымының негізін қалаушы _____________ . Ол өз тәжірибелерінде ______________ өсімдігін пайдаланды. Басым белгі ________ әріппен белгіленеді, ал басылыңқы _________ әріппен белгіленеді.







ІІІ Ой толғау.

- Альтернативті тест (ия, жоқ) және «Insert» әдістері арқылы қорытындыланды.


[pic]


[pic]


IV Бағалау.

V Үй тапсырмасы: § 37-38, ұғымдарды қайталау.

Өсімдіктер мен жануарлар белгілеріне екі-екі мысалдан моногибридті есеп шығару.