Биология пәнінен сабақ жоспары. Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. (6-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Биологиядан сабақ жоспары

Мерзімі:19.10-24.10

Сыныбы: 6

Сабақ: 16

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі.

Сабақтың мақсаты: Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістерін білу


Сабақтың міндеті:

  1. Білімділік: Оқушыларға жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы, жапырақтың қызметі, түрлері, жапырақтың жүйкеленуі және түрөзгерісі туралы білім беру.

  2. Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденпаздығын, жауапкершілігін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Зерттеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұтымды ойлауға, белсенді қимылдауға, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа материалдар, тірек сызбалар, кеппешөп, бөлме өсімдігі.

Сабақтың түрі:  Аралас

Сабақ өткізу әдісі: тірек-сызба, топтық жұмыс, сызықтық тест, графикалық диктант, кесте.

Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

II. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин

IV.  Білімді бекіту. 6 мин

V. Үйге тапсырма беру. 1 мин.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.

VII. Қорытынды сөз. 1 мин.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, түгендеу;

Ә) Жаңа сабаққа зейіндерін тұрақтандыру

II.Үй тапсырмасын сұрау ( сұрақ-жауап, кесте)

  1. Өркен дегеніміз не?

  2. Буын және буын аралығы деп нені айтамыз?

  3. Бүршіктің орналасқан жеріне байланысты неше түрі бар?

  4. Бүршіктің ішкі құрылысы?

  5. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің қандай айырмашылығы бар?

  6. Кесте толтыру.

Төбе бүршік

Қолтық бүршік

Қосалқы бүршік

Бұйыққан бүршік

 

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын жұмбақ шешу арқылы тақырыпты анықтап алу.

Көктемде тұрады бұтаққа асылып

Күзде жерде жатады шашылып         

                                             (жапырақ)

Улы газ да, су да оның қорегі,

Тіршілкке қоректік зат бөледі

                                             (жапырақ)

III.Жаңа тақырып:

Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.     фотосинтез     суды буландыру

Жапырақтың атқаратын қызметі                газ алмастыру

                                                                     Органикалық заттарды қорға жинау

                                                                     Көбею

                                                                  жапырақ тақтасынан

Жапырақтың сыртқы құрылысы        сағақтан

Егерде сағақ бар болса онда сағақты, ал егер сағақ жоқ болса сағақсыз жапырақ деп атайды

Фотосинтез, суды буландыру, газ алмастыру, қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Ал сағақтың атқаратын қызметі жапырақ тақтасымен сабақты байланыстырып тұрады және жапыраққа беріктік қызмет береді. Өсімдіктерде жапырақтары бірдей пішінде болмайды.

1-кесте

Бүйрек тәрізді          

(бегония)                


Қылқанды         

     (қарағай)             

Таспа тәрізді   

    (бидай)              

  Жүрек тәрізді  

      (жөке)                

Жебе тәрізді (шырма-уық)

                         

              2-кесте                           

                                                           

                                            

Жапырақ



Жай (бір ғана тақтасы бар жапырақ) емен жөке                   қарағаш


Күрделі (екі немесе одан да көп жапырақ) Терек                қайың


1.Үш құлақты- сағақта 3 жапырақша болады.

2.Саусақ салалы –сағақта 5-7, одан да көп жапырақ саусаққа ұқсап  орналасады.


3.Қауырсын тәрізді – негізгі сағақты бойлай құс қауырсыны тәрізді бойлай орналасады

.

Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз - өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.

Жүйкеленудің қызметі: су мен онда еріген минеалды заттарды өткізеді, беріктік қасиет береді

3-кесте

Жүкелену бірнеше типке бөлінеді:


  1. Қауырсын тәрізді торлы

  1. Саусақ салалы

  1. Параллель


  1. Доғалы жүйкелену



4-кесте

Жапырақтың орналасуының 3 түрі бар.

Кезектесе

Қарама-қарсы

Топтасып

Жапырақтың ішкі құрылысы: астыңғы және үстіңгң өң, бағаналы жасушалар және брпылдақ жасушалар.

Жапырақ түрөзгерістері: сояу, мұртша, тікен, бунақденелілерді аулағыш

IV.Бекіту: 3 топқа жеке-жеке тапсырма беру

1-топ: берілген өсімдіктерді жапырақ пішіндеріне қарай ажыратып, тиісті тобына реттік нөмірін жазу

  1. Қарабидай

  2. Гүлшетен

  3. Қарағай

  4. Шырша

  5. Шырмауық

  6. Жөке

  7. Жүгері  


Таспа тәрізді


Жебе тәрізді


Қылқанды немесе ине тәрізді

Жүрек пішінді






2-топ : Графикалық диктант  «V»   дұрыс,  « - » қате.

1.Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.

2.Жапырақта органикалық заттар жиналмайды.

3. Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады.

4. Егер бір сағақта екі немесе одан да көп тақтасы болса бұл жай жапырақ.

5. Сағақсыз жапыраққа терек, қайың, емен жапырақтары жатады.

6. Көбеюге қатысады.

7. Жапырақ қор затын жинамайды.

3-топ:  Сәйкестедіру тесті.

1. Үш құлақты күрделі                       итмұрын

2. Тақ қауырсынды күрделі                шырмауық

3. Жұп қауырсынды күрделі             қарағай

4. Ине тәрізді                                      беде

5. Бүрек тәрізді                                   асбұршақ

6. Жебе тәрізді                                    бегония

Зертханалық жұмыс №10,№11

V. Үйге тапсырма: § 16,17   40- сурет

VI. Бағалау

VII. Қорытындылау: бүгінгі жаңа тақырып бойынша жапырақтың негізгі өсу мүшесі екендігіне көз жеткіздік.жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысымен, жүйкеленуімен, жапырақ түрлерімен, жапырақ түрөзгерістері туралы білдік Н.Ә Назарбаевтың «жасыл ел» бағдарламасы бойынша жайқалған жасыл желекті ел болайық деп өзімнің сабағымды аяқтаймын