8 сынып биология
Тыныс алу
1.Оттегі өкпеден ұлпа,мүшелерге не түрінде тасылады а)газ ә)еріген б)гемеглобинмен байланысып,оксигемоглобин түрінде 2.Дыбысты сөз шығу үшін не қатысады а)дыбыс сіңірі,көмейүсті ә)дыбыс сіңірі, өкпе б)көмей, жұтқыншақ 3.Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты а)диффузия заңына ә)қысы айырмасына б)өздігінен 4.Тыныс алу қозғалысына қатысатын бұлшық ет а)иық бұлшық еті ә)құрсақ бұлшық еті б)диафрагма 5.Тыныс алғандағы ауа құрамының тыныс шығарғандағыдан айырмашылығы а)оттек көп,көмір қышқыл газы аз ә)оттек аз, ,көмір қышқыл газы көп б)айырмашылығы жоқ 6.Ағза үшін тыныс алудың маңызы а)оттегінің тасымалдануы ә)көмір қышқыл газының шығуы б)оттектің тотығуы 7.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді а)екі ә)үш б)төрт 8.Кеңірдек қабырғасы неден тұрады а)ұлпадан ә)шеміршекті сақинадан б)жартылай шеміршекті сақинадан 9.Тыныс орталығы қайда орналасқан а)өкпеде ә)мишықта б)сопақша мида 10. Мұрын қуысындағы микробтарды жоятын жасушалар а)лейкоциттер ә)лимфалар б)тромбоциттер 11.Көмекейдің жалғасы а)жұтқыншақ ә)өкпе б)кеңірдек 12.Электр тогы,найзағай ұрған адамға алғашқы көрсетілетін жәрдем а)топыраққа көму ә)жедел жәрдем шақыру б)жасанды тыныс алғызу 13.Гуморльді әсер етіп,тынысты жиілететін гормондар а)адреналин,инсулин ә)адреналин,тироксин б)тироксин,тимус 14.Жүректен өкпеге бағытталған қан а)веналық ә)артериялық б)аралас 15.Өкпе сыртынан немен қапталған а)плеврамен ә)эпителимен б)салалы бұлшық етпен 16.Ауа кеңірдектен өтеді а)өкпеге ә)көмекейге б)ауатамырға 17.Тыныс алу ауруына жатпайды а)плеврит ә)туберкулез б)цистит 18.Тыныс алғанда ауаның микробтар мен шаң-тозаңның тазаруы,жылынуы а)мұрын қуысында ә)ауатамырда б)кеңірдекте 19.Кеңірдектің жалғасы а)ауатамырлар ә)көмекей б)жұтқыншақ 20.Ауа тамырларының ең ұшындағы жіңішке бұтақшаларының атауы а)бронхылар ә)бронхиола б)таяқшалар