Биология пәнінен жылдық бақылау жұмысы (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 сынып биология пәнінен жылдық бақылау жұмысы.

А блогы

Сұрақтарға жауап

  1. Құстарға жалпы сипаттама

  2. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы

  3. Қолға үйретілген аңдар

  4. Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдаланылуы.



В блогы

1. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы - қалай аталады?

а) ботаника

в) экология

с) орнитология

2. Құстардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?

а) бас, мойын, тұлға

в) бас, құйрық, қанат

с) бас, қауырсында, құйымшақ

3. Қолға үйретілген құстардың дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - .....

а) үй тауығы

в) үй қазы

с) сұр қаз

4. Қазіргі кезде сүтқоректілердің неше-ге жуық түрлері бар.

а) 3000

в) 5000

с) 6500

5. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - .....

а) 4

в) 5

с) 7

6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліптұратын не пайда болған?

а) көкет

в) ұрт

с) өкпе көпіршіктері

7. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар –

а) тарпан мен түзат

в) жолат пен домбай

с) құлан мен керқұлан

8. Жабайы жануарлар бұдан – неше мың жыл бұрын қолға үйретіле бастаған.

а) 2-3

в) 10-15

с) 12-13

9. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - .....

а) Америка

в) Австралия

с) Африка

10. «Сахараның салтанаты» деген не?

а) ертедегі түйелі көш

в) түйенің мекені

с) түйенің пірі

11. Сүтқоректілердің қандай мүшесі жақсы дамыған?

а) көру

в) тыныс алу

с) иіс сезу

12. Асыранды қаз жылына орта есеппен неше жұмыртқа береді?

а) 30-50

в) 25-50

с) 15-25

13. құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат –

а) олардың жұмыртқасы мен етін алу

в) балапандарын алу

с) қажетті нәруыздар, витаминдер алу

14. Пингвиндер қайда кездесеті?

а) Антрактида

в) Австралия

с) Оңтүстік Америка

15. Құстарды дене құрлысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөледі?

а) 5

в) 3

с) 4

16. Түйеқұстардың ең ірісі - .....

а) австралиялық түйеқұс

в) қанатсыз түйеқұс

с) африкалық түйеқұс

17. Құстарда ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі

а) қауырсын

в) жіліншік

с) қаламша

18. Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделене түсіп, не пайда болған?

а) етті еріндер

в) ұрт

с) азу тістер

19. Кемірушілер отрядына күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректі жануарлардың неше-ге жуық түрі жатады?

а) 3000

в) 2500

с) 1000

20. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің ішіндегі пір тұратын да –

а) жылқы

в) сиыр

с) тауық