«Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
«Оқушыларға білім беруде мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің ролі»
(баяндама)
Биология пәнінің мұғалімі
Мухаметқалиева Гульнара Шайморановна
«Оқушыларға білім беруде мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің ролі»
«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек.»
И.В.Гете
Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Ел президенті
Н. Назарбаев өз Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Президентіміз Н. Назарбаев еліміздің дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта келіп, өкіметке нақты міндеттер жүктеді.
Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол - нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Құзырлық – ол тереңнен берілетін білім.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын Т.Г.Браже.
Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі бір-құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Яғни, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - құзіретті оқушы дайындап шығару үшін, ең алдымен, мектепке шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім даярлау қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білу керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Қазіргі таңдағы білім беру салаларында бұрынғы біліммен салыстырғанда көп айырмашылық бар. Бүгінгі білім саласында ақпараттық-комуникативтік құралдар, техникалық құралдар, аудио-визуалды құралдарды кеңінен пайдаланып, оқушының тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, оны іс жүзінде көруге де көп мүмкіндігі бар. Сондықтан да мұғалім өзінің шеберлігінің, ізденімпаздығының арқасында ең жоғары деген нәтижеге жетуге құзіретті.
Мен де өз сабақтарымда әр-түрлі әдістерді кеңінен қолдануға тырысамын. Мен сабақ беретен 7-8 сыныптарда биология пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың тіршілік турала, қоршаған ортасы мен өз жаратылысын білуге, биологиялық термин сөздерді дұрыс оқып, айта білуге, бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру, ойын ашық айтып дәлелдей алатындай дәрежеге жеткізу.
Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір мұғалім өз пәнінің хас маманы ғана емес, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырушы дәнекер шебер ұстаз бола білу керек. Өзінің әр сабағын түрлендіріп, оқушылардың ынта-назарларын осы пәнге аударта білу керек. Сол себепті мен де әр сабағымды түрлендіріп, өз дәрежесінде өткізе білуге тырысамын.
Осы мақсатта , мен, төмендегі бес әдісті кеңінен қолданамын. Олар:
1. Сұрақ-жауап әдісі.
2. Диалог әдісі
3. СТО әдісі
4. Сурет әдісі
5. Тест әдісі
1. Сұрақ-жауап әдісі – биология пәнінде қолданылатын ең тиімді әдістердің бірі. Бұл әдіс, әсіресе, үй тапсырмасын сұрауда, өткен тақырыптарды еске түсіруде балалардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру үшін өте пайдалы. Мысалы, оқушыдан сыныпқа кірген мұғалім бірден сабақ, болмаса үй тапсырмасына не берілгенін сұрамай тұрып:
- Қазір қай мезгіл?
- Қай ай, нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Бұл күні қандай сабақтар болатын еді?
- Жаңа қандай сабақ болды?
- Қазір қандай сабақ?
деген секілді жеңіл сұрақ-жауап алудан бастаған өте тиімді . Осы әдісті пайдалану оқушының сабаққа да қызығушылығын арттырады, бір жағынан сыныптың психологиялық ахуалы қалыптасып сабаққа зейіні мен ынтасы арта түседі. Сұрақ-жауап әдісі тек сабақтың басында ғана емес, ортасында, соңында да пайдалануға тиімді.
2. Диалог әдісі – оқушының оқушымен, оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын жақсарту үшін өте пайдалы әдіс. Оқушы мұғалімнің берген тапсырмасын орындай отырып, өз ойын анық жеткізе білуге, ашып айтуға үйренеді, мұғаліммен тікелей байланысқа түсе алады.
Мысалы, мен, 8-сыныптағы «Дәрумендер» тақырыбын өткенде оқушыға өз досыңмен ағзадағы дәрумендердің маңыздығы туралы әңгімелес деп тапсырма бердім. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-біріне өз ойларын ашып айта білді, бір-бірінің сүйікті тағамдарынан қандай дәрумен ағзаларына түсіп қандай маңыздылық тары барлығы мен оның жетіспеушілігінен болатын аурулар туралы айтып бір бірінің сүйікті тағамдарымен танысты және бір-бірімен тікелей байланыста болды. Сонымен қатар жұптасып жұмыс жасауды үйренді. Өз ойларын дәрумендердің түрлерін атай отырып және ауру атауларын қатыстыра отырып, оң нәтижелер шығарды.
3. ЖИГСО әдісі – ауызша сабақтарда тиімді де ең қажетті әдістердің бірі. Ең алдымен, оқулық арқылы жұмыс жасалып, оқушыларға мәтін бойынша бөліктер беріп ізденуге мүмкіндік жасату. Бұл жұмыс күнделікті сабақта қолданылуы тиіс. Себебі, оқушы жаңа тақырыпты болсын , жеке тапсырманы орындауда болсын кантекспен жұмыс жасауға дағдыланады.Терминдерді биологиялық меңгере отырып оқулықтағы тапсырмаларды орындауға жаттығады. ЖИГСО әдісі бойынша бірін бірі оқыта отырып , тақырып мәтіні қайталана беретін болғандықтан естерінде жақсы сақталып қалады. Мысалы, әр топ меңгерген тақырып бөлігін келесі топтарға түсіндіру барысында өзіде және достарына да түсіндіріп , мәтінді меңгеруді үйренеді.
4. Сурет әдісі – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту , сөздік қорын молайту, ойларын ашып айта білу үшін тиімді әдіс. Сурет әдісінің ең тиімді жағы, бала суретті көріп қана қоймай, ондағы нәрселермен танысады, жадында сақтай да алады. Тақырыпқа сай суреттерді бере отырып жаңа тақырып мазмұнын ашуға да болады. Мысалы, 7-сыныпта «Қосмекенділер» тақырыбын өтерде бақаның суретін беріп, оқушылардың сурет туралы ойларын ортаға салғызып барып, тақырып ашылды.
Cонымен қатар, 8 – сыныпта «Мүшелер жүйесі» тақырыбында өткізген ашық сабағымда осы суретке байланысты «Суретті әңгіме» әдісін пайдаландым. Мәтінде берілген мүшелер суретін беріп, оқушылардан 5 минуттық әңгімелесу болды.
Осы тест арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктері көрінді, олар адамның мүшелер жүйесінің бөлінуі , оның маңызы бойынша сипаттап ойларын ашып айтып, мүшелері туралы білгендерін ортаға салып әңгіме құрды. Осы әдіс арқылы оқушылардың жақсы нәтижеге жеткендігін көрдім, оқушылардың қызығушылығы да арта түсті. Суретті әдістің биология пәнінде тиімділігі зор, өйткені өсімдіктердің, жануарлардың құрылысын өткен кезде тиімділігі зор.
5. Тест әдісі – оқушылардың пән бойынша алған білімдерін бекіту, тексеру, бағалау мақсатында қолданылатын ең қажетті әдіс. Тесттің түрі көп. Оқушыларға берілетін тест түрлері жүйелі, жеңіл, түсінікті болу шарт. Сондықтан да мен, өз сабағымда мына тест түрлерін кеңінен пайдаланамын.
а) Қосымшалы тест – биология пәнінде терминдерді әр сабақта беруге тиімді. Мысалы:
Көп нүктенің орнына тиісті терминді қойып жаз:
ә) Толықтыруды қажет ететін тест – сөйлем аяқталмай көп нүкте беріледі, соның орнына екінші бағанадан керекті сөздер мен сөз тіркестерін орналастыру керек.
б) Еске салушы тесттер - өтілген тақырып бойынша таныс сөздер беріп, еске түсіру арқылы жауабын табу. Мысалы:
Мен күнделікті сабақтарымда осы тест түрлерін көп қолданамын. Нәтижесі де өте жоғары. Күнделікті алынатын тесттен гөрі, осы тест түрлері арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігі арта түсті.
Өз сабақтарымда осы көрсетілген әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланып жүрмін, берген нәтижесі де айтарлықтай. Осы әдіс-тәсілдердің көмегімен өзім сабақ беретін сыныптарда оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына қатыстырып аудандық, облыстық жеңімпаздар шығардым. Өзімде облыстық семинарға қатысып мақтау қағазын иелендім.
Қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру басты міндеті болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әр түрлі әдіс тәсілдермен түрлендіру әр мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Сондықтан да ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар шыңының биік болу мүмкіндігі мол. Нәтижеге жету үшін ылғи да ізденіп, талаптану қажет.
Елбасының жолдауында айтылған «Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болу керек. Әрине мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, мен де өз білімімді әрі қарай жетілдіріп , оқушылардың білімі мен білігі сай нәтижеге бағытталған құзіретті тұлға дайындауға ат салысамын.