Внеклассное мероприятие Өсімдік- өмір тірегі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7-а- сынып. Күні: 4.02.16ж Пән мұғалімі:Г.Х.Нұрғожина



Сабақтың тақырыбы Өсімдік –өмір тірегі

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер тарауының аяқталуына байланысты оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, жануарлар әлеміне кіріспе жасау, пән аралық байланысты жүзеге асыра отырып білімді қорытындылау.
Ғылымилық-                      Дәрілік өсімдіктер, олардың шығуы тарихынан,               
медецинадағы атқаратын ролі, маңызы туралы
ғылыми түсініктер беру.
Дамытушылық-                 Оқушылардың дәрілік өсімдіктерді пайдалана
білудегі сауаттылығын дамытып, күнделікті
өмірде басқа өсімдіктерден ажырата алу
шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік-                             Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты 
аялауға, мейірімділікке, инабаттылыққа,
еліміздің байлығына жанашырлық сезіммен
қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:    Дәрілік өсімдіктердің газеті, буклеті, кітап 
сөресі, бейне камера, қызыл кітап.


Халықтық педагогика элементтері кезінде.
Сабақтың типі және әдіс тәсілдері:  
   Өсімдіктер әлемі туралы білімді қорыту сабағы, жарыс түрінде
*жеке, топтың жұмыс түрлері.
*анықтау жұмыстары.
     *салыстыру жұмыстары
Сабақтың барысы:       1.Ұйымдастыру кезеңі.
                                                2. Оқу, құрал- жабдықтарын даярлату.
                                                3. Сабаққа ынтасын аудару, түгелдеу.
4. Сабақ мақсатын таныстыру, топтарға бөлу.
1-топ  « Қызғалдақ» 
2-топ « Бәйшешек» деп аталады.
Гүл патшасы: Табиғаииың ажары көркелі бір
                         Шежіресі секілді ертегі жыр.
                            Ал тыңдар, гүлдерге сөз берейік
                            Өзі жайлы өздері шертеді сыр.
« Қызғалдақ»     Кім білмес қыр аруы қызғалдақты 
                            Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
                            Сәні деп өміріңнің, көңілімнің,
                            Сый етіп мені жігіт қызға арнапты.
«Бәйшешек»    Мен болам қырсарында текеметтің,
                           Көктемге алғаш көрік әперетін.
                           Бәйшешекпін, көктесем қар астында, 
                           Қыз ызғарын қаймықпай көтеретін.
1. Мәлімет беру
                    Блиц – турнир
1.Оңтүстік Қазақстанда өсетін дәрілік жусанның түрі. ( дәрумен)
2. Ерітіндісі иіссу ретінде пайдаланған жергілікті өсімдік( киікоты)
3. Ең тез өсетін өсімдік. (бамбук)
4. Пенецелин дәрісін қандай өсімдіктен алады? (пенецил саңырауқұлақ)
5. Дүниедегі ең биік ағаш. (эвкалипт)
6. Қар астында қандай гүлдер қыстайды?( қоғажайшатыр)
7. Өте ертеде барлық гүлдердің бұрын белгілі болған қандай гүл? 
( хризантема)
8. Өсімдіктердің жаңа сортымен шығарумен айналысатын ғылым. (селекция)
9. Шымтезек түзетін өсімдік. ( ақ мүк)
10. Жабық тұқымдылар қандай өсімдіктер? ( гүлді өсімдіктер)
11. Майлы өсімдіктерді атаңыз. (мақта, күнбағыс, зығыр)
12. Гүлді өсімдіктер неше класқа бөлінеді?  ( қос жарнақты, дара жарнақты)
13. Дара жарнақтыларға жататыен тұқымдастар. (астық, лалагүл)


2.Сарамандық жұмыс
   Кеппе шөп арқылы гүлді өсімдіктерді анықтау.
А. Жүгері.
   Жүгері өте ертеден егіліп келеді. Отаны – Оңтүстік Америка. Жүгері бір жылдық астық тұқымды сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. 12-14 С-ті қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собын. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлы болады. Жүгерінің маңызы сызба нұсқа арқылы көрсетіледі.  


Ә. Күріш.
  Күріш – астық тұқымдастарының бірі, 20-ға жуық түрі бар. Оңтүстік-шығыс Азия.
  Қазақстанның суармалы жерлерінде ғана өсіріледі.
Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы – 6, жемісі – дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік (суретпен ж
ұмыс жасалады)
Мұғалім оқушылардан күріштен мол өнім алған атақты күріші Ы. Жақаев туралы айтып берді.
Күріштің маңызы сызба-нұсқа бойынша көрсетілді.


Мақал – мәтелдер. Аңыз.
1. «Дана көптен шығады – дәрі шөптен шығады»
2. «Табиғатты жасыңнан сақта –өмірдің бар өзегі сонда»
3. « Са атасы-нан, нан атасы –дән»
4. «Орман ер дәулеті, жер сәулеті»
5. «Жер жүзін жер асырайды»
6. «Ерменді жерде ер өлмес»
7. «андыз жеген ат өлмес»
8. «Дәрісіз ем домды, дәрілік өсімдіктерден іздейді»

Қорытынды
Әй, табиғат!
Шеберсің-ау шеберсің
Ұлан ғайыр байлығынды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға недерсің?!
Ау, адамдар
Жетпей жатыр енді не?!
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын
Асырайды ол сені, мен, елді де.
М.Мақатаев



















7-б- сынып. Күні: 4.02.16ж Пән мұғалімі:Г.Х.Нұрғожина


Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемімен қоштасу сабағы

Білімділік мақсаты: Өтілген материалдарды талдап, тығолардың бір-бірімен тығыз байланысын көрсете отырып, оқушылардың алғаш білімдерін жинақтап, тексеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің гүл топтарына жататын өсімдіктерді білу. Әр түрлі тапсырмалар беру, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қорытындылау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеппешөптер, қосымша оқулықтар, суреттер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. I Оқушылардың меңгерген білімін анықтау мақсатында «Орман алқабы» ойынын .... ағаштардың, көлдің сурет салынған плакат тақтаға ілінді. Оқушыларға саңырауқұлақ құстар, балықтар, гүлдер, жапырақ суреті салынған карточкалар арқылы тапсырма берілді. Жауап бергендер карточканы тиісті жерлерге жапсырулары керек

1. Жапырақ  суреті салынған карточка. Жапырағы тікенекке айналған қандай өсімдік? (Сексеуіл, кактус)

2. Гүлдің суреті салынған карточка. Жауқазын қандай тұқымдасқа жатады? (Лалагүл тұқымдас)

3. Көбелек суреті салынған карточка. Лалагүл тұқымдас өсімдіктер не арқылы тозаңданады (бунақдене арқылы)

4. Саңырауқұлақ суреті салынған карточка. Қандай балдырларды білесің? 

5. Гүлдің суреті салынған карточка. Қазанның шыққан отанын атаңыз. (Оңтүстік Америка) 

6. Құстың суреті салынған карточка. Саңырауқұлақтың топырақ астындағы бөлімін атаңыз (Жіпше). 

7. Балықтың суреті салынған карточка. Қандай өсімдік симбиоздық тіршілікке бейімделеді?

2 тапсырма. «Аукцион»

3 оқушы өздері салған өсімдіктердің суретін аукционға салды. Сатып алушылар сол өсімдіктердің а) отанын ә) түрін б) мүшелері ерекшеліктерін в) пайдасын білуі керек. Сонда ғана суретті сатып ала алады. 

3 тапсырма. Графикалық диктант. 

Оқушыларды 3 топқа бөлем

1 топ: «Бактерия»

2 топ: «Саңырауқұлақтар» 

3 топ: « Қыналар» 

Сұрақтар:

1. Өлі ағзалармен қоректенеді

2. Ауру туғызады

3. Жыныссыз жолмен көбейеді

4. Селбесіп тіршілік етеді

5. Жеуге жарамды түрі болады. 

6. Хлорофилл дәні болады

7. Қолайсыз жағдайда спора түзеді

8. Өсімдік түрлері

9. «Картоп пәлесі» ауруын тудырады

10. Құрамында жіпшумақ болады.

11. Тірі және өлі ағзаларды ыдыратады

12. Медицинада дәрі жасауға пайдаланады.

«Бактерия» тобының жауабы:

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

«Саңырауқұлақтар» тобының жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

«Қыналар» тобының жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 

4 тапсырма. Танымдық ойындар. Сөзжұмбақ шешу.

1. Алқа тұқымдасына жататын өсімдік ( темекі) 

2. Көктемді аққүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады (алма)

3. Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы (бидай)

4. Тұздықпен жүреді кәне кім айтып береді (пияз)

5. Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы (қарағай)

6. Ыстық жақта өсетін өсімдік (Анар)

7. Біреуін жерге беріп, күзде оны тереді (Тұқым)

8. Өсімдіктің жер астындағы мүшесі (тамыр)

9. Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай оңбайды (шырша)

10. Маймыл өзі аршып жейтін жеміс (банан) 

11. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік (соя) 

12. Картоп қандай тұқымдасқа жатады? (алқа)

13. Еті-қызыл, сүті-тәтті, күзде жерде өсіп жатады (қарбыз)

 

 

Мұғалім сөзі: Табиғат –күрделі де көп түрлі. Біз оны неғұрлым көп танып, түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі. Табиғат бізге өмір сүруге қажеттінің бәрін береді, тамақ киім, баспана.

5 тапсырма. Ең, ең, ең

1) Әлемдегі ең үлкен гүлді атаңыз. ( Арнольд Раффлези)

2) Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде (Танзанияда Серенгетти қорығы)

3) Ең үлкен шырынды жеміс (Асқабақ)

4) Ең улы сапңырауқұлақ (Шыбынжұт)

5) Ең жеңіл сабақ (Бальза)

6) Ең ұзақ жасайтын ағаш (Секвоя 3000-5000ж) 

7) Жер жүзіндегі ең ұзын сабақ (Ротант пальмасы)

8) Ең ұзын жапырақты ағаш (Цейлон пальмасы)

9) Ең үлкен құрғақ жеміс Оңтүстік Азияда өсетін Цитада ағашының бұршақ қынының ұзындығы 1,8 м, ені -1,5 м)

6 тапсырма. Дәрілік өсімдіктер.

Мәдени өсімдіктердің шығу тегі туралы баяндап, оқушыларға алдын ала әзірлеткен материалдарын жұмбақ түрінде айтқызып және сынып оқушыларына оны шешкізу мақсат етіледі. 

1. Жолжелкен  2. Меңдуана 3. Ошаған 4. Бақ-бақ 5. Алмұрт

Дәрілік өсімдіктерді қалай қолдану керек. Хабарлама 

7 тапсырма. Гербарий  (кеппешөп) арқылы әр тұқымдасқа жататын өсімдіктерді іріктеу. 

8 тапсырма. Уақыт жетсе жұмбақтар айтып жіберу.

9. Қорытындылау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38 бабында Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті делінген. 

Білсең егер, табиғатта зор мән бар,

Онда аң, құс, жануарлар, ормандар,

Жерің, суың, таза ауаң қажетті,

Шын жүректен оны сендер қорғаңдар!

10. Оқушыларды бағалау.











7-в- сынып. Күні: 5.02.16ж Пән мұғалімі:Г.Х.Нұрғожина



Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Жабық тұқымды өсімдіктерді қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Өсімдіктердің дамуы эволюция туралы түсіну. Жабық тұқымды өсімдіктерді Блум таксономиясы арқылы тарауды қорытындылау.
Сабақтың міндеті: 1. Жабық тұқымды өсімдіктердің белгілерін, маңызын анықтау.
2. Өсімдіктер әлемінің даму эволюциясы туралы негізгі түсініктеме беру.

Сабақтың әдісі:
Сабақта қолданылатын педагогикалық материалдар мен технологиялар жеке жұмыс.
"Ойлан тап" әдісі сыни ойлау тапсырмалар
Білім берудегі бағалау;
Оқушылырдың жас ерекшелігін ескеру.
АКТ
Деңгейлік тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:
• Өсімдіктердің даму эволюциясын біледі.
• Жабық тұқымды өсімдіктер тарауы бойынша өз білімдерін бағалайды.
Сілтеме: 1. 7 сыныпқа арналған биология оқулығы Қ. Қайым
2. Биологияны оқыту әдістемесі
Дерек көздері: 1. Википедия ашық энциклопедиясы
2. Ғаламтор Google, яндекс

І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасып, тренинг арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын."Ойдың шапшаңдығы"
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.

ІІ. Үй тапсырмасын те ксеру
Блум таксаномиясы бойынша білімдерін бақылау;

Бірінші деңгейлік тапсырмалар
1. Білу. «Миға шабуыл» әдісі.
1. Орамжапырақ қандай тұқымдасқа жатады?
2. Дара жарнақты класқа қандай тұқымдастар жатады?
3. Қос жарнақты тұқымдастардың тіршілік формасы қандай?
4. Қызғалдақ қандай тұқымдасқа жатады?
5. Астық тұқымдастарының жемісі қандай?

2. Түсіну. «Ой қозғау» сатысы.
1. Раушангүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады. ( 3 тен кем емес жазу қажет).
2. Кіндік тамырлы және жапырағының жүйкеленуі тор өсімдіктер қандай класқа жатады.
Екінші деңгейлік тапсырмалар

3. Қолдану.
Дұрыс сөйлемдерді табыңдар.
1. Асбұршақтың жемісі – қауашақ.
2. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4, аталығы 6 - ау, оның төртеуі ұзын, екеуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. (Крестгүлділердің формуласы)
3. Бақбақ, күнбағыс күрделігүлділердің өкілі.
4. Бидайдың гүлшоғыры күрделі масақ.
5. Қызғалдақ көп жылдық өсімдік.

4. Талдау.(Дәлелдеу)
Астық тұқымдастар дара жарнақтыларға жататынын дәлелде.
(дара жарнақтылардың белгілеріне назар аудар)
Үшінші деңгейлік тапсырмалар

5. Жинақтау.
Раушангүлділердің жүйедегі орнын көрсет.
Дүние –
Бөлім -
Класс –
Тұқымдас –
Түр -

6. Бағалау.
Егер табиғатта жабық тұқымды өсімдіктер болмаса:(сөйлемді жалғастыр)

Мұғалім тарау бойынша жоғары саты өсімдіктеріне шолу жасау.
3. Тапсырмалар орындау. (Тарау бойынша 3 бөлімнен тұратын ауызша,
жазбаша тапсырмалар беріледі)
4. 1 - бөлім: «Бұл қай тұқымдас» (10 тұқымдасқа сипаттамалар беріледі. Оны тыңдай отырып, бұл сипаттама қай тұқымдасқа жататынын анықтау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1. Көпшілігі арамшөп түрінде белгілі, біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. Кіндік тамырлы, көріксіз өте кең тараған, өкілдерінің бірі – ақ алабота. Бұл қандай тұқымдас?
(Алабота тұқымдасы)
2. Қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар - бақша өсімдіктері. Ұзын сағақты, жай жапырақты. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде кездеседі. Өкілдерінің бірі - қияр.
(Асқабақ тұқымдасы)
3. Бұл тұқымдастар өсімдіктері табиғатта ағаш, бұта, шөптекті болып келеді. Қазақстанда 18 түрі, 7 туысы бар. Жемісі - қауашақ, негізгі өкілі - мақта. (Құлқайыргүлділер тұқымдасы)
4. Ресейде 35 түрі өседі. Олар сәндік үшін, тағам үшін, дәрі алу үшін өсіреді. Жемісі әртүрлі. Қосжарнақты өкілдерінің бірі - итмұрын.
(Раушангүлділер тұқымдасы)
5. Қосжарнақты өсімдік. 12 мың түрі бар, оның 650-ге жуығы Қазақстанда өседі. Астық тұқымдасынан кейін көп таралған өсімдіктер тобы. Күлтесінің құрылысына қарай “желкен”, “ескек”, “қайықша” деген әртүрлі атаулары бар. Өкілінің бірі - жоңышқа.
(Бұршақ тұқымдасы)
6. Қосжарнақты өсімдік. 12 мың түрі бар, оның 650-ге жуығы Қазақстанда өседі. Астық тұқымдасынан кейін көп таралған өсімдіктер тобы. Күлтесінің құрылысына қарай “желкен”, “ескек”, “қайықша” деген әртүрлі атаулары бар. Өкілінің бірі - жоңышқа.
(Алқа тұқымдасы)
7. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің көп тараған тобы. Қазақстанда бұл тұқымдастың 700-ге жуық түрі өседі. Гүлшоғыры – бір гүлден мың гүлге дейін жинақталады. Өкілдерінің бірі - бақбақ. (Күрделігүлділер тұқымдасы)
8. Дара жарнақты, тамыры – тамырсабақ, түйнекті пиязшық, пиязшық. Ғаламшарымызда 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Шаруашылық, медициналық маңызы зор. Жемісі - қауашақ, кейде жидек. Өкілдерінің бірі - қазжуа.
(Лалагүл тұқымдасы)
9. Қосжарнақтылар класына жатады. Ғаламшарымызда 700-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 44 түрі өседі. Сәндік үшін өсіріледі, дәрі жасауға қолданады, ас әзірлейтін майда өндіріледі. Халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланатын өкілі – сүйелшөп.
(Көкнәр тұқымдасы)
10. Дара жарнақты. Бүкіл ғаламшарымызда таралған маңызды дақыл. 10 мыңға жуық түрі бар. Қазақстанда 418 түрі өседі. Көбі шөптекті, сүректі өкілі бамбук. Өсімдіктерінің сабағын – сабансабақ дейді. Жемісі – дәнек. (Астық тұқымдасы)
(Дұрыс жауаптарымен тексерілді)
2 - бөлім: «Ол кім?» (Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы еңбек
еткен кей ғалымдардың аты беріледі, сол арқылы ол қай елдің ғалымы
және нені анықтағанын табады)
Джон Рей кім?
И. Гедвиг кім?
Лука Гини кім?
Ж. П. Турнефор кім?
Бохен кім?
Ш. Берсиев кім?
Ы. Жақаев кім?
Н. И. Вавилов кім?
И. В. Мичурин кім?
Карл Линней кім?
(Дұрыс жауаптарымен тексеріледі)
1. Ағылшын жаратылыс зерттеушісі. 1628 - 1707жылы түрге анықтама берді.
Джон Рей
2. Неміс ботанигі ХVІІІ ғасырдың соңында мүктер туралы ғылым негізін
қалады. (И. Гедвиг )
3. Италия ғалымы ХVІІ ғасырдың басында өсімдіктерді кептіріп, ең алғаш
кеппеөсімдік жасады. (Лука Гини)
4. Француз ботанигі, туыс ұғымын қалыптастырып, 500 - ге жуық өсімдік
тұқымдастарын сипаттап жазды. (Ж. П. Турнефор )
5. Швейцариялық ботаник, ол картопқа 1596 жылы “соланум туберозум” деген ғылыми атау берді. (Бохен )
5. Әйгілі тары өсіруші. (Ш. Берсиев)
6. Күріш өндіруден дүниежүзілік рекорд жасаған қазақ. (Ы. Жақаев)
8. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын дәлелдеген.
(Н. И. Вавилов )
9. 1874 жылы жемісті дақылдарды сұрыптау жұмыстарын бастады.
(И. В. Мичурин)
10. Жүйелеуді енгізген және қосарлы атаутізімді енгізген ғалым.
( Карл Линней )

6. 3 - бөлім: «Сен білесің бе?» (Лездемелік сұрақтарға жауап, әр дұрыс
жауапқа 1 ұпай)
1. Мүкті зерттейтін ғылым. (Бриология)
2. Шымтезек мүгінің латынша атауы. (Сфагнум)
3. Мүктерде тамырдың рөлін атқарады. (Ризоид)
4. Плаунтәріздестердің кең тараған өкілі. (Шоқпарбас плаун)
5. Сабағында буындар мен буынаралықтары өте кең тараған өсімдік.
(Қырықбуын)
6. Қанда холестерин деңгейін жоятын, баспа, жүрек ауруларын емдеуге
қолданатын көкөністік дақыл. (Пияз)
7. Жемісінің құрамында дәрумендер өте көп алқа тұқымдас өсімдік.
( Қызанақ)
8. Қылқан жапырақтар деп аталатын өсімдіктер тобы. (Ашық тұқымдылар)
9. Ашық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі. (Бүр)
10. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделген өсімдік.
(Қырықжапырақтәріздестер)







Кештің тақырыбы: Өсімдіктер әлеміне саяхат.

Кештің мақсаты: Оқушыларды өсімдік әлемімен тереңірек таныстыру, өсімдіктер жайында білімін кеңейту, тереңдету, өзі тұратын өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға тәрбиелеу, туған өлкенің өсімдігін зерттеп, оның қадір- қасиеті, пайдасы туралы ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қабырға газеттері, өсімдік туралы буклеттер,сөзжұмбақтар, ғалымдардың суреттері, мақалдар, жұмбақтар.

1.Ұйымдастыру бөлімінде 6-сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: «Ақ алтын», «Алтын дән». Топ басшылары және қазылар алқасы сайланып, әрбір топ аттарына сәйкес омырауларына төсбелгілерін тақты.

2.Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер.

1.Мақта-ақ алтын 8.Зығыр-солтүстік жібегі

2.Бидай-алтын дән 9.Балқарағай-тайга аруы

3.Күріш-сыр маржан 10.Кактус-түн аруы

4.Жүгері-дала аруы 11.Жүзім-оңтүстік перзенті

5.Қызғалдақ-шөл аруы 12.Картоп-екінші нан

6.Бәйшешек-көктем гүлі 13.Итмұрын-шипалы бұта

7.Емен-ағаштар патшасы

3. «.Дүниедегі ең, ең» (сауалғы тапсырмалар)

1.Ең ұзын шырмалғыш өсімдік. Лиана

2.Өсімдік пионері деп қай өсімдікті айтады? Қына

3.Ең тез, жылдам өсетін өсімдік. Бамбук

4.Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады? Күнбағыс

5.Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әшекейлеген? Картоп гүлі

6.Күн баласы атанған қай өсімдік? Мақта

7.Бағалы антибиотик саңырауқұлақтың қай түрінен алынады, ол қандай дәрі? Пеницилин

8.Дүниедегі ең биік ағаш? Эвкалипт

9.Қай өсімдік сабағы өте жуан? Баобаб

10.Ең ұзақ жасайтын ағаш? Емен 2000 жыл





4. Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар шешу.

Қар астында қыстайды

Ақ пен бүркіп тыстайды.. (Бәйшешек)



Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ

Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)



Тіршіліктің қуатын,

Өз бойына жинайтын

Жинай-жинай азықты, .

Адамзатқа сыйлайды (Өсімдік)



Дәні алтын, асырайды халқын. (Бидай)

Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)



5. Мақалдар.

1. Тау бұлағымен сәнді. 3. Білімі жоқ ұл- жапырағы жоқ гүл.

Көл құрағымен сәнді. 4. Бағым өссін десең, бақ өсір,

2. Түйнектен ағаш өседі, Бағың өссе, тағы өсір.

Түйір дәннен қамба толады.



6. Сауалғы сұрақтары

1. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады. (Жапырақ)

2. Өсімдіктің жапырағында жарықта қандай процесс жүреді? (Фотосинтез)

3. Фотосинтез процесін ашқан ғалым? (К.А:Тимирязев)

4. Өсімдік оқулығын ең алғаш шығарған қазақтың биолог ғалымы кім? (Ж.Маусымбайұлы)





7.Биологиялық эстафета ойыны.

Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады. Бір оқушы бір жемістің атын айтса, келесі оқушы сол жемістің соңғы әріпінен басталатын өсімдік атын айтуы керек.

Мысалы: Алма-алмұрт, терек-күріш, шие-емен, наргүл- лимон, нарцисс-сәбіз, зығыр- райхан.

8. Интерактивті тақтадан ғалымдар көрсетіледі.

Ы.Жақаев. Ш.Берсиев. Ж.Күдерин. бұл ғалымдар күрішті, тарыны шығаруда көптеген үлес қосты.

9.Интерактивті тақтадан өсімдіктер көрсетіледі. Бұл өсімдіктер қандай өсімдіктерге жататынын айтады. Дәрілік пе? Сәндік пе? Көкеністік өсімдік пе?



10. Қорытындылау. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыруда бұл кештің берері мол болды.

Мысалы: Гренландия аралында – 390 түрлі
Сахарада – 300 дей
Бразилияда – 40 000 түр
Индияда – 21 000 түр
Қытайда – 20 000 түр
Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі.

Экватор маңы сияқты жыл бойы жаз болып тұратын аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктер мен жемістер өседі. ( мысалы. ЗӘЙТҮН, МАНДАРИН, БАНАН  
Өсімдіктерден сонымен қатар ағаштар, құрылыс материалдары ( кітап, дәптер ) жасалынады. Тастай темір ағашты самшат деп аталады.
Ең биік ағашты – эвкалипт дейміз.
Ең биік шөпті – бамбук дейміз,
Өсімдіктердің мәдени және дәрілік түрлері болады.
Мәдени өсімдіктерге – азық – түліктер, майлы дақылдар. Мысалы: картоп, жүгері күріш ,бидай ,күнбағыс , мақта, темекі т.б.
Ал бидай – нан атасы. Ал жүгеріні дала аруы деп те атаймыз.
Күріштің отаны – Үндістан
Картоп, жүгері, мақта , күнбағыс, темекінің отаны – Америка . Бұл өсімдіктерді Еуропаға алғаш алып келгендер теңіз саяхатшылары.Қазір дүние жүзінде адамдар егіп, өсіретін мәдени өсімдіктердің 200 мыңдай түрі бар. Олардың арғы тегі жабайы өсімдіктер.

1. Мәлімет беру 
Блиц – турнир
 
1.Оңтүстік Қазақстанда өсетін дәрілік жусанның түрі. ( дәрумен)
 
2. Ерітіндісі иіссу ретінде пайдаланған жергілікті өсімдік( киікоты)
 
3. Ең тез өсетін өсімдік. (бамбук)
 
4. Пенецелин дәрісін қандай өсімдіктен алады? (пенецил саңырауқұлақ)
 
5. Дүниедегі ең биік ағаш. (эвкалипт)
 
6. Қар астында қандай гүлдер қыстайды?( қоғажайшатыр)
 
7. Өте ертеде барлық гүлдердің бұрын белгілі болған қандай гүл?
 
( хризантема)
 
8. Өсімдіктердің жаңа сортымен шығарумен айналысатын ғылым. (селекция)
 
9. Шымтезек түзетін өсімдік. ( ақ мүк)
 
10. Жабық тұқымдылар қандай өсімдіктер? ( гүлді өсімдіктер)
 
11. Майлы өсімдіктерді атаңыз. (мақта, күнбағыс, зығыр)
 
12. Гүлді өсімдіктер неше класқа бөлінеді? ( қос жарнақты, дара жарнақты)
 
13. Дара жарнақтыларға жататыен тұқымдастар. (астық, лалагүл)
 


2.Сарамандық жұмыс
 
Кеппе шөп арқылы гүлді өсімдіктерді анықтау.
 
А. Жүгері.
 
Жүгері өте ертеден егіліп келеді. Отаны – Оңтүстік Америка. Жүгері бір жылдық астық тұқымды сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. 12-14 С-ті қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собын. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлы болады. Жүгерінің маңызы сызба нұсқа арқылы көрсетіледі.
 
линолиум В,Е дәрумені
 
желім Жүгерінің маңызы
 
мал азық тамақ
 
техникалық май медецинада өнеркәсібі
 
жасанды жібек
 
Ә. Күріш.
 
Күріш – астық тұқымдастарының бірі, 20-ға жуық түрі бар. Оңтүстік-шығыс Азия.
 
Қазақстанның суармалы жерлерінде ғана өсіріледі.
 
Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы – 6, жемісі – дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік (суретпен жұмыс жасалады)
 
Мұғалім оқушылардан күріштен мол өнім алған атақты күріші Ы. Жақаев туралы айтып берді.
 
Күріштің маңызы сызба-нұсқа бойынша көрсетілді.
 
Мақал – мәтелдер. Аңыз.
 
1. «Дана көптен шығады – дәрі шөптен шығады»
 
2. «Табиғатты жасыңнан сақта –өмірдің бар өзегі сонда»
 
3. « Са атасы-нан, нан атасы –дән»
 
4. «Орман ер дәулеті, жер сәулеті»
 
5. «Жер жүзін жер асырайды»
 
6. «Ерменді жерде ер өлмес»
 
7. «андыз жеген ат өлмес»
 
8. «Дәрісіз ем домды, дәрілік өсімдіктерден іздейді»
 

Қорытынды
 
Әй, табиғат!
 
Шеберсің-ау шеберсің
 
Ұлан ғайыр байлығынды місе етпей,
 
Ашкөзденген адамдарға недерсің?!
 
Ау, адамдар
 
Жетпей жатыр енді не?!
 
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын
 
Асырайды ол сені, мен, елді де.
 
М.Мақатаев