Бекітемін:_____________
Сабақ. 36
Күні: 19.01.2016 ж 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: «Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі. Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»
Сабақтың мақсаты: аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасы құру ерекшеліктері және мінез — құлықтары мен түйсігі жайлы мәлімет алу.
Оқушылардың тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын ізденушілікке бағытталған тапсырмалар беру арқылы дамыту.
Тәрбиелік мәні — олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірдегі пайдалы жақтарын білуге үйрету және тіршілік иесін қорғай білу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильмдер, оқулық.
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Төменде берілген әрбір пікірді оқып шығыңыздар, қаншалықты осы пікірдің сіз үшін дұрыс екендігін анықтаңыз. Егер дұрыс болса номерге қарсы “+” белгісін, ал дұрыс емес болса “-” белгісін қойыңыз.
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым этология деп аталады.
Буынаяқтылар типінің 3 класы бар.
Бунақденелілердің басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі екі бөліктен тұрады.
Бунақденелілердің барлығы алты аяқты болады.
Бунақденелілердің дамуы үш кезеңнен тұрады.
Имаго деп- дернәсілді айтамыз.
Тура даму қанатты бунақденелілерге тән.
Инелік, бұзаубас, қандала, дәуіт толық түрленіп дамиды.
Шыбынның аузы шаншып соруға бейімделген.
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер көкқасқа шегіртке деп аталады.
“Кілтпен”сәйкес келетін жауаптарды есептейміз.
10-9 дұрыс жауапқа «5»
8- 7 дұрыс жауапқа «4»
6-5 дұрыс жауапқа «3»
4-1 дұрыс жауапқа «2»
ІІІ. Жаңа сабақ
А. Ой қозғау
Сұрақ
Мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары бар отряд қалай аталады? (жарғаққанаттылар)
Жұмбақ
Тыру — тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
(Ара)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа)
Мұғалім: Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез — қылығы күрделене түскен осындай бунақденелілер қоғамдық деп аталады. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар — қоғамдық бунақденелілер деп аталады.
Құмырсқалардың тіршілік етуі және отбасын құруы
Әлемде құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олар достық қарым-қатынаста қауымдасып тіршілік етеді. Құмырсқалар нағыз еңбекқор жәндіктердің бірі. Әрбір құмырсқа өзінің салмағынан 150 есе ауыр нәрсені илеуіне әкеле алады екен. Олардың еңбекқорлығын жастарға үлгі ете отырып, халқымыздың аса көрнекті ақыны Дулат Бабатайұлы бабамыз /1/:
Сендер түгіл құмырсқа
Ісін қойып дұрысқа,
илеуін сап жабылып,
жемін тасып сабылып,
Бір орыннан табылып,
Бір-біріне бағынып,-деп жастарды еңбексүйгіштікке баули білген.
Құмырсқалар топтасып (10-100 мыңы бірігіп), арнайы [link] тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады. Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ — үй құмырсқалары, орманда көбірек кездесетін — жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдыз құрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.
Аралардың мүлтіксіз тәртібі
Ұядағы әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Бір маусымда ара ұясы 100-200 келі бал жинайды. Яғни дала кезіп тынымсыз сірне таситын жұмысшы ересек ара аптасына 6-7 келі балды қорға қосады. Аса шебер Алла тағала өз құдыретімен араның ауыз қуысын бал жасау үдерісінің алғашқы буыны өтетін кішігірім «цех» етіп қойған.
Ондағы қалыпты жылу деңгейі ауыз қуысындағы шырындардың біртіндеп балға айналуының алғашқы әрекеттеріне жағдай жасайды. Құдды бір ұшып жүрген тірі зауыт. Ал ұяда жас аралар сірнені тор көзшелерге салып, желдетіп, артық ылғалын жояды. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды. Көзшелер балға толғаннан кейін, оны балауыз қақпақшамен жабады.
Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екенін және әрбір қабырғасы мен бұрыштарының өлшемі бір-бірімен керемет үйлесімділікпен дәл келетінін байқайсыз. Бұндай дәлдікті аралар кімнен үйренді? Неге ол үш бұрыш немесе бес бұрыш емес?
Тор клеткалар бір-біріне үйлесімділікпен жабысатын балауызға бал сыйымдылығы молырақ болатынын қайдан білді? Қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған құрылысшылар миллиметрлік дәлдікпен алты бұрышты үйлерді жапсарлап сала алар ма еді?
Жаратушының түйсіктеріне салуының арқасында бал аралары шырынды гүл мен шүйгінді шөп атаулыны тез-ақ табады. Және оны өз қауымдастығындағы өзге араларға жедел хабарлайды. Шуақты күндері ауа райы аяқ асты бұзылып жаңбыр жауып, құбыла қалу біздің таулы аймақта қалыпты жағдай. Осындай күндердің бірінде әкем ара ұясы тұрған жердегі ілініп тұрған шойын темірді қатты затпен бір ұрып қоятын. Әлгінің үні біразға дейін гуілдеп тұратын. Сөйтсек, жаңбырдың астында, тұманда қалған аралар осы дыбыс арқылы өз ұясын табатын көрінеді.
Аралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 триллиондық амал жасайтыны анықталды.
Аралар және олардың балының емдік қасиеті туралы адамдар ертеден білген. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта адамдар араның ұясына ұқсас қолдан қалыптар жасап, оған жабайы араларды отырғызып, балын алып, түрлі ауруларға ем ретінде қолданып келген. Жалпы, әлемдегі қай халық немесе қай дін болмасын араларға жақсы жағынан қараған. Өйткені, аралар адамның жаны деген түсінік берік қалыптасқан.
Аралардың маңызды қызметі. Араның балын былай қойғанда, электротехникалық және бояу шығару өндірістеріне керекті маңызды шикізат қоры болып табылатын балауыз жасалады екен. Ал ара уынан бірнеше дәрі-дәрмектер жасауға болады. Бәрінен де бұрын аралардың мәдени өсімдіктерді тозаңдандыруда алатын орны зор. Осы уақытқа дейін ара өсірушілер олардың не үшін билейтінінің сырын аша алмай келген. Жуырда мұның сыры да ашылғандай болыпты. Яғни гүлдер көп орын ұяға жақын болса, аралар шеңбер жасап ұшады екен. Ал бұл би барлық араларды сол жаққа шақырғаны, сондай-ақ сегіздік жасап ұшатын болса, азықтық орынның алыс екенін көрсеткені болып табылады екен.
Осы жуырда ғана зерттеушілер араларды контрабанда мен лаңкестікке қарсы күресте, есірткі саудасында қолдануға болатынын анықтады. Өйткені, өзіне жағымды иісті сезген аралар тілдерін шығарып, шәрбәт нәрін іздей бастайды. Сондықтан қажет етілген иіске араларды өте жеңіл үйретуге болады. Ол үшін аралар бірнеше иіс араластырылып жіберілген бөлмеге қамалады. Осында ол өзіне қажет еткен иісті ажыратып, тауып ала-алады. Осындай жолмен араларды жарылғыш заттарды және есірткілерді, тағы басқа да нәрселерді тауып алуға үйретуге болады.
Сондай жаттығудың бір түрі ретінде үйретілген аралар далалық жағдайда минаны табу үшін ашық ауаға жіберіледі. Аралардың қай жерге жиналып жатқанын анықтау үшін лазерлі аппарат қойылады. Монтана университетінің ғалымдары осындай тәжірибелердің бірнеше түрін жүзеге асырып үлгерді. Ғалымдардың тағы бір анықтағаны, аралар ауада улы қоспалардың барын сезсе, мінездерінде өзгерістер туындайды екен. Сонымен бірге, аралар азық-түлік тауарларының сапалылығын анықтай алады.
Оқыс қимыл жасадың дегенше, шабуылға ұшырадым дей бер. Мұнда ұшып жүрген бәленбай мың ара саған келіп жабысады. Бұл – араға тән табиғи құбылыс. Ұясының алдында тайраңдап жүрген аю екен деп қала ма, әйтеуір, оқыс қимылды (араны қағып жіберу, басыңды тұмшалап қашу) өздеріне төнген қауіп-қатер деп түсінеді.
Былай қарасаңыз, ара – басында бір шөкім миы жоқ жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндік. Жабайысын қосқанда дүниеде қанша түрі бар екенін білмеймін, білетінім, Алланың қалауымен бір жүйеден ауытқымай тіршілік ететін, қолға баптауға бейім бақшадағы кәдімгі бал арасы. Дүние есігін ашқан ара 5–6 ай өмір сүреді екен.
IV.Бағалау
Әр топ басшылары өз тобын бағалап шығады.
Рефлексия «Өрмекші стратегиясы»
Оқушылар шеңбер жасап тұрады да бүгінгі сабақта не білгендері жайлы айтып шығады.
Үйге тапсырма
1.Негізгі тапсырма: кесте толтыру
Аралар
Құмырсқалар 2.Шығармашылық тапсырма:
Ара балының түрлері және емдік қасиеттері жайлы мәлімет жазып келу.