Орынбаева Эльвира Бисембиевна
Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінің бология пәні мұғалімі
Мақсаты
Құстардың шығу тегі, негізгі қолтұқымдары, олардың адам өмірімен табиғаттағы маңызы қандай?
Күтілетін нәтиже
А. Үй құстарының шығу тегі жөніндегі білімдері кеңейеді.
В. Құс жұмыртқасының құрылысы мен негізгі қолтұқымдар туралы салыстырмалы сипаттама береді.
С. Құс шаруашылығының адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы туралы салыстырмалы сипаттама бере отырып тұжырымдайды
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
Биология оқулығы, 7-сынып.Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, әдістемелік нұсқау, электрондық оқулық, интербелсенді тақта, үй тауығының қолтұқымдары суреттері
Сабақтың барысы
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,
Күліп қағып қолымды,
Бір, екі, үш соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайыңнан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір қысайын.
Амандасу.
сабаққа дайындалады.
Тұсаукесер
Ақиқат па жалған ба
Сызықтық диктант.
Әр оқушының алдына параққа жазылған сызықтық диктант беріледі. Сөйлем дұрыс жазылса «+», қате болса «-» белгісін қояды.
1.Құстардың қанқасы жеңіл әрі берік.
2.Құстар салқынқанды жануарлар.
3.Ірі қауырсынның теріге еніп тұрған бөлігі – қаламша
4.Қыртөссіздер төс сүйегі жалпақ болғандықтан ұша алмайды.
5.Пингвиндер жақсы жүзеді, ұшады.
6.Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар орман құстары болып саналады.
7.Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды құс қанатының ызғары деп атайды.
8.Аққудың қоразы «саһар», балапаны «көгілдір» деп аталады
9.Құстың жүрегі үш қуысты, бір қанайналым шеңбері болады.
10.Құстар – дара жынысты іштей ұрықтанады.
Жауаптары:
Жеке оқушыға электронды оқулықтан интерактивті тапсырма. (құстарды топтары бойынша орналастыру)
Зейін қояды, ой елегінен өткізді.
Ойын қорытындылайды
Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
Дарынды оқушы жұмыстанады
Негізгі бөлім
Топтық жұмыс.
1 топ. ТВ шоу.Құс шаруашылығы
Теледидарлық бір бағдарламаны ала отырып, тақырыпты ашу.
2 топ.6 қалпақ. Үй тауығының қолтұқымдары
Ақ қалпақ.Үй тауығының қолтұқымдары туралы не білемін?
Сары қалпақ.Қолтұқымдарды өсірудің артықшылықтары.
Қара қалпақ.Жағымсыз тұстары, кездесетін проблемалар.
Жасыл қалпақ.Менде қандай идея бар?
Көк қалпақ(шолу).Мен не аштым?
Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.
Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.
Топтық талқылау жүреді. Критерий бойынша өзара топта бағалайды
Қорытынды
| Синквейн құрастыру. «Құстар» 1.Зат есім. 1 сөз 2.Сын есім 2 сөз 3.Етістік. 3 соз 4. Сөйлем.4 сөз 5.Омоним. Рефлексия Бағалау
|
Оқушылар стикерлер арқылы толтырады
Ұпайларды бағаға айналдыру. 11-9-«5», 8-6-«4», 5-3-«3» Қорытынды баға бағалау парағына қойылып, журналға түсіріледі. |