№29 Бекітілді:
Биология 11
Cабақтытың тақырыбы: Макроэволюция, оның дәлелдемелері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Макроэволюция туралы түсінік бере, оның дәлелдемелеріне түсінік бере отырып,
жаратылыстану ғылымының жетістіктерімен таныстыру.
2. Эволюция ғылымы туралы білімдерін арттыру.
3. Оқушыларды ғылымыи жетістіктерді бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі:түсіндірмелі ,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ сенен-жауап менен
Оқушылар бір-біріне екі-екіден сұрақ қояды
Үй тапсырма бекіту.
1.Өліп біткен ағзаның қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым? (палентология)
2.Жабық тұқымды гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануын 1898 жылы ашқан орыс цитологы? С.Навашин
3.Қарасан ауруын тарататын бунақдене Сона
4.Ең ұзақ жасайтын ағаштар? Емен,қайың,терек.
5.Қолдан сұрыптаудан: Асыл тқым мен іріктемелер алынады
6.Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы: Табиғи сұрыпталу
7.Микроэволюция –жаңа: Туыстың түзілуі
8.Швед ғалымы К.Линней: түрге,туысқа,отрядқа,класқа жіктеді
9. “Табиғат жүйесі”атты еңбегі 12 рет басылып шыққан ғалым: К.Линней
10.Жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады: Ж.Б.Ламарк
ІҮ.Жаңа сабақ
Макроэволюция (макро және эволюция) — түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю.А.Филипченко енгізген (1927). Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайы механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады.
Тірі организімдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым палеонтология деп аталады.
Салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелер Қазба қалдықтары табылмаған,қаңқасы жоқ организмдердің дене құрылысын салыстырып, туыстығын салыстырмалы анатомия арқылы дәлелдейді.
Ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әр түрлі мүшелерді гомологтық мүшелер дейді.
Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді аналогтық мүшелердейді.
ҮБекіту тапсырмасы:
І.Лезделік сұрақтар
*Палеонтология дегеніміз не?
*Палеонтологиялық дәлелдеулер қандай мақсатта жүргізіледі?
*Салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелер дегеніміз не?
*Салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелер қандай жағдайда жүреді?
ІІ. “Т” кестесі
Палеонтологиялық дәлелдемелер Салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелер
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үй тапсырмасын беру