Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің жас биологтары» сайысы
Мақсаты: ҚР Тәуелсіздігі туралы ой қозғау отырып, оның маңыздылығы,биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: Сайыс.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқының ғұлама жазушысы М,Әуезов «халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Қазіргі таңда жас Қазақстан Республикасына білімді де, білікті, жан жақты жастар қажет. Бүгінгі «Тәуелсіз елдің жас биологтары» атты сайысымызға нағыз дүлдүлдер өз білімдерін сынға салуға келіп отыр. Ендеше оларға сәт сапар тілейміз Биыл бізде атаулы мереке 16-желтоқсан «ТӘУЕЛСІЗДІК» мерекесі тойлағалы отырмыз. Қазіргі таңда еліміз егемен, тәуелсіз ел болып құрылғанымызға 25жыл толып отыр.
--Енді осы тәуелсіздікке қалай қолымыз жетті,сол жөнінде ой қозғайық .
Сайысымызды бастамас бұрын біздің сайысымызда әділ қазылар төрелік ететінін ескерте отырып, таныстырып өтелік.
Олар: _______________________________________
____________________________________________
____________________________________________
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыс бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс бөлімдері: 1 Кел , танысайық
2 Сұрақ бізден , жауап сізден
3 Тапқыр болсаң тауып көр
4 Ұяшықтар сыры
5 Полиглот(үш тілде)
6. Тәуелсіздікке арнау
7. Қорытынды Бүгінгі сайысымызға келіп тұрған топтарымызды шақырайық. Ендеше ортаға 6 - сыныбынан келген _ «Ботаниктер»_тобын ортаға шақырамын. Қарсы алайық. Келесі кезек 7 -8- сыныбына беріледі. Алдарыңызда «Болашақ»тобын қарсы алайық. Келесі кезек 9- сыныбына беріледі. Алдарыңызда __ «Тәуелсіздік» тобын қарсы алайық.
Қош келіпсіздер! I бөлім. Жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастайық. Бірінші бөлім «Кел танысайық» деп аталады. Ендеше әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру барысында өмірлік ұстанымдарын, келешекке құрған жоспар мақсаттарын атап кетеді.
Жоғарғы ұпай – 5 балл.
Айта кетейін әр бөлімнің бағасын әділ қазылар өздері белгілеп отырады, сайыс соныңда барлық бөлімді қорытындылап , марапаттайды.
II бөлім. Жүргізуші: Келесі бөліміз «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталады, оқушылар өздерінің білімдерін ортаға салады.
Ендеше қазір әр топқа он сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
Жүргізуші: Олай болса іске сәт. Алғашқы он сұрақ 6 - сыныбының ____________
тобына қойылады.
1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (Ботаника)
2. Қазақстанда қанша қорық бар (9)
3. Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты (1978)
4. Өсімдіктің өсім мұшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)
5. Ядросыз ағзалар (прокариоттар)
6. Жасушаны ашқан ғалым (Роберт гук)
7. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (Ұлпа)
8. Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады (органикалық)
9. Қоянның сүйікті тағамы (сәбіз)
10. Күн гүлі деп аталатын өсімдік (күнбағыс)
Жүргізуші: Келесі кезекті 7-8 - сыныбына берейік. Дайынсыздар ма? Олай болса бастайық.
1. Ең ірі жеміс (асқабақ)
2. Фотосинтез процесін ашқан ғалым (Темирязев)
3. Жапырақтар түгелдей тікенге айналған өсімдік (кактус)
4. Ағзаның ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабылеті (Иммунитет)
5. Түрі өзгерген жер асты өркендері (тамырсабақ, түйнек, пиязшық)
6. Бидайдың жемісі не деп аталады (дәнек)
7. Мүктерді зерттейтін ғылым? (бриология)
8. . Затты ұлғайтып көрестетін құрал (микроскоп) 9. Мәңгі жасыл ағаш (Шырша)
10. жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалуы (талшық)
Жүргізуші: Келесі кезекті 9 - сыныбына берейік. Олай болса бастайық.
Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар. Янсендер
Ең күрделі ұлғайтқыш құрал Микроскоп
Жасушаны ашқан ғалым. Р.Гук
Микроскоптың негізгі көру бөлігі. Көру түтігі
Жасуша қабықшасынның жұқарған жері . саңылау
Өсімдікке жасыл түс беретін пластид. Хлоропласт
Тыңайтқыштар нешеге бөлінеді? Минералды органикалық
Тамыр жүйесі нешеге бөлінеді? Кіндік шашақ
Күн энегиясының қатысуымен болатын құбылыс . Фотосинтез
Өсімдіктің жер асты мүщесі. тамыр
III бөлім. «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталатын бөлімізде әр топқа бір сұрақтан қоямын.
Бір сөз бар баспана болатын.Сол сөздің «К» әрпін, «б» мен «г» өзгертсең,бунақдене болады қаныңды соратын. (күрке, бүрге)
Тағы бір сөз бар шахмат ойнында айтылады. «Ж» әрпін «К» ге, «С» әрпін «Ш»ға өзгертсе, астық тұқымдастың бірі болады. (жүріс,күріш)
Екі ақ әріп бар жануар адам досы.Алып жануар оқисың «К» ны қосып, «К» әрпін «Б»мен ауыстырса , бөртпе сүзек тұрады сені тосып (ит,кит,бит)
ОРТАҚ СҰРАҚ: Бір сөз бар халық өнерінің өрнегі, «О» әрпін «А»әрпіне өзгертсе, жыртқыштар отрядының бірі болады. (ою,аю)
IV бөлім. «Ұяшықтар сыры» бөлімі
Тақтада тұрған ұяшықтар сырын ашып, ішінде жасырылған сұрақтарға бірге жауап табайық. Ұпайы аз командадан бастайық.
Табиғатпен тілдес
10 Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп,Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристаллдары гүлге айналыпты.Осыдан бері бұл ГҮЛ ҮМІТ символы болып саналған.Дара жарнақтылар кла сына жататын,эфемериодты (ерте көктемде) гүлдейтін өсімдік..... БӘЙШЕШЕК
20 Бұл мамыр айының 8-9 ына болатын суыққа байланысты.Жұмыртқа шайқаған құстар балапан шығарады.Осы күнді халқмыз қалай атаған. Бұл жұмыртқадан қызыл шақа балапандардың шыққанын аңғарады.
( Қызыл жұмыртқа)
30 Ақ бөкендер көктемгі (мамыр айның 7-25-і аралығында) жаппай лақтайды. Осы кезде ауа райы салқындап,ызғырық жел тұрады,жаңбыр жауып,артынша күн суытып,табиғат дүниеге жаңа келген құралайларды салқын ауа райымен ширатып,қатал табиғат жағдайына төзімді етіп өсіреді. (ҚҰРАЛАЙ САЛҚЫНЫ)
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН
10 Қазақстан Республикасының президенті
20 ҚР Тәуелсіздікті қай жылы алды?
30 Ұлттық валютамыз қай жылы қабылданды?
САНДАР СЫРЫ
10 КҮзде ағаштағы кейбір жапырақтар неге кеш түседі?
(Бұтақтардағы ең соңынан шыққан жапырақтар кеш түседі)
20 Отбасында бес ер бала бар және олардың әрқайсысының қарындасы бар екен.Сонда отбасында қанша бала бар?
(отбасында 6 бала бар, себебі барлық ұлға бір қарындас.)
30 Темір шарбақтың ішінде құндыздар мен үйректер жем жеп,бірге жүр.Егер етпетіңмен жатып қарасаң, 15 бас,40 аяқ көрінеді. Сонда шарбақ ішінде неше үйрек, қанша құндыз жүр. (Барлығы 40 аяқ, 15 бас болғанда, 5 құндық,10 үйрек жем жеп жүр.5 құндызда,4 аяқтан 20,10үйректе екі аяқтан 20 )
V бөлім . Тіл - өнер
Карточкадағы мақал, жұмбақтарды шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша баламаларын айту. Әр жауап 10 ұпай.
Бар – жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің. (ауа-воздух-аіr)
Қыз өссе елдің көркі, .... өссе жердің көркі (гүл-цветок-flower)
.... – зор байлық. (денсаулық-здоровье-river)
Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау ( жұмыртқа-яйцо-еgg)
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ. ( су вода )
. Бірақ көзің көрмейді, кең даланы кернейді. ( ауа)
VI бөлім.
«Жырға қостық - Тәуелсіздік күнін біз» оқушылар тәуелсіздік күніне орай өз жүрек жарды жырларын арнайды.
VII бөлім. Қорытынды
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Олай болса сайыстың қортындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін ортаға әділ қазыларды шақырамыз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткіземе мұратың
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Тәуелсіздігіміз тұғырлы боп, еліміз аман,жұртымыз тыныш боп, жеңісті күндерде кездескенше достар!!!