Сабақтың тақырыбы: Аралас бездер Сабақтың мақсаты:
Аралас бездердің құрылысы және атқаратын қызметтері , олардың қызметтерінің бұзылуынан болатын аурулар мен себептері туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері :
Білімділігі : ұйқы безі мен жыныс бездерінің ағзада орналасуы,құрылысы , негізгі атқаратын қызметтері , олардың қызметінің бұзылу себептерінен болатын аурулар туралы білім беру. Дамытушылығы: оқушылардың топпен және шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : салауатты өмір салтын қалыптастыру , адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, оқулық , қосымша деректер т.б
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО ( сын тұрғысынан ойлау және жазу ) жобасы.
Стратегиялар : Венн диаграммасы , зерттеу конференциясы
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру бөлімі
Ι. Қызығушылықты ояту Венн диаграммасы
( Ішкі және сыртқы секреция бездері )
[pic]
ΙΙ. Мағынаны ашу. Зерттеу конференциясы.
Ι топ : анкета құру
ΙΙ топ : плакат дайындау
ΙΙΙ топ : кітапханаға саяхат
ΙV топ : көрініс көрсету
V топ : аргументтік эссе
Класс оқушылары топқа бөлініп , әр топтың тапсырмалары алдын ала беріледі .
Мысалы : Ι топ : анкета құрып , сұхбат алады және нәтижесін шығарады. Аралас бездер ауруына жататын ,жиі кездесесетін « қант диабеті » алынды.
Анкета
Қант диабеті туралы не білесіз ?
Қант диабетінің белгілері қандай болады және қант диабетімен ауыратын адамды анықтауға бола ма ?
Қазіргі кезде қант диабетінің көбейіп кету себебі неде деп ойлайсыз ?
Қант диабетімен ауыратын адам қалай күтіну керек ?
ΙΙ топ : аралас бездер гормоны жетіспегенде , көбейгенде болатын өзгерістер және емдеу жолдарын
түсінікті түрде суреттеп көрсетулері керек. Топтан бір оқушы шығып плакаты қорғайды .
ΙΙΙ топ : аралас бездер туралы мәліметтер жинап ( құрылысы , орналасуы , қызметі ,қызметтерінің бұзылуынан болатын аурулар т.б ) әрбір оқушы өзінің әкелген мәліметімен таныстырады.
ΙV топ : аралас бездердің қызметінің бұзылуынан болатын аурулардың себептері , алдын алу , ауырған адам қандай болады т.б көрініс қылып көрсетеді . Көрініс сауатты , мағыналы болуын қадағалау керек.
V топ : аргументтік эссе жазатын оқушылар маман дәрігерлермен кездесіп , қазіргі кезде Ақтөбе қаласында қанша адам қант диабетімен тіркеуде тұрғандарын нақты деректермен дәлелдеп берді.
ΙΙΙ :Ой толғаныс .
ΙV.Бағалау .
Әрбір топқа сабақ басталарда бағалау парағы беріледі .Бағалау парағындағы бағалау талаптарын ескере отырып әр топ бірін – бірі және әр топ басшысы өз топ мүшелерін бағалап отыру керек.
Бағалау парағы .
10 – 12 ұпай – « 5 »
10 – 8 ұпай - « 4 »
7 – 6 ұпай - « 3 »
Топ атауы ---------------------------------- . Топ мүшелері :
1.--------------------------------------------------------------------
2.--------------------------------------------------------------------
3.--------------------------------------------------------------------
4.--------------------------------------------------------------------
5.--------------------------------------------------------------------
6.--------------------------------------------------------------------