Сабақ жоспары №39 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өзгергіштік туралы ұғым қалыптастыру

  2. Модификациялық өзгергіштік туралы білім беру

  3. Сарамандық жұмыс жүргізу

Дамытушылықтың мақсаты:

  1. Генетикалық білімдерін тереңдету

  2. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу

Тәрбиелік мақсаты:

  1. Ептілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру

  2. Отанын Қазақстанды сүюге баулу

  3. Кәсіптік бағдар беру

 Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

 Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз бетімен жұмыс әдісі, сұрақ-жауап

 Пәнаралық және ғылыми байланыс: география, геометрия, математика мен селекция, медицина

 Көрнекіліктері: оқулық, слайдтар, компьютер, проектор, лавршие жапырақтары, өлшегіш-сызғыш, қарындаш.

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин

А) сәлемдесу

Б) түгендеу

В) Үй жұмысына шолу 15минут

 ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. 30 минут

компьютер, слайдтарды талдау.

 ІІІ. Сарамандық жұмыс 20 минут

IV. Білім алушылардың шағын жобасын тыңдау

V. Бинго ойыны арқылы сабақты бекіту 10 минут

ҮІ.Білім алушыларды бағалау 5 минут

ҮІІ: Үйге тапсырма беру 5 минут

1. Мәтінді оқу

2. Кез келген өсімдік жапырақтарына тапсырмалар бойынша математикалық әдіспен есеп шығарып келу.

3. «Мoдификациялық өзгергіштіктің маңыздылығы» тақырыбында реферат жұмыстарын жайындау.

  Үй жұмысына шолу қосымша 1

Менен сұрақ – сенен жауап!

1.Хромосомалық ауруларды ата?

Клайнфельтер, Шершевский-Тернер, Даун т.б. аурулар

 2. Комплементарлық деп….

Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады.

 3. Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды…

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау деп атайды.

 4.Цитогенетикалық әдісті пайдаланып, тұңғыш рет 1956 жылы адамның дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп-жыныстық хромосомалар болатындығын анықтаған ғалымдарды ата.

Дж.Тийо мен А.Леван

 5. Г.Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?

біркелкілік

 6.Бұл әдіспен адамның жеке дамуы барысында тұқым

қуалайтын өзгерістердің бар – жоғы анықталады бұл қандай әдіс?

Онтогенетикалық әдіс

 7. Х хромосоманың артық қосылуына байланысты әйелдер арасында қандай ауру кездеседі? (ХХХ)

Трисомия

 8. Дене жасушасында жыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе ондай жынысты …

гомогаметалы дейді

 9. Бір жұмыртқа жасушасының бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі эмбрионның дамуы қандай әдіске жатады және қандай түрі?

Егіздік әдісі, бір жұмыртқалы егіздер

 10. Корольдар ауру қалай аталады?

Гемофилия ауруы

 I – топқа арналған

Биологиялық диктант

1.Ұрпақтар белгілі дәрежеде ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқымқуалаушылық

дейді.

2. Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы генотип , организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы фенотип деп атайды.

 II – топқа арналған Биологиялық диктант

1. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады.

2. Ата-аналық формалар Р әрпімен белгіленеді, аналықты белгісімен, аталықтык белгісімен, будандастыруды Х , ұрпақтарын Г әріпімен, гаметаларды деп белгілейді.

 III– топқа арналғанБиологиялық диктант

1.Организмнің тұқымқуалаушылық сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік деп атайды.

2. 1865 жылы австриялық табиғат зерттеушісі Г.Мендель «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірбиелер» деген еңбегі жарық көрді.

 IV– топқа арналғанБиологиялық диктант

1.1909 жылы дат биологі В.Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген , генотип және фенотип ұғымдары қалыптастырды.

2. Тұқым қуалайтын немесе генотиптік өзгергіштікті екі типке бөледі. Комбинативтік және мутациялық өзгергіштік.

 Жаңа тақырыпты меңгерту қосымша 2

Модификациялық өзгергіштік

 Анықтама :

Ағзалардың белгілерінің

сыртқы орта жағдайына байланысты

өзгеруі

 Түрлері 1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік

немесе фенотиптік, яғни

модификациялық өзгергіштік

 2. Тұқым қуалайтын немесе

генотиптік, яғни мутациялық

немесе комбинативтік

өзгергіштік

 Ерекшеліктері : 1. тұқым қуаламайды

2. тез және көп өзгереді

3. гендердің қызметіне

ферменттердің белсенділігіне

әсер етеді

4. Белгілі бір реакция

нормасымен шектеледі

Зерттеу әдісі: Статистикалық әдіспен зерттеледі:

 Вариция қатары – кішісінен үлкеніне

қарай бір қатарға орналастыру

нұсқа – белгі дамуның жеке көрінісі

 Орташа шаманы анықтау : , М орташа шама, Х-нұсқа,

p- нұсқалардың кездесу жиілігі, n-нұсқалар саны , ∑-жиынтық.

 

қосымша 4

V. Бинго ойыны арқылы сабақты бекіту

1. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттейтін ғылым қалай аталады? Адам генетикасы

2. Қай әдіс арқылы туыстар арасындағы аурулардың оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды?Генеалогиялық әдіс

3. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды қалай атайды? Пробанд

4. Әке – шеше жағынан туыс адамдардың бір – бірімен некелесуін қалай атайды?Туыстық неке

5. Бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды қалай атайды?Егіздер

6. Қай әдіс арқылы тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауруларды анықтайды?Биохимиялық әдіс

7. Бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық белгілерінің ұқсас болуы қалай аталады? Конкорданттылық

8. Хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген әдіс қалай аталады? Цитогенетикалық әдіс

9. Егіздерді пайда болуына қарай қалай бөледі?Монозиготалы және дизиготалы

10. Адамда тұқым қуалайтын аурулар қандай топтарға бөлінеді?Гендік және хромосомалық аурулар

11. Аутосомды – доминанттық ауруларға қандай аурулар жатады? Гендік аурулар

12. Гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын ауруларды қалай атайды?Брахидактилия (қысқа саусақтылық), полидактилия (алтысаусақтылық), сүйектің омырылғыштығы

13. У хромосомада әкесінен тек ұл балаларына ғана берілуі қалай аталады?Голандриялық тұқым қуалау

14. Аутосомалардың 21 жұбында артық бір хромосома болатын, жалпы хромосомалар саны 47 болатын ауру қалай аталады?Даун синдромы

15. Хромосомалық аурулардың негізгі себептері қандай?Жасушалардың мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалардың гаметаларға теңдей ажырамауы

16. Консультацияның бірінші кезеңінде аурудың диагнозын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады? Шежіре, цитогенетикалық, биохимиялық т.б

17. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз.Гипертрихоз

18. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Ахондроплазия

19. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Полидактилия

20. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Сиам егіздері

21. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Даун синдромы

22. Жыныс бездері жете дамымаған, ақыл есі кем, аяғы мен бойы ұзын, басы кішкентай қай синдромға жатады? Клайнфельтер синдромы

23. Әйелдердің бойы аласа болып, жыныстық жетілуі баяулап, бедеу болатын қандай синдром?Шерешевский – Тернер синдромы

24. Медициналық генетикалық консультациялардың басты мақсаты?Генетикалық кеңес беру және тұқым қуалайтын ауруларды алдын ала болжау.

25. Консультацияның екінші және үшінші кезеңінде нені анықтайды және қандай қорытынды шығарады? Екінші кезеңінде ұрпақты анықтау, үшінші кезеңінде ауруды жазбаша қорытындылау

 

ҮІ.Білім алушыларды бағалау

 

ҮІІ: Үйге тапсырма беру §40 оқып келу, қосымша материалмен толықтыру