План работы на тему Бактериялар(6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«БЕКІТЕМІН»

______________

______________

Күні: 09. 04. 2016 ж.

Сыныбы: 6 «б»; 6 «в».

Тақырыбы: Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың бактериялар туралы төменгі кластан білетіндерін еске түсіре отырып бактериялардың құрылысы, тірі организмдерге әсер ету жолдары, бактериофаг, бактерия арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың прокариоттар, эукариоттар және жасушасыз тіршілік құрылымы туралы білімдерін дамыта жетілдіре түсу.
Тәрбиелілігі: 1. Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға тәрбиелеу;
2. Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау;

3. Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Өткізу әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1). Ұжымдық әрекет

2). Оқушыларды түгендеу.


II. Үй тапсырмасын сұрау.
Деңгейлік тапсырмаларды тексеру;
Қосымша микробиология, бактерия, көк - жасыл балдырлар туралы мәлі
меттер.

III. Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
1.
Ашылу тарихы
2.
Микробиология ғылымының дамуы
3.
Бактериялардың құрылысы, қоректенуі.

І. Бактерияларды зерттеу ХVII ғасырда ұлғайтқыш құралдардың пайда болуына байланысты дамыды. Бактерияларды ең алғаш Антони – ван Левенгук ашқан. Одан кейін Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін микроағзалардың барын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

ІІ. М икробиология ғылымы – (грек. «микрос» - кішкентай, «логос» - ғылым), яғни көзге көрінбейтін, ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым.

ІІІ. Бактериялар – барлық тіршілік ортасын игерген ұсақ ағзалар.

Бактериялардың құрылысы:

  • Олардың жасушалары – 0,1 – ден 10 мкм – ге дейін, өте ұсақ.

  • Прокариоттарға жатады, яғни ядросы болмайды.Цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады,ДНК молекуласы шектеулі кеңістікте(нуклеоидта) орналасып, сақина түрінде тұйық орналасады.

  • Жасушасының өте тығыз, көпқабатты қабықшасы болады, ол нәруыз муреиннен және полисахаридтерден тұрады.

  • Митохондрия мен хлоропласттар болмайды, қызметін ЦПМ атқарады.

  • Рибосомалары бар


IV. Бекіту.
1. Ассоциациялық карта жасау.

[pic] [pic]

[pic]



Б [pic] [pic] [pic] [pic] актерия

[pic]




2. Деңгейлік тапсырмалар.


V. Үйге тапсырма: ₴ 57. Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы.