Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері. Иммундық реакция. Антигендер және антиденелер тақырыбына сабақ жоспары (8 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып:8

Пән:биология

Сабақтың тақырыбы: Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері. Иммундық реакция. Антигендер және антиденелер.

Сабақтың мақсаты.

1.Оқушыларға Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері туралы білім беру.

2.оқушылардың Иммундық реакция. Антигендер және антиденелер дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың әсері ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

3. Адамгершіліке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс –тісілі:Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Құрал –жабдықтар:интерактивтік тақта, тірек-сызба, электрон окулықтан көрсетілім

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, салауаттану, сурет.физика,биология,медицина.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Алған білімдерін пысықтау

1.Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.

2.Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы.

3.Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі.

ІІІ.Жаңа тапсырма

Иммунитет (лат.а «immunitas» - бір нәрседен құтылу ,босау) – қабылдамау, қарсы тұру,ағзаға қорғаныш болу. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде деген қарсы тұру.

Иммунитеттің негізін салған ғалым - И.И.Мечинков. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға ғана байланысты емес.

Антитела (гре.е«anti» - қарсы, «тело» - дене)қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз.

Қарсыдене – лимфоциттердің қатысуымен түзіледі. Лейкоциттердің қан мен лимфада болатыны сендерге таныс.

8 – сызбанұсқа. Иммунитеттің жіктелуі

















Иммундық жүйе организмді генетикалық бөтен клеткалардан немесе заттардан (олардың сырттан кірді немесе организмде түзілуі мүмкін) қорғауды қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпаларды біріктіреді. Иммунды жүйенің орталық мүшелеріне жілік майы және айырша без жатады.

Жілік майының бағаналық клеткаларынан В- лимфоциттер жасалынады. Айырша безде мүшелердің бағаналық клеткаларынан түскен Т-лимфоциттер әрі қарай дифференцияланады.Одан лимфоциттер иммунды жүйенің шеткері мүшелеріне түседі.

Иммунды жүйенің шеткері мүшелеріне бадамшалар, лимфалық түйіншектері, лимфа түйіндері, көкбауыр жатады. Иммунды жүйенің шеткері мүшелерінің қызметтерін иммунды жүйенің орталық мүшелері басқарады. Т-лимфоциттер лимфа түйіндері, көкбауырдың тимусқа тәуелді зоналарында орналасады.В- лимфоциттер антидене түзетін клеткалардың бастамасы болып табылады. Иммунды жүйенің мүшелері адамның денесінде ретсіз орналаспайды.Олар бөгде заттардың түсетін аймақтарына жақын орналасады. Жілік майы қан түзуші және иммунды жүйенің мүшесі болып табылады.Жілік майы қызыл және сары болып бөлінеді. Қызыл сүйек кемігі жалпақ және қысқа сүйектердің кеуекті заттарының ұяшықтарында, ұзын түтікті сүйектердің эпифиздерінде орналасады. Жілік майы ұзын түтікті сүйектердің диафиздерінде орналасады.Қызыл сүйек кемігінде қан түзуші клеткалардың бағаналы клеткалары бар олар қанның және лимфаның клеткаларының бастамалары болып табылады. Жілік майы майлы ұлпадан тұрады.

Лимфа түйіндері.

Лимфа түйіндері, ұлпалармен мүшелерден келе жатқан лимфа тамырларының жүру жолдарының бойында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны лимфа тамырлары басталатын ұлпалардан, мүшелерден немесе дененің бөліктерінен қабылдайды. Мұндай түйіндер аймақтық немесе регионалдық лимфа түйінлері, - деп аталады. Адам денесінің кейбір аймақтарында лимфа түйіндері екі қабат жасап орналасады. Мұндай топтардың арасында, әдетте, фасция орналасады. Бұл жағдайда фасцияның үстінде жатқан түйіндер терең түйіндер деп аталадыТүйіндердің орналасуын ескере отырып, бірінші түйіндерді висцеральдық /ішкі мүшелік/ - деп атау қабылданған. Лимфа түйіндерінін құрылысы. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен жабылған паренхимадан тұрады. Лимфа түйіннің қабығын оның паренхимасына дәнекер ұлпадан бірдей аралықта өсінділер кетеді. Қыртысты зат қабыққа жақын орналасқан және тұлға бойынан қыртыстық аралық қойнаулар өтеді. Қыртысты затта диаметрі 0,5 – 1мм лимфалық фоликулалар орналасқан.

4.Қорытынды. Жілік майы ұзын түтікті сүйектердің диафиздерінде орналасады.Қызыл сүйек кемігінде қан түзуші клеткалардың бағаналы клеткалары бар олар қанның және лимфаның клеткаларының бастамалары болып табылады. Жілік майы майлы ұлпадан тұрады.

Бадамша бездер. Тілдік, түтіктік, таңдайлық, жұтқыншақтық. Олар тілдің түбірінде және жұтқыншақтың мұрындық ,аран бөлігінде орналасады. Тілдік бадамша безі тақ, тілдің түбірінде лимфа ұлпасының жиынтығынан тұрады.Таңдай бадамша безі жұп, бадамша безінің шұңқырында, таңдай - жұтқыншақтық және таңдай тілдік доғашықтарда орналасады.Жұтқыншақтық бадамша без тақ, жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғасының шекарасында орналасады.Түтіктік бадамша без - жұп, есту түтігінің жұтқыншақтық тесігімен жұмсақ таңдайдың арасында орналасады.Иммундық жүйеге, орталық және шеткі иммундық жүйе мүшелеріне морфофункциональдық сипаттама.

5.Бекіту:- Иммунитет.

- Иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері.

- Иммундық реакция.

- Антигендер және антиденелер.

- Иммунитет нешеге бөлінеді, олардың бірінен – бірінің қандай айырмашылығы бар?

- Иммунитет дегеніміз не, қанша түрі болады, әрқайсысына толық сипаттама беріңдер?

- Иммундық жүйде дегеніміз не, оған жататын мүшелерді атаңдар?

Ү/т §33 Баяндама «Енжар және белсенді, табиғи және жасанды иммунитет.»