Сабақ жоспары №32 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып:9

Пән: Биология

Сабақтың тақырыбы: Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні: Оқушыларға туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы туралы түсіндіру.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану туралы түсініктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні: Селекцияның табиғатқа, адамға тигізетін пайдасын әңгімелеу, экологиялық тәрбиені дамыту, оқушылар іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі сұхбат

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, электронды оқулықтан көрсетілім.сурет,слайд

Пәнаралық байланыс:  тарих, география, экология, әдебиет, химия,биология,физика,генетика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Алған білмідерін пысықтау

1.Заманауи селекцияның әдістері.

2.Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы.

3.Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі.

4.Тұқымқуалайтын сапаны бағалау

ІІІ.Жаңа тапсырма.

Туыстық шағылыстыру. Ата – анадан алынған төлдерді өзара немесе ата – анасымен өз төлдерін шағылыстырады. Нәтижеде гомозиготалықтың мөлшері артып, түзілген таза сорттармақтар жаңа қолтұқым шығаруға қолданылады.

Олар туыстық будандастыру (инбридинг) және туыстық емес будандастыру (аутбридинг) болып бөлінеді.  [link]  сыры әлі толық анықталған жоқ.


4.Қорытынды. Сұрыптауда жалпылама және дара сұрыптаудан басқа будандастыру әдісі қолданылады. Әр түрлі түқымқуалаушылығы бар ағзаларды шағылыстыру - будандастыру деп аталады. Жақын туыстық будандастыру (инбридинг) – жақын туыстық шағылыстыру. Жақын туыстық будандастыру кезінде жақын туыстық дәрежесінің әр түрлі болуы мүмкін. Өздігінен тозанданатын түрлерде жақын туыстастық будандасу барынша көп болады.

Бірінші ұрпақ будандары үшін будандастру кезінде көбінесе гетерозис тән қасиет. Мұндай құбылыс туыстас емес формаларды шағылыстыру кезінде бірінші ұрпақ будандарында ғана пайда болады. Гетерозис себептері туралы бірнеше болжамдар бар. Біз оларға тоқталмаймыз. Гетерозистің тиімділігі келесі ұрпақта төмендейді, сөйтіп барақтар өзінен бұрынғылармен салыстырғанда жақсы сапасымен ерекшеленбейді. Әсіресе өздігінен тозанжанатын өсімдіктердің әр түрлі салалары бойынша будандастыру тәжірбиелері көңіл аударарлық.


5.Бекіту:

- Инбридингті сұрыптауда қандай мақсатта қолданылады ?

- Адамды жақын туыстастық будандастырудан кашқақтаудың себебі не ?

- Будандық күшті (гетерозисті) қолданудан келесі ұрпақта не болады ? Бұл әдіс жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар шығару кезінде неге қолданылмайды?


ү/т § 32 баяндама «Полиплоидия. Әріден будандастыру.»