Педагогикалык оку пед оку

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

1 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп







[pic]


Оқыту жүйесіндегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеуде ойын элементтерін пайдаланып табиғатты қорғауға үйрету



Баяндамашы: Биология пәнінің мұғалімі

Алимбекова Маржан









Жоспар:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

А) Сын тұрғысынан ойлау мен ой - өрісін дамыту.

Б) Стратегиялар түрлері

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланған әдебиеттер























« Жаңа нәтижеге ие болу адамның ұлы мақсаты »

Луи Пастер



Кіріспе


Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болады. Оның нақты сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландыруда көрініс тауып отыр.

Оқыту жүйесіндегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеуде ойын арқылы оқушыға өз ойын, пікірін айтуға оқушыларға барынша еркіндік беруі, оларды шыдамдылықпен жалықпай тыңдауын, қате пікірді бірден жоққа шығармауды, шәкіртінің пікірімен тең өз дәрежеде санасуы құптарлық. Сабақ барысында оқу үрдісінің өзіне де, сыныптастарына да, ұстазына ортақ нәрсе екенін түсінуге, әр оқушының ой-пікірін бар тұлға екенін түсінуге, сезінуге күш салуы. Талпынуы іздену барысында ортаға түскен пікірлердің дұрыстығы немесе бұрыстығы айқындалып, шәкірттердің көп нәрсеге, қойылған проблеммалардың мәніне, дұрыс шешімдеріне көздері жетуі сабақтың яки мұғалімнің мақсатына жетуін дәлелдейді. Теориялық материалдардың мәні мен мазмұны оқулықтарда беріліп, оқушы өзі меңгеретіндей қызықты болуы керек.Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін оқулықта келтірген тапсырмаларды « сұрақ- жауап » диалог түрінде келтіріп оқушыға танымдық әрі түсінуге жеңіл болуға бағыттау керек. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін қарапайым мысалдар келтіру керек.

Дамыта оқыту мен экологиялық тәрбие беруде ойын элементтерінің де маңызды қасиетінің ерекшелігі сынып оқушыларының бойында « жақсы », « жаман » қасиеттерін бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдайды туғызуды мақсат ету. Нашар оқушының да өз шама шарқына қарай қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған, бұл жолда оның қателесуі жаңылысуы әбден мүмкін. Тек мұғалімнің тарапынан көрсетілетін сабырлық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға ұмытылуға жетектейді.









« Адам, егер ешкімді өз пәніне үйретпесе, ол пәнін еш уақытта жете білмейді ».

П.А.Капица

Негізгі бөлім

Сын тұрғысынан ойлау мен ой- өрісін дамыту

Оқушылардың ойлау қабілетіне жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты « Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжіриберелеріне ене бастаған.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі, білімнің болашаққа пайдаға асуы.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны тану

  3. Ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Стратегия түрлері

1.Қызығушылықты ояту стратегиясы

Бұрынғы білетінмен жаңа білімді ұштастыру. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарт жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.Жалпы оқушының тыңдау қабілеті 10 минутқа ғана жетеді, одан соң бала жалыға бастайды.бұл стратегияда оқушының назарын тірек схемасына аударып алу, тақырыпты түсіндіріп, бағыт беру. Мысалы, 9 сыныптағы « Биосфера – тіршілік қабаты » деген тақырыпта өткізген ашық сабағымда осы технологияны пайдаланып өттім.Мақсаты:

Білімділік-оқушыларға биосфера қабатының атқаратын қызметі,құрамдас бөліктері туралы түсіндіру.

Дамытушылық- пәнге қызығушылығын арттыра отырып жүйрік ойлау мен талдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік- рухани адамгершілікке,табиғатты аялауға,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)

  2. Жаңа сабақ ( 10 минут)

  3. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі ( 20 минут )

  4. Қорытып,бекіту ( 10 минут)

  5. Бағалау, үйге тапсырма ( 3 минут)





Биосфера 3 құрамдас бөліктен тұрады.


[pic]


Атмосфера

Атмосфера арқылы зат және энергия [pic] алмасады.Жерге атмосфера арқылы ғарыштан шаң- тозаң, метеорит сынықтары түсетін болса, жер сутек, гелий сияқты жеңіл газдарды жоғалтып отырады.Атмосфера- тропосфера, стротосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын бірнеше қабаттан тұрады.Тіршілік стротосфера қабатына тән.Атмосфераның ең маңызды атқаратын қызметі- тыныс алу, қорғаныш, зат және энергия алмасуды жүзеге асырады.


Гидросфера

Гидросфера жер шарының 3\2 бөлігін алып жатыр

[pic]

Ауа бізге қандай қажет болса, су да соншалықты қажет.Жер шарындағы барлық судың 94 пайызын мұхиттар мен теңіздер,

6 пайызын ғана өзен,көл,жер асты сулары мен мұздықтардың үлесіне тиеді.


Гидросфера қабаттары

Судың беткі қабатында ұсақ организмдер қалқып жүріп тіршілік етеді, оларды планктон дейді.

Судың терең тұғиықтарында еркін жүзіп жүретін балықтар тіршілік етеді,оларды нектон дейді.

[pic] [pic]

Ал мұхиттардың ең түбінде көбінесе қозғалыссыз тіршілік етуге бейімделген су организмдері - бентос орнығады.Оларға губкалар,теңіз жұлдыздары т.б. жатады.


Литосфера

Құрлықтағы тіршілікке ең қолайлы орта болып табылады.Оның түп

негізін әртүрлі минералдар, тау жыныстары,шөгінділер,

органикалық қалдықтар құрайды.

[pic]

Онда тірі организмге қажетті барлық нәрсе бар.Топырақ организм үшін қолайлы орта, қорек көзі,жауларынан қорғанатын орын, көбею, таралу аймағы болып табылады.

Дәптермен жұмыс. Дәптерге сабақта қолданған тірек схема жазылады.


2. Мағынаны тану стратегиясы.

Бұл жаңа ақпаратпен танысып, жаңа тақырыппен жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Төмендегі адасқан әріптердің ішінен термин сөздердің астын сызып, мағынасын айту.

Арошгбиологиявачтыкбиотопукгнсбәсекелестіколдл

зоохориякпеывэкожүйеыпушцыконсументщлцкукеер

кщосимбиозкарредуцентдвквыпродуцентдылщугкнц

бчфаллелопатияуубзоофагчжывафсукцессияжыуку

ыыыыкуфитофагсбиоценозыуййцуфцқоқысбцуокцу

монопаразиттерйцкепопуляциякукбчваэдификатору



3. Ой толғаныс стратегиясы

Оқушының толғанысын ояту, ұйымдастыру, осы кезеңде үйренуші не үренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізу. Оқушылардың бір-бірімен ой алмасуына, ой түсіністіруіне қамтамсыз етеді. Оқушы қабілетін көрсетеді.Оқушыларға 2 түрлі конвертте 4 тақырып бердім де, осы тақырыптар туралы әр оқушы өз ойын айтып ортаға талқыға салды.Ол мынадай тақырыптар

1 тақырып - Қала экологиясы;

2-ші Өзіміз тұратын жердегі ауыз су сапасы қандай және қалай тазартылуда?

3-ші Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?

4-ші Біздің республикада өндірістік қалдықтарды өңдеу жолдары барма?

Қорытындылау стратегиясы

Сабақты қорытындылау мақсатында Инсерт әдісін пайдаландым

Білемін

Маған жұмбақ

Білдім

Атмосфера

Гидросфера

Литосфера 

Өндірістік

қалдықтарды

жою жолдары

Планктон

Нектон

Бентос






Бағалау. Сын тұрғысынан оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне,

ойын еркін жеткізе алғанына қарай өздеріне тиесілі

бағамен бағаладым.

















« Білім тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімге тәуелді»

Ы.Алтынсарин


Қорытынды

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мынадай шарттарды есте сақтау керек.

- Ойланып толғануға ойын ашық айтуға рұқсат беру.

- Әр түрлі идея пікірлерді қабылдау.

- Кейбір жағдайда оқушылардың қолайсыз жағдайға түсіп қалғанда әжуаға айналдырмауы керек.

- Оқушының бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, дәйекті болуын талап ету керек.

- Уақытты дұрыс үнемдей отырып, оқушылардың шығармашылық және сын тұрғыснан ойлауға мүмкіндіктер қамтамасыз ету.

- Оқушылардың өз бетінше ойлауға, өз ойларын еркін айтуға мүмкіндіктер беру.

Жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді, білімнің сапасын көтереді.

Жоғарыда атап көрсетілген сабағымда қолданған стратегиялар оқушылар үшін болашақта ізденуге көп мүмкіндіктер береді деп ойлаймын және келешектеде осы технологияны басқада сабақтарымда пайдаланатын боламын.Экологиялық негіздерді ала отырып баланы табиғатпен таныстыру- балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.

























Пайдаланған әдебиеттер



  1. « Биология және салауаттылық негізі » журналы

  2. Б.А.Тұрғынбаева « Дамыта оқыту технологиялары » Алматы 2000 ж

  3. М.М. Жанпейісова « Модульдік оқыту технологиясы » Алматы 2002 ж