Биология пәні Сабақ жоспары 9 сынып.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Биология 8 сынып кун-----------

Сабақтың тақырыбы Тыныс алу қозғалыстары Өкпе

Сабақтың мақсаты: Өкпенің құрылысына, тыныс алу және шығару қозғалыстарына, өкпеде болатын газ алмасу, ұлпа алмасу процесстеріне топтық жұмыс барысында сипаттама беру.

Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға ағзадағы тыныс алудың маңызын, өкпенің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік: оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек-сызбалар, электронды оқулық.

Барысы: І Ұйымдастыру: а) дайындығы;

Б) немен танысады.

ІІ. Үй тапсырмасын тескру.

І. Өткенді білемізбе? Сұрақтар.

1.Тыныс алу жүйесі өте маңызды қандай қызмет атқарады? (газ алмасу)

2. Тыныс алу мүшелеріне не жатады? (мұрын,аңқа, көмей, кеңірдек бронхы)

3.Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді? (көмей)

4. Көмей шеміршектерінің арасында қандай сілемейлі қабаттар болады?

(2 дыбыс сіңірі)

5. Ұзындығы 9-13 см өңештің алдында орналасқан түтік. (кеңірдек)

6. Диаметрі 0,2-0,3мм қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады (альвеолла)

7. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.(көмекей)

8. Қан жасушалары- лейкоциттердің мұрынқуысы үшін маңызы қандай?

(микробтарды жояды)

9.Дыбыс сіңірлері арасындағы кеңестік не деп аталады? (дыбыс саңылауы)

10.Тыныс алу органдарының ішінде ең үлкен орган? (өкпе)

ІІІ. Жаңа сабақ. «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы» бейнеленген суреттер Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, кеуекті мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе болады:

  • Оң жақ өкпенің жүлгелері – үш бөлікке

  • Сол жақ қкпені екі бөлікке бөледі.

Екі өкпенің біріне – бірі қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, ауатамырлары, жүйкелер  өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпеқап қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да астарлықпен астарланады. Астарлық қабаттарының арасында астарлық қуыс болады, онда ауа болмайды. Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан, тыныс алғанда созылады. Өкпе көпіршіктері жүйке жүйесімен тығыз байланысты.

Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тынысшығару арқылы жүзеге асады. Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет — диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі.Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен ауатамырлардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп, қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттер қысылып жиырылады. Тынысалуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тынысалу типі ал көкет белсенді қатысса «құрсақты» тынысалу типі дейді.

Өкпедегі газ алмасу –тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79 % — азот, 21% — оттек, 0,03 % — көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тынысалу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттегі – қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Оттегін тасушы – гемоглобин.

Ұлпалардағы газ алмасу – ұлпа жасушаларындағы оттегінен артерия қанындағы оттегінің мөлшері көп болады. Оттегі қылтамырлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, оландың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Ұлпаларда қан оттегін беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады :

  • сыртқы (өкпелік)

  • газдардың қан арқылы тасымалдануы.

  • ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.

Балалар, «өкпе» дегеніміз не? Ол қайда орналасады? Қалай ойлайсыңдар, адамда өкпе нешеу? Және неше бөліктен тұрады?

Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде қантамырлары көпболғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Қкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толыпжатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікке жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша - өкпе плеврасы (грекше «pleura» - бүйірі, маңы)  қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

Өкпе көпіршіктері серпінді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен байланыстыратын жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.

Адам 1 минутта неше рет тыныс алады?

Тынысалу қозғалысы. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16-18 рет.Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. (Бұлшықеттерді естеріңе түсіріңдер).Тыныс алғанда көкеттің тегістелуі бұлшықет талшықтарының жиырылуынан болады. Тыныс алғанда  кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп, ауаға  толады. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырға аралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі  кішірейеді. Көкет күмбезденіп қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Тынысалуға қатысатын  бұлшықеттер босаңсып, көкет күмбезденіп көтеріледі.жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттері қосылып жиырылады.Тыныс алуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тыныс алу типі дейді. Бұл көбіне әйел адамдарда байқалады. Көкет белсенді қатысса - «құрсақты» тыныс алу типі дейді, бұл ер адамдарда болады.

VІІ. Үйге тапсырма беру 40 параграф оқу



































[link] бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды

ІІІ. Сабақты бекіту.. Сөзжұмбақ шешу.

1. Қазақ халқы мен үндіс нәсілінің арасында ұқсастық бар екендігін айтқан ғалым.
2. Нәсілдердің бір тобы.
3. Нәсілдер туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалым.
4. Әлеуметтік дарвинизм теориясын сынаған қоғам қайраткері.
5. Нәсілдердің бір тобы.
6. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.
7. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.
8. Әлеуметтік дарвинизм теориясын орыс ғалымы.
9. Нәсілдердің Солтүстік Америкада тараған тобы.

Шешуі: Монголоид.
ІV. Үйге тапсырма беру.
VІ. Оқушыларды бағалау. 217-226 бет оку































































Өзін-өзі тану 11 сынып кун-----------------

Сабақтың тақырыбы: Ағайын - ер ырысы

Сабақтың мақсаты: Отбасы әдебі,ағайын – туыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: Отбасының,ағайын – туғанның қадір – қасиетін ұғындыру.Туыстық атаулардың мәнін ашу.

Ағайын,туыс арасындағы сыйлаымды қарым – қатынасымның мәнін ұғындыру.

Ағайынды сыйлауға , құрметтеуге,салт – дәстүрді дәріптеуге,қадірін білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру. Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап,жағдаяатты шешу.

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру II Өткенді пысықтау

«Отбасы,отау,отағасы,отанасы» деген ұғымдарды қалай түсінеміз?

Отбасы негізі дер ойлайсыз?

Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

Отбасы берік болуы үшін ерлі зайыптылар бойында қандай қасиеттер болуы шарт.

Отбасын құру үшін өзіңе қандай талаптар қоясын және отбасын құруға дайынсыңба?

Бала тәрбиесінде қандай отбасы ережелерін білесің?

Ұй жұмысын тексеру: Отбасы ережесі ішінен өзің таңдаған ережеге өз ойларын жазып келу.

III Жаңа сабақ: Өздеріңіз айтып өткендей адамгершілік қасиет ,саналылық барлығы отбасынан бастау алып,тұла бойына сіңеді екен.Отбасында адам бойына сіңіріп өсетін тәрбиенің бірі бұл - сыйластықты ұғыну.Олай болса бүгін біз «Ағайын - ер ырысы» атты тақырыптың мәнін ашып,ұғынбақпыз.

Шаттық шеңбері: Оқулығымызда қаз дауысты Қазыбек бидің ағайын туралы жырын барлығымыз оқып,талдайық.

Тілек тілеу.Ағайын – туысқандық деген ұғымдар ата – бабадан бізге мирас болып келе жатқан дәстүр.Қазақ ағайын,жегжат,туыстық қ/қатынасқа ерекше мән берген халық.Ешкім де туысқан – туғансыз,ағайынсыз емес..Ағайын туыс дегеніміз сол бір түбірден өскен бір ағаштың бұтақтары тәрізді.Көрген тәрбиесі,алған нәрі,бұрынғыдан қалған мирас мурасы,алпыс екі тамыры арқылы тұла бойға тараған қаны бір. Ағайынды қадір тұту,оларды сыйлау,қиыншылық кезеңде қол ұшын беру,қуанышына ортақтасу,бір – біріне тілектеc болып және әр адамның міндет

 ІІІ Жаңа сабақ

Өздеріңіз айтып өткендей адамгершілік қасиет ,саналылық барлығы отбасынан бастау алып, адамның тұла бойына сіңеді екен.Отбасында адам бойына сіңіріп өсетін тәрбиенің бірі бұл - туыстықты,сыйластықты ұғыну.Олай болса бүгін біз «Ағайын - ер ырысы» атты тақырыптың мәнін ашып,ұғынбақпыз.

Әңгімелесу

Біздің бүгінгі сөз ететін қарым-қатынас түрі бұл үйлесімді қарым-қатынас.Қарым –қатынас жасау адамның ұлтына,салт- дәстүріне, мінез құлқына, темпераментіне және жас ерекшелігіне тікелей байланысты.Әсіресе сыйластық ұғымына қарым-қатынас ұғымына қазақ халқы ежелден мән беріп, оны салт –дәстүрмен ұштастырып күні бүгінге дейін жеткізіп келеді.

«Ағайын тату болса –ат көп, абысын тату болса –ас көп» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Туыс-туғандардың қадірін алғаш қашан байқадың?

Қазақ халқының бауырмалдығы туралы қандай шығармалар оқыдың?

Мәтінмен жұмыс

А.Әбдіразақовтың «Ағайын» өлеңі берілген.Осы өлеңді төмендегі сұрақтар арқылы талдау.

Ағайынды өз қалауыңша таңдап алуға бола ма?

Ағайынмен тату болу үшін не істей алар едің?

Кестемен жұмыс

Ақсақал және ел ағасының ауыл жастары арасында үлкен сыйласымды қарым-қатынас орнаған.Ақылшы, әр іске төрелік жасаған, күрделі істерді шешкен.

Бата беру; ас қайыру; ат байлар.

Ағасы бардың жағасы бар;

Ата тұрып ұл сөйлегеннен без;

Ер адамның киімін аяқ асты етуге болмайды.

Келін

Келін өзі түскен жеріндегі әулеттің күйеуінен үлкен адамның алдында өте сыпайы, кішіге қамқор бола білген

Сәлем ету, қайын ағалары мен іні-сіңілеріне ат қойған. Келінге үй көрсету, бастаңғы беташарт.б

Келіні жақсы үйдің , керегесі алтын;

Келін бойын жасырады,даусын таудан асырады;

Абысын тату болса, ас көп.

Үйге оң аяқпен аттату;

Бетін ашуға ағайындардың ибалы келіндерге ұсыныс еткен;

Құда

Қазақ құдаларын құдайындай сыйлаған, төрден орын берген

Киіт беру, құда шақырып қонақ асы беру

Құда мың жылдық;

Назар аударуға М.Ниязбековтың мәтіні ұсынылған. Мәтінде туыстық қатынастың сабақтастық тобы анықталады

Өз жұрты –күншілдеу

Қайын жұрты –сынышыл

Нағашы- ізетті

Мәтінмен жұмыс

Ф. Оңғарсынованың « Бауырластарыма» өлеңін оқып, талдау.

Бауыр, туыс-туған, ағайын-жекжат туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

Өз бауырларыңа қандай тілектер айтар едің?

6.Дәйексөз

Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол

Н. Наушабекұлы

ІV. Үйге тапсырма

95-98 бет оку «Менің алтын тұғырым» тақырыбына өз отбасы туралы фото –көрме ұйымдастыру