Бекітемін:
Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев
Сабақ жоспары
Сабақ :
Күні:
І топ ІІ топ
Тақырыбы: Жалпы биолоогия негіздерінің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Білімділігі:
Дамытушылығы: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелілігі: адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайдтар, карточкалар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- сынып тазалығын тексеру
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгендеу
-оқушылардың зейіндерін жаңа сабаққа аудару
Жаңа сабақты түсіндіру
Гүл дегеніміз – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл бүршіктің өсу нүктесінен дамиды.
Гүлдің құрылысы. Гүл бөліктеріне аталық, аналық, гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша және күлте жатады. Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмайтын гүлдерді отырмалы гүлдер дейді(беде, астра). Гүл табаны – гүл сағағының жоғары жағындағы кеңейген жері. Гүлдің барлық бөлімдері гүл табанына бекінеді. Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке-жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Күлте тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады, саны біреуден бірнешеге дейін жетеді. Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер қызғалдақ, көкнәр, итмұрында болады.
Гүлсерік - тостағанша мен күлте жапырақшадан тұрады. Гүлсерік жай және қос болып бөлінеді. Жай гүлсерікте тек тостағанша немесе керісінше күлте жапырақшалары ғана болады. Қос гүлсерікте тостағанша да, күлте де болады.
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі. Гүлде бірден бастап жүздеген аталыққа дейін болады. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және кеңейген жері тозаңқаптан тұрады.
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі генеративті бөлігі. Гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
Дұрыс гүлдер арқылы бірнеше симметриялық бөліктерге бөлуге болады. Бұрыс гүлдер арқылы тек бір ғана бөлікке бөлуге болады. Ассиметриялы гүлдерде бірде-бір симметрия жүргізуге болмайды.
Гүлдер мынадай қызмет атқарады:
озаңқапта тозаң түйіршіктерінің пайда болуы;
жатында тұқым бүршігінің пайда болуы;
тозаңдануды қамтамасыз ету;
ұрықтануды қамтамасыз етеді;
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Бір үйлі және қос үйлі өсімдіктер. Бір гүлде аталық пен аналық болса қос жынысты, гүлде тек аталық немесе аналық болса дара жынысты болып саналады. Тек аталығы болса аталық гүл, аналығы болса аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі. Аталық гүлдері бір өсімдікте, аналық гүлдері екінші өсімдікте болса екі үйлі деп аталады. Жыныссыз гүлдер де болады. Оларда жынысмүшелері (аталық мен аналық) дамымайды.
Жаңа сабақты бекіту
Гүл дегеніміз не?
Гүл бөліктеріне жататындар?
Гүл сағағы дегеніміз не?
Гүлсерік дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді?