11 сыныпта биология пәнінен
Мектеп компонентіне арналған күнтізбелік жоспары
Тақырыбы: Адам экологиясы
Түсінік хат
Бүгінгі таңда білім беру саласын жеке тұлғаны дамытуға бағыттау,оқыту мазмұнының құрылымына жаңаша қарауды талап етеді.Күтілетін нәтижеге бағытталған жаңа білім беру жүйесі білім мазмұнын меңгеру үрдісінде оқушылардың құзыреттіліктері мен өмірлік дағдыларының қалыптасуын,оларды әлеуметтендіруді қамтамассыз етеді.
Соңғы жылдары Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштер төмендеді,бала туу мен халықтың табиғи өсімі азайды,өлім мен аурушаңдық артты.Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту-бұл тәндік,зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру.Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын және экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда қолданбалы курс маңызды роль атқарады.
Қолданбалы курс 34 сағатқа негізделген.
Курс мақсаты:
Салауатты өмір салтын ынталандыру,ана мен баланы қорғау,нашақорлық пен темекі және ішімдік тұтынудың алдын алу,тағамның сапасын жақсарту,экологиялық мәдениеті мен құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Соңғы он жылдықтықтарда техногенді сипаттағы зиянды заттармен биосфераның ластануы байқалады.Тірі организмдер мен адам денсаулығына ең қауіптілеріне ксенобиотиктер-радионуклеотидтер,ауыр металдар қосылыстары,органикалық қосылыстар – ДДТ,инсектоцидтер,гербицидтер,пестицидтер,дәрілік және косметикалық заттар,күкірт пен көміртегінің диоксидтері,нитраттар,нитриттер,тағамдық зиянды қоспалар және т.б.
Білім алушылардың экологиялық құзыреттілігін нәтижелі қалыптастыру, оқу-танымдық үрдісін құзыреттілік тұрғыдан ұйымдастыру курстың басты мақсаты болып табылады.
Курстың маңыздылығы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің барлық Жолдауларында мемлекеттің мықты болуы білім мен ғылымды дамытуға байланысты екенін айтып келеді. Осы жолы да: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр,» деген еді [1].Курсты меңгерту барысында оқушылардың теориялық білімдерін практикада сынауға мүмкіншілік беріліп, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіш қасиеттері қалыптасады,оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытады,оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.
Курс міндеттері:
Оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда таным белсенділіктерін арттыру;
Экологиялық білім саласындағы теория мен практиканы ұштастыру;
Оқушылардың бірнеше бағыттағы –интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық,экологиялық т.б білімінің,біліктілігінің,көзқарастарының интеграцияланған жүйесі ретінде қарастырылатын жеке тұлғалық көзқарастары мен құндылықтар арасында өзара байланыс;
Концептуалды ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқу үдерісін ұйымдастыру
Курсқа қызығушылықтарын арттыру;диалогтік әдіс-зертеушілік әңгіме т.б
Топтық жұмыстар, ұжымдық әрекеттер арқылы ,яғни үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Бағалауда қалыптастырушы бағалауды қолдану
Күтілетін нәтижелер:
Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
Танымдық қабілеттері дамиды.
Экологиялық мәдениеттері мен құзыреттіліктері қалыптасады.
Қоршаған ортаға сауатты қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренеді
Бағдарлама мазмұны
І. Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері. 8 сағат
Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері.Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің әсері.Электромагниттік сәулелер.Ядролық қаруды қолданудың әсері.Ағзаның жылу реттелуіне ауаның физикалық қасиеттерінің кешенді ықпалы.
Ағзаның метеотропты реакциясы.Адам ағзасына қысымның әсері.Дыбыстың адам ағзасына әсері.
ІІ. Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері. 12 сағат.
Ауа ластануының адам денсаулығына әсері.Көлікпен ластану.Су көздерінің химиялық ластануы.Топырақтың ластануының адамға әсері.Канцерогенді заттар.Микотоксиндер.Тыңайтқыштардан қоректену өнімдеріне түсетін компоненттер. Азық-түліктегі пестицид қалдықтары.Азық өнімдерінің ыдыстан,ораған материалдардан,инвентардан, жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы.Берік органикалық қосылыстар. Диоксиндер. Алкогольдің ағзаға әсері. Онкологиялық аурулардың алдын алу.
ІІІ. Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары. 8 сағат
Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы.Тағам сапасы мен денсаулық.Тиімді тамақтанудың 12 ұстанымы.Емдік тағамдар.Емдік ашығу.Ағзадағы су теңгерімі.Судың сапасының ағзаға әсері.Адамның денсаулығын сақтауда кальций мен микроэлементтердің маңызы.Тағамдық қоспалардың зиянды әсері
IV. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері. 5 сағат
Фитотерапия.Аромотерапия.Апитерапия.Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.Рефлексотерапия.
V. Қорытынды. 1 сағат
І. Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері. 8
1
Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері.
1
2
Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің әсері.
1
3
Электромагниттік сәулелер
1
4
Ядролық қаруды қолданудың әсері.
1
5
Ағзаның жылу реттелуіне ауаның физикалық қасиеттерінің кешенді ықпалы.
1
6
Ағзаның метеотропты реакциясы
1
7
Адам ағзасына қысымның әсері.
1
8
Дыбыстың адам ағзасына әсері.
1
ІІ. Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері.
12
9
Ауа ластануының адам денсаулығына әсері
1
10
Көлікпен ластану
1
11
Су көздерінің химиялық ластануы.
1
12
Топырақтың ластануының адамға әсері
1
13
Канцерогенді заттар.
1
14
Микотоксиндер.
1
15
Тыңайтқыштардан қоректену өнімдеріне түсетін компоненттер.
1
16
Азық-түліктегі пестицид қалдықтары
1
17
Азық өнімдерінің ыдыстан,ораған материалдардан,инвентардан,жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы
1
18
Диоксиндер.
1
19
Алкогольдің ағзаға әсері
1
20
Онкологиялық аурулардың алдын алу.
1
ІІІ.Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары.
8
21
Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы.
1
22
Тағам сапасы мен денсаулық.
1
23
Тиімді тамақтанудың 12 ұстанымы
1
24
Емдік тағамдар
1
25
Емдік ашығу.
1
26
Ағзадағы су теңгерімі.Судың сапасының ағзаға әсері.
1
27
Адамның денсаулығын сақтауда кальций мен микроэлементтердің маңызы
1
28
Тағамдық қоспалардың зиянды әсері
1
IV.Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.
5
29
Фитотерапия
1
30
Аромотерапия
1
31
Апитерапия.
1
32
Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.
1
33
Рефлексотерапия.
1
34
V.Қорытынды.
1
Қолданылған әдебиеттер
«Мәңгілік ел» идеясы білімнің арқасында жүзеге асады» Н.Жәрімбетова. «Егемен Қазақстан» газеті», 8 ақпан 2014жыл;
Абшенова Л.У.,Аимбетова Г.Е.,Хобина Н.В. Здоровье и жизненные навыки:Методическое пособие для учителей.Алматы,2007
Әбшенова Л.Ү,Заирова Б. Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары:мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы.Алматы-2013
11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»
Мерзімі :
Сабақ тақырыбы: Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері.
Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.
Сабақ міндеті:
оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Қолданатын модульдер :
Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрзеңдері Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
10 мин
Білу
1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық
3 Топқа бөлемін.
Әр топ парталарына өз атауларын қоямын
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.
А4 қағаздар
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
30 мин
Жаңа сабаққа түсінік береді.
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада - ақ таралады.
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану.Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады.Қазақстанда ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады.
Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3, 0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай шығып тұрады. Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын.
Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе) ; Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.
Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК – 5 мг/м3 Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Көліктің түрлері: автокөліктің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады. Әрбір жағымды әсердің түріне бір жағымсыз әсерді сәйкес келтіруге болады. Мәліметтер кестеде көрсетілген.
Автокөліктің қоршаған ортаға әсері
Жағымды әсерлер Жағымсыз әсерлер
Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы
Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе теңдіктің бұзылуы.
Ғылыми техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру
Атмосфераның пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы
Өндірістік процестерге көліктің енгізілуі, тауарлар өндірісінде жаңа айналыстардың қысқаруы (тауарлардың жылдам жеткізілуі) Жол көлік оқиғаларында адамдардың өмірінің қиылуы
Жеке тұлғаның еркіндігі мен тәуелсіздігін сезінуі
Қорытынды
5 мин
Инсерт –сиратегиясы
Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?
Үй тапсырмасы:
11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»
Мерзімі :
Сабақ тақырыбы: Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің әсері..
Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.
Сабақ міндеті:
оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Қолданатын модульдер :
Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрзеңдері Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
10 мин
Білу
1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық
3 Топқа бөлемін.
Әртоп парталарына өз атауларын қоямын
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.
А4 қағаздар
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
30 мин
Жаңа сабаққа түсінік береді.
Күн сәулесінің радиациясы-күннен шығатын интегралды (бүтін) бірыңғай сәуле ағыны. Физикалық тұрғыдан алғанда күн радиациясы – толқын ұзындығы әр түрлі электромагниттік сәулелер. Олардың жер бетіне жеткенге дейін, атмосфераның әр қабаттарында сіңіру, шашырау және шағылысу салдарынан спектрлік сипаттамасы өзгереді.
Атмосфераның шекарасында:
Ультракүлгін сәулелер-5%
Көзге көрінетін сәулелер-52%
Инфрақызыл сәулелер-43%
Ал жер бетінде:
Ультракүлгін сәулелер-1% толқын ұзындығы 290-400нм
Көзге көрінетін сәулелер-40%, толқын ұзындығы 400-760нм
Инфрақызыл сәулелер-59%, қысқа толқынның ұзындығы 760-1400нм ұзын толқынның ұзындығы 1500-2800нм
Күннің көтерілу биіктігі жоғарылаған сайын күн сәулесінің тіке түсуі көбірек, ал шашырап тарауы азырақ болады. Күн сәулесінің өзгеруіне атмосфералық ауаның тазалығы, ауа - райының жағдайы көп әсер етеді.
Күн сәулелерінің қуаты ағзаға фотобиологиялық әсер етеді. Біріншіден олар фотосинтез процесінің жүруіне ықпал етеді. Екіншіден, күн сәулесінің арқасында біз көру қабілетіне және сыртқы ортаны бағдарлауға мүмкіншілік аламыз. Үшіншіден, күн сәулесінің әсерінен ағзада ақуыздар мен ферменттер ыдырайды, ал кейде зиянды өзгерістер (мутация), қатерлі ісік пайда болуы да мүмкін.
Биологиялық қасиеті жағынан ағзаға күннің ультракүлгін түсті сәулесі аса пайдалы. Ол жер бетіне 290-400 нм толқын ағымымен келеді. Ауа райы бұлтты күні оның қуатының 80%, ал шаң-тозаң кезде 11-50% кемиді.
Ультракүлгін сәуле тері бетіне түсіп жасушалар мен ұлпаларда ақуыздың өзгеруіне және рефлекторлы жолмен терінің сыртқы және ішкі рецепторларына әсерін тигізеді. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың алмасуына пайдалы, ағзаны сауықтырады, шынықтырады.
Ультракүлгін түсті сәуленің жеке өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Мысалы, 400-320 нм ұзындықтағы толқындары теріге тисе қызартып-қарақошқылдандырады, 320-275нм толқыны теріде Д дәруменінің түзілуіне себепкер, соның нәтижесінде мешел ауруының алдын алуға болады. Бұл толқындағы ультракүлгін сәулелер бактериоцидтік қасиетке ие, яғни қоршаған орта (ауа, су, жер қыртысы) санациясы жүреді. Ең қысқа толқыны 275-180нм биологиялық ұлпаны жарақаттайды.
Атмосфераның жоғарғы қабатында ультракүлгін сәулелерді озон қабаты ұстап қалады. Атмосфераны ластаушылар да ультракүлгін сәулелерді 50% дейін жібермейді. Сондықтан тек қана қиыр солтүстіктің тұрғындары ғана емес, ауасы шаңданып ластанған өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары да “Ультракүлгін сәуле тапшылығын” бастан кешіруі мүмкін. Бұл топқа сонымен бірге инсоляция, күн сәулелері түспейтін бөлмелерде жұмыс істейтін жұмысшылар да жатады (көмір, тау-кен өндірісіндегі жұмысшылар, метро салушылар). Олар үшін ультракүлгін түсті сәуле шығаратын жасанды лампылар, мысалы арнайы фотариялар ұйымдастырылады.
Осындай жасанды сәуледен өткен адамдардың көңіл күйінің жақсарғаны, суыққа және жұқпалы ауруларға төзімділігінің артқаны, жұмысқа қабілеттілігінің көтерілгені дәлелденген.
Ультракүлгін түсті сәуленің зияны бар ма? Бар, мысалы күнге немесе лампаға шамадан тыс қыздырынса тері күйеді, көзден жас ағып, жарыққа қарай алмайды (фотоофтальмия) т.с.с.
Қорытынды
5 мин
Инсерт –сиратегиясы
Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?
Үй тапсырмасы:
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»
Мерзімі : 19.09.2015ж
Сабақ тақырыбы: Электромагниттік сәулелер.
Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.
Сабақ міндеті:
оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Қолданатын модульдер :
Стратегиялық іс-әрзеңдері Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
10 мин
Білу
1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.
А4 қағаздар
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
30 мин
Жаңа сабаққа түсінік береді.
Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері [link] жылы Францияның Лион қаласында қатерлі ісіктің пайда болу себептерін зерттеуші халықараық сарапшылар атмосфера ауаның 32 түрлі химиялық және физикалық Канцерогендік заттармен ластануының өкпе қатерлі ісігімен сырқаттануға тікелей қатысы бар екендігін анықтаған. Олардың қатарына асбест құрамындағы крокидолит пен хризотил, күкірт, азот, көміртектің қос және шала тотықтары, сынап, күшәлә, қыша газы, никель, хром, ванадий, кадмий, бериллий, висмут қоспалары, қорғасынды альдегид, ароматты көп циклды көмірсутектері (бензапирен, толуидин), радиоактивті элементтер, ауыр радон газы, нитраттар мен нитриттер, т.б. жатады. Атмосфера ауаның аталмыш канцерогендік газды-аэрозольді заттармен ластануының негізгі көздері мыналар: өндіріс орындары мен кәсіпорындар (асбест, хром, уран, әр түрлі түсті металдарды өндіретін өндіріс орындары, металлургиялық, мұнай өңдеуші заттар, т.б.); жылу жүйесіне пайдаланатын органик. отындар (тас көмір, мазут т.б.); жол құрылысына пайдаланатын битум мен асфальттың құрамындағы көмірсутек шайырлары; автокөліктер мен ұшақтар отынының қалдықтары; органикалық минералдық тыңайтқыштар. Канцерогендік заттардың организмге зиянды әсерін болдырмау үшін олардың табиғатта таралуын анықтап, алдын-алу шараларын дұрыс жүргізу керек. Ол үшін ауаның, судың және топырақ жамылғысының өндіріс қалдықтарымен ластануына жол бермей, азық өнімдері мен ауыз суға Канцерогендік заттардың еніп кетпеуін қадағалау қажет.
Қорытынды
5 мин
Инсерт –сиратегиясы
Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?
Үй тапсырмасы:
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»
Мерзімі : 12.12.2015ж
Сабақ тақырыбы: Микотоксиндер.
Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.
Сабақ міндеті:
оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Қолданатын модульдер :
Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрзеңдері Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
10 мин
Білу
1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.
А4 қағаздар
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
30 мин
Жаңа сабаққа түсінік береді.
1. Микотоксиндер (грек.микес-саңырауқұлақ) - микроскоптық зең саңырауқұлақтарының екінші метаболиттері болып табылады. Азықтар мен тағам өнімдерінен 30 мыңға жуық зең саңырауқұлақтардың түрі алынған. Олардың көбін жоғары токсинді метаболиттер бөліп шығарады, жекелей айтқанда 120-дан аса МТ. Биологиялық тұрғыдан МТ-дер микроскоптық саңырауқұлақтармен алмасып олардың тіршілігіне және әртүрлі экологиялық орындарда тіршілік ету орыны үшін бәсекелестікке бағытталған қызмет атқарады. Ал гигиеналық тұрғыдан бұлар азықтық және тағамдық өнімдерді ластайтын қауіпті улы заттар.
ФАО мәліметтері бойынша (1984) 30 млрд.руб. артық тұратын азықтық және тағамдық өнімдердің 10% жыл сайын зең саңырауқұлақтарының ластануы нәтижесінде құрытылады. Бұл сәйкестік осы уақытта да бар.
Тағам өнімдерінде және тағамдық шикізаттарда келесідей жоғары токсинді МТ-дер кекң таралған: афлатоксиндер, стеригматоцистин, охратоксин, патулин, исландитоксин, рубратоксин, цитреовиридин және т.б.
Тағам өнімдерінің ластануында қызығушылық танытпайтыны АТ Мв, ол АТ Вt-ның метаболиті болып табылады және жануарларда ластанған азықты қолданғаннан кейін сүттен бөлінеді.
Саңырауқұлақтардың дамуы мен АТ өнуі арахис пен арахис ұнында байқалады, дәнді дақыл өнімдерінде (бидай, сұлы, жүгері, тары және олардың ұнында), бұршақ тұқымдастарда, сүтте, етте, жұмыртқада және т.б. сирек кездеседі. Саңырауқұлақтың өсуі мен дамуында оптималды жағдай: t 20-30°С, ылғалдылық 85-90%. АТ-дер саңырауқұлақтары төмен температура мен ылғалдылықта белсенділігі төмендейді.
АТ-дер токсикалық әсердің кең спектрімен сипатталады.ЛД50 (ең аз мөлшері зерттелген жануарлардың 50% өлімін тудырады) АТ В^ - адам үшін 2 мг жуығы дене салмағының 1 кг-ын құрайды. АТ-дер тудыратын ауру афлатоксикоз д.а.
АТ-нің токсикалық әсер ету механизмінің ннегізгі қызметі – клеткаішілік құрылымның мембраналық өткізгіштігінің бұзылуы және ДНҚ мен РНҚ-ның синтезінің төмендеуі жатады. Соңғысы митохондриялық ақуыздар мен липидтердің, басқа да алмасу процессінің синтезінің бұзылуына әкеледі, бұл клиникалық аурулардың қатарында кездеседлі. Жалпы токсикалық әсерлермен қатар, АТ-дер канцерогенді, мутагенді, тератогенді, гонадотоксикалық және эмбриотоксикалық белсенділігі көрінеді, бұл алиментарлы афлотоксиндердің алдын алу мәсеклелерін белсенді етеді.
Рационның сапалық және сандық құрамы АТ-ның токсикалық әсеріне көп әсер етеді. Бұл әсер алмастырылмайтын май қышқылының, ретинолдың және ақуыздың жетіспеуінде күшейеді. Сонымен қатар ақуыз артық болғанда канцерогендік әсердің ккүшеюі байқалады, бұл АТ мен олардың метаболиттердің детоксикациясына жауапты ферменттер – эпоксидигидролаза мен глутатионтрансферазаның белсенділігінің төмендеуімен түсіндіріледі.
ВОЗ мәліметтеріне сәйкес, жақсы гигиеналық жағдайдағы адам тәуліктік рационмен 0,19 мкг дейін АТ қолданылады, бұл организмге кері әсер тигізбейді. Бірақ та АТ-ның тәуліктік дозасы жоғарылаған сайын бауыр ісігінің ауруы әсер байқалады.
Патулин- пеницилл және аспергиллалармен бөлініп алынады, бұл зеңденген жеміс-жидектерден алынған өнімдерде кездеседі. Жемістер мен көкеністердің шырынында, езбелердегі патулиннің ересектер үшін ПДК көрсеткіші 50 мкг/кг құрайды, ал балалар үшін 20 мкг/кг.
Микотоксикоздардың алдын алу шараларының жүйесі тағам өнімдерінің санитарлы-микологиялық сараптамасында болады. Оған қоса, АТ-мен ластанңан шикізаттар мен тағамдық өнімдердің деконтаминация мен детоксикация әдістерін зерттеуге аса үлкен мән беріледі. Осы мақсатта механикалық, физикалық және химиялық әдістер қолданылады:
- механикалық – ластанған материалдықолмен не электронды-калориметрлік әдіспен бөлу;
- физикалық – тенрмиялық өңдеу, ультаркүлгін сәуле;
- химиялық – тотықтырғыштардың, күшті қышқылдардың және негіздердің ерітінділерімен өңдеу.
Қорытынды
5 мин
Инсерт –сиратегиясы
Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»
Мерзімі : 19.12.2015ж
Сабақ тақырыбы: Тыңайтқыштардан қоректену өнімдеріне түсетін компоненттер.
Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.
Сабақ міндеті:
оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Қолданатын модульдер :
Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрзеңдері Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
10 мин
Білу
1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.
А4 қағаздар
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
30 мин
Жаңа сабаққа түсінік береді.
Тыңайтқыштар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 10. Тыңайтқыштар осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс. 11. Биуреттің (карбамид үшін) массалық үлесі 2 %-дан аспауы тиіс. 12. Фосфорлы тыңайтқыштар мен топырақ жақсартушы заттар үшін табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі 4000 Бк/кг аспауы тиіс. 13. Органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштардың биологиялық қауіпсіздігі: 1) патогенді бактериялардың; 2) гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының; 3) ішектік патогенді қарапайымдылар цисталарының; 4) синантропты шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарының жоқтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. 14. Тыңайтқыштар үшін бөлшектеп сатуға арналған тыңайтқыштарға қойылатын сақтау мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі белгіленеді. 6. Тыңайтқыштарды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар 15. Тыңайтқыштар, оларды ғылыми негізделген нормаларда пайдалану кезінде: 1) топырақтағы, ауадағы (ұшатын қосылыстар бар болған кезде), су объектілеріндегі және ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі қауіпті және улы заттар: радионуклидтер, ауыр металдар мен күшала тұздары, полициклды ароматты көмірсутегі және төзімді органикалық ластағыштар құрамының гигиеналық нормативтерден асуына; 2) топырақтың табиғи микробиоценозының бұзылуына; 3) қоршаған орта объектілерінде адамға қауіпті патогенді микоофлоралардың, гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының, ішектік патогенді қарапайымдылар цисттерінің, энтерококктердің және басқа да қауіпті биологиялық агенттердің пайда болуына жол бермейтіндей етіп әзірленуі және өндірілуі тиіс. 16. Өндірістің қалдықтары негізінде жасалған тыңайтқыштар үшін қолданудың арнайы регламенттері және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі ұсынымдар әзірленеді. Бұл ретте: 1) тыңайтқыштың сапалық және сандық құрамын және ол тұратын барлық компоненттердің қауіптілік сыныбын (улы элементтердің жалпы құрамынан басқа олардың суда ерігіштік және жылжымалы нысандарының массалық үлесі көрсетіледі); 2) радиоактивтілігін, оның ішінде техногенді негіздегі радионуклидтердің (тиімді үлестік белсенділігі) бар-жоғын; 3) тыңайтқыштың қауіптілік сыныбын; 4) тыңайтқыштың микробиологиялық және паразитологиялық сипаттамаларын ескеру қажет. 17. Құрамында азоты бар тыңайтқыштарды пайдаланудың әзірленетін регламенттері өсімдік шаруашылығы өнімдерінде гигиеналық нормативтерде белгіленнен көп нитраттардың жиналуына әкелмеуі тиіс. Бұл ретте, құрамында азоты бар тыңайтқыштардың қауіпсіздік паспортында жалпы азот құрамын көрсетумен бірге, оның нитратты нысанының құрамы да көрсетіледі. 7. Тыңайтқыштар өндіру процесінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 18. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындарда авариялық жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар көзделуі тиіс. 19. Кәсіпорынның технологиялық жабдықтары: 1) жұмыс сұйықтықтарының ағып кетуі мен шашырау мүмкіндігін, қызмет көрсетуші персоналдың олармен тікелей жанасуын болдырмауы; 2) барлық қауіпті заттардың қоршаған ортадан барынша оқшаулануын қамтамасыз етуі; 3) тазалау мен техникалық қызмет көрсету процестерінің қауіпсіздігі мен жеңілдігін қамтамасыз етуі тиіс. 20. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындар атмосфераға шығарылатын шығарындыларды тазалау, ағынды суларды жинау және тазалау (залалсыздандыру) бойынша құрылыстармен (қондырғылармен) жарақтандырылуы тиіс. 21. Тыңайтқыш өндірісі бойынша әрбір кәсіпорында: 1) процестің негізгі сатылары бойынша технологиялық режимдерді және өлшемдік параметрлерді, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін; 2) қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың сипаттамасын; 3) санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын өндірістік бақылау жүйесі енгізілуі тиіс. 22. Өндірістік бақылау жүйесі: 1) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар концентрациясын бақылауды; 2) қоршаған орта объектілерінде санитариялық қорғаныш аймағының (СҚА) шегінде зиянды заттардың болуын; 3) шаң-газ тұтқыш құрылғылар мен тазалау құрылыстарының тиімділігін бақылауды қамтуы тиіс. 23. Тыңайтқыштар өндіру кезіндегі жұмыстар жеке қорғаныс құралын қолдану арқылы жүргізіледі. 8. Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар 24. Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыстарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа астында сақтауға рұқсат етіледі.
Қорытынды
5 мин
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»
Мерзімі : 26.12.2015ж
Сабақ тақырыбы: Азық-түліктегі пестицид қалдықтары.
Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.
Сабақ міндеті:
оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Қолданатын модульдер :
Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрзеңдері Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
10 мин
Білу
1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.
А4 қағаздар
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
30 мин
Жаңа сабаққа түсінік береді.
ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ТАМАҚТЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІҢ САПАСЫНА ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ Қазіргі кездегі ауылшаруашылық өндірістерінде егінді көбейту үшін, өсімдіктердің өсуін реттеуде және қорғауда, өндірісті және мал өсіруді жоғарлату мақсатымен химиялық заттардың кең ассортименті: пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, қоректік қосымшалар, антибиотиктер қолданылады. Осыған байланысты, тамақтық азық-түліктердің нитраттармен, пестицидтермен және басқа да қауіпті қосылыстармен ластану мәселесі қазіргі кезде өте өзекті болып отыр. Ауылшаруашылығында жиі қолданылатын химиялық заттардың ішінде тамақтық азық-түліктеррді ластаушы және тұрғындардың денсаулығына әсер ететін, неғұрлым қауіпті болып пестицидтер саналады. Пестицидтер – жәндіктертрді, кеміргіштерді, өсімдіктерді, ауруының қоздырғыштарын және жануарлардың паразиттерін жою үшін арналған, сонымен қатар өсімдіктердің өсуін реттеуші және десиканттар, дефолианттар ретінде қолданылатын химиялық заттар, қосылыстар, олардың химиялық және биологиялық текті қоспалары. Пестицидтер, әдеттегідей, адамға да қатысты жоғары биологиялық белсендікке ие. Сондықтан да, 60 жылдардың өзінде-ақ тұрғындарға қауіпті, оның ішінде тамақтық азық-түліктерді қабылдау кезінде алдын алуға бағытталған пестицидтерді қолданудың гигиеналық регламентация жүйесі құрылған. Ауылшаруашылық өндірістерінде енгізуге ұсынылған барлық пестицидтер алдын ала токсикологиялық-гигиеналық бағалаудан, сонымен қоса ауылшаруашылық мамандықтарының мекемелерінде іске асатын биологиялық белсенділікті бағалаумен қатар өтеді. Бұл зерттеулер мемлекеттік сынамалар атымен аталады және зиянкестермен, өсімдіктердің ауруларымен күресетін химиялық заттар бойынша мемлекеттік комиссияның пестицидтерді тіркеуімен аяқталады. Пестицидтерді токсикологиялық-гигиеналық бағалаудың негізгі міндеттері зерттелетін заттардың мүмкін болатын патогенді қасиеттерін анықтау, осы патологияларды шақыруға қабілетті дозасын анықтау, және ең бастысы, препараттардың қасиеттерін және оларды қолданудың әр түрлі жағдайларын ескере отырып тұрғындардың денсаулығы үшін қауіптілікті ғылыми болжау. 4 қаңтар 2000 жылы № 1023 Қазақстан Республикасында қолдлануға рұқсатталған өсімдіктерді қорғау шараларын мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу сынақтарын жүргізудің арнайы ережелері бар. Бұл құжат міндеттейді, біріншіден, әр препаратты екі-үш лабораториялық жануарлар түрлерінде жедел және созылмалы токсинді препараттарды асқазанға, тыныс жолдарына, сонымен бірге тері жамылғыларына әсер етіп зерттеуді; екіншіден, организмде жиналу мүмкіндіктерін, организмнің функцияларына, ұрпаққа теріс әсер ету мүмкіндіктерін, сонымен қатар кемтарлық, ісіктер, аллергиялық реакциялар, мутация шақыруға қабілеттілігін тексеру. Егер жануарлардың организмінде препараттардың ыдырау нәтижесінде жаңа, аса токсинді қосылыстар түзілсе, токсикологиялық бағалауға және гигиеналық регламентацияға пайда болған өнімдер де жатады. Қоршаған ортададағы пестицидтердің нақты құрамын анықтау мақсатымен гигиеналық зерттеулер (тамақтық азық-түліктер, топырақ, су, ауа), тағамның тамақтық құндылығына олардың әсері және экологиялық мақсатта миграциялануы қарастырылған. Жаңа пестицид бұрынғы препарттарға қарағанда токсинділігі төмен және адамның денсаулығына қауіпті емес болуы керек. Гигиеналық талаптарға сәйкес ауылшаруашылығында ең алдымен адам және жылықанды жануарларға аз токсинді препарттар енгізіледі. Кейбір жағдайларда күшті әсер ететін және жоғары токсинді заттар рұқсатталады, бірақ олардың түрлері мен қолдану әдістері адам организміне қауіпсіздігін куәләндыру керек (түйіршіктер, микрокапсулалар, аппликатор көмегімен енгізу т.б.), тек зооцидтер және кейбір ұрықтарды улайтындардан басқа (берілген талаптарға жауап беретін препараттар әлі жаратылмаған). Ыдырау мерзімі бір жылдан артық, сонымен қатар ыдырау нәтижесінде немесе басқа неғұрлым токсинді заттармен қатынаста және айқын кумуляцияға ие төзімді түзілу өнімдерорганизмде тұрып қалатын және сүтпен шығарылатын, айқын аллергенді қасиетпен және ісік, кемтарлық, мутация ж.т.б. қабілеттілікке иезаттар енгізуге жіберілмейді. Қауіптілікті бағалау үшін пестицидтердің арнайы гигиеналық жіктелуі өңделген. Өкінішке орай, лабораториялық жағдайда зерттелетін препараттың әсерінен теріс зардаптары әрқашан анықталмайды. Қазіргі кезде 50-ен артық пестицидтерді қолдануға тиым салынды. 1972 жылдың өзінде ауылшаруашылықта осы күнге дейін кейбір елдерде қолданылып жүрген және тамақтық азық-түліктерді ластаушы болып табылатын алдрин және диэдрин сияқты жоғары токсинді препараттарды қолдануға рұқсат етілмеді. Қолдануға сонымен қатар жоғары токсинді мышьяк, сынапты препараттар
Қорытынды
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен