Зәр шығару жүйесінің құрылысы 8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі


____________ К.Унгарбаев –––––––––Б.Жұмағалиева ––––––––Т.Қашқымбаева


«––––»––––––––––– «––––»––––––––––– «––––»–––––––––––


1 сабақ


«Ұштаған орта мектебінің биология пәні мұғалімі Курмашев Бакытжан Алтаевичтің 8 «б» сыныбына арналған биология пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зәр шығару жүйелерінің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері туралы білімін жетілдіру; организмнің зат алмасу процесінің соңғы өнімдерінің шығуының мәнін және олардың адам организмінен шығу жолдарын қарастыру.

Міндеті:

Б. Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының ерекшеліктерін ашып көрсету; атқаратын қызметіне сай бүйректің құрылысын анықтау.

Д. Зат алмасу өнімдерінің организмнен өз уақытында шығып отыруы туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту, кестелермен және суреттермен, кітаппен жұмыс істей білу. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Т. Өзінің денсаулығына дұрыс қарауды, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді

  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.

  4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.


Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтық оқыту),

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Ассоциация, (топтастыру (кластер) стратегиясы, автордың орындығы, семантикалық карта)

3-модуль –бағалау,

4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық),

7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)


Қадамдар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Топпен жұмыс

  3. Оқулықпен жұмыс

  4. Термин сөздермен жұмыс

  5. рефлексия

  6. бағалау


Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру

  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

  3. Топқа бөлу

  4. Семантикалық карта тарату

  5. Термин сөздер тарату

Оқушының іс-әрекеті

І. Үй тапсырмасын тексеру

Блум таксономиясы

Білу

1-тапсырма. Модуль СТО, Ассоциация әдісі

(постерде орындау)

І топ

  1. Өсімдіктерде энергетикалық алмасудың маңызы қандай?


ІІ топ

  1. Жануарларда энергетикалық алмасудың маңызы қандай?


ІІІ топ

  1. Адамда энергетикалық алмасудың маңызы қандай?


Түсіну

2-тапсырма. Модуль СТО, Кластер әдісі (топтастыру)

Организмде қалдық өнім қалай шығарылады?

І топ

  1. Өсімдіктерде қалдық өнім қалай шығарылады?


ІІ топ

  1. Жануарларда қалдық өнім қалай шығарылады?


ІІІ топ

  1. Адамда қалдық өнім қалай шығарылады?


Қолдану

3-тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Модуль АКТ. СТО, Автордың орындығы әдісі. Оқулықпен жұмыс.

І топ

  1. Зат алмасу өнімдерін сыртқа шығарудың маңызы.


ІІ топ

  1. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы. Бүйректің құрылысы.


ІІІ топ

  1. Бүйректің микроскопиялық құрылысы.


Талдау

4-тапсырма. Модуль СТО, әдісі: Семантикалық карта


Жинақтау

5-тапсырма. Термин сөздермен жұмыс. Глоссарий.


І топ

Бүйрек астауы –

Нефрон –


ІІ топ

Қыртысты зат –

Бүйрек қақпасы –


ІІІ топ

Ми заты –

Артериола –


Бағалау

Топты бағалау

Өзін өзі бағалау


Рефлексия



















Үйге тапсырма. § 51 оқу. Зәр шығарудың құрылысы мен қызметі, маңызы.


































Сабақ бойынша мұғалім жазбасы.

1 – әрекет. Әлеуметтік –сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky,1978; Wood,1998) осы Бағдарламада айтылған Оқушыларды белгіленген аттарына қарай (қызғалдақ, құлпынай, таңқурай, қарақат) 4 топқа бөле отырып, сыныпта бірлескен топтық орта құрдым. Ондағы мақсат топ арасында оқушыларда зейінділік, байсалдылық қалыптастыру.Үй тапсырмасын диалогтық оқыту әдісі арқылы топқа берілген сұрақтар арқылы топ арасында диалог жүргізу арқылы тексердім.

2 – әрекет. Қызығушылықты ояту мақсатында СТО технологиясының миға шабуыл әдісі бойынша сұрақтар берілді. Жаңа сабақтың мағынасын ашу мақсатында СТО технологиясының INSERT әдісі бойынша мәтін үлестіріледі.

3 – әрекет. Кейс-Стадидің топтағы жұмысты құрылымдау, яғни топ құрамын қайтадан жаңартып құру кезінде топ жұмысының сапасы артады деген тұжырымына орай ЖИГСО-1,2 әдісі арқылы мозайка құрастыру жұмысын ұсындым.Топқа постер арқылы шығармашылық жұмысты қорғау тапсырылды. Нәтижесінде топ ішінде қозғалыс, жаңа табыс көзі пайда болып, балалардың белсенділігі артып, көпшілігінің жауабы қанағаттанарлық деңгейде болды. Бұл Кейс-Стадидің талантты да дарынды балаларды анықтауға бағытталған әдіс-тәсілі болса да балалардың ынта-жігерін оятуға,сөйтіп тақырыпты оқушылардың меңгеруіне жол ашты.

4-әрекет. Топ берілген тапсырма бойынша АКТ пайдаланып, тапсырманы орындады. АКТ-ны қолдану барысында үш білім саласы бойынша технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім беріледі, яғни жаңа технология оқуды жақсарту жағынан өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, ықпалдасуын қамтуы керек. (Мишра және Келер 2006) Бұл жерде сандық технологияны пайдалану арқылы оқушыны сандық технологияны пайдалануға, уақытты тиімді пайдалануға, интернет жүйесі арқылы оқушы өзіне керекті мәліметті ала алады және әртүрлі слайд дайындау арқылы мүмкіндігін аша алады.

5-әрекет.Топ жауаптарын мұқият тыңдап мадақтап отыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі, диалогтік оқыту әдісі. Сыни тұрғыдан ойлау модулі, сыни тұрғыдан пікірін айту. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулі, топ ішіндегі формативті бағалау әдісі жүзеге асады.

20 балдық бағалау критерийі бойынша:

«5»19-20 балл

«4»15-18 балл

«3»11-14 балл

20 балдық бағалау нәтижесінде

«5» - 3

«4»-10

«3»-5

Қатысқаны 19. Оқушының сапасы: 68%